Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Кабинет меңгерушісі (бөлім)



бет45/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

7-параграф. Кабинет меңгерушісі (бөлім)

      162. Лауазымдық міндеттері: Көпшілікке арналған ойындарды, ұжымдық және ойын қарым-қатынасын өткізеді.

      Білім беру ұйымдарында көріністер, көңілді кештер, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырады.

      Сценарийлер, тақырыптық бағдарламалар әзірлеуге, балалардың ұжымдық бос уақытын өткізуге қатысады.

      Өткізілетін іс-шаралардың көркемдік безендірілуін, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға қатысады.

      Дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайды.

      Балалардың мәдени-жалпы іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.

      Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрттен қорғау нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.

      Оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайды жасауды қамтамасыз етеді. Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.

      Ата-аналарға және оларды алмастыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлерге консультативтік көмек көрсетеді.

      Әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық қоғамдастықтардың қызметіне қатысады.

      163. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика, психология негіздерін,

      білім беру және мәдени-ағарту жұмыстарының мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың басқару құжаттарын,

      тарих пен өнер теориясының негіздерін, ойындар мен ойын-сауықтың пайда болуы және тарихы, олардың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызметін, аудиторияны жандандырудың, ұжымдық ойынға көпшілікті тартудың,

      жалпы ойын-сауық іс-шаралардың драмалық құрылуының,

      дайындықтар мен сабақтарды жүргізудің әдістемесін, мәдени ұйымдастырушылардың озық тәжірибелерін,

      экономика негіздерін,

      еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      164. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе қайта даярлығын растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      165. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) " педагог-модератор":

      педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      балалармен бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыра білуі,

      әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына қатысуы тиіс.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі,

      балалар мен жасөспірімдердің даму деңгейін есепке ала отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі,

      педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.

      3) " педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      эксперименттік жұмыстардың әдістемесін меңгеруі,

      жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуі, оларды апробациялау жұмыстарын жүргізуі,

      шығармашылық топқа жетекшілік жасауы тиіс.

      4) "педагог-шебер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      эксперименттік жұмыстардың әдістемесін меңгеруі,

      жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуі, оларды апробациялау жұмыстарын жүргізуі,

      шығармашылық топқа жетекшілік жасауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет