Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Мектепке дейінгі ұйымның қазақ, орыс тілінің мұғалімі



бет7/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

5-параграф. Мектепке дейінгі ұйымның қазақ, орыс тілінің мұғалімі

      21. Лауазымдық міндеттері: қазақ, орыс тілінің мұғалімі оқылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады.

      Қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізіледі.

      Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдесу.

      Оқытудың әртүрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты пайдалану, инновациялық технологияларды меңгергу.

      Жоспарлауға ғылыми-әдістемелік көзқарасты жүзеге асырады, дамытушылық оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалдарды пысықтайды және түзете алады.

      Бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлейді.

      Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілігін арттырады.

      Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      22. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін,

      еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді,

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.

      23. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бойіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат, тиісті бойіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтілі талаптары қойылмайды;

      Біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін 2 жылдан кем емес, педагог-сарапшы үшін 3 жылдан кем емес, педагог-зерттеуші үшін 4 жылдан кем емес.

      24. Тиісті санатты алу үшін жауапкершілікті анықтайтын біліктілік талаптары:

      1) "педагог" (санаты жоқ):

      санаты жоқ қазақ, орыс тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      бағдарламалық материалдың мазмұнын білуі,

      мектепке дейінгі тәрбие әдістемесін білуі,

      жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыруы,

      шеберлік пен дағдылардың даму деңгейіне диагностика жүргізуі,

      мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысуы,

      инновациялық тәжірибені зерделеуі тиіс,

      баланы дамытудың пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ресімдеуге қатысу,

      ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру,

      тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін ескере отырып тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану.

      2) "педагог-модератор";

      Санаты жоқ "педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс:

      бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу;

      инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдану,

      әр түрлі жастағы топтарда шеберлік пен дағдылардың даму деңгейіне диагностика жүргізу,

      мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысу, білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөйлеу, баланы дамытудың пәндік-кеңістіктік дамытушылық ортасын қайта құруға белсенді қатысу, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу,

      білім беру ұйымдарында кәсіби біліктілігін арттыру,

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау,

      білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      педагогикалық кеңестерде сөйлеуі, өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы,

      ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау дағдысын меңгеру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау: білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/ қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы.

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы керек, сонымен қатар:

      оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеудің дағдылары мен іскерліктерін меңгеруі,

      аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысуы,

      балалардың зерттеу дағдыларын дамытуы,

      қалалық, облыстық конкурстарға балалардың қатысуын жүзеге асыруы,

      тәлімгерлікті тәжірибеге енгізу;

      көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен қарым қатынас жасау дағдыларын меңгеруі,

      мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану,

      аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы,

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтау, облыстардың/республикалық және елордалық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау, облыстардың/ республикалық және елордалық қалалары деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келу, сонымен қатар:

      жаңа бағдарламалар мен педагогикалық технологияларды меңгеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу;

      республикалық деңгейдегі шығармашылық конкурстарға қатысу қорытындысы бойынша балалрдың көрсеткіштерінің болуы;

      республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмыстарға белсенді араласу; республикада тәжірибені трансляциялау және енгізу;

      республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен автор) бола алуы немесе авторлық бағдарламалары болуы;

      жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі; тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейінде кәсіби қауымдастық желісін дамытуды жоспарлау,

      халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет