Коучинг жоспары



Дата11.01.2017
өлшемі0,8 Mb.
#7448
түріСабақ
КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ:

Тақырыбы: Диалогтық оқыту арқылы сын тұрғысынан оқытуды енгізу.

Мақсаты: Диалогтық оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибеге енгізу және қолдана білу.

Жалпы мақсат:Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыда ойланта отырып, мұғалімдердің

қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.



Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.

К.Д.Ушинский

Күтілетін нәтиже: Диалогтық оқытудың тәсілдерін біледі, оқу үдерісінде қолданады.

Түйінді идея: Тілді білімді құру құралы ретінде қолданып, ұжымдық нәтижеге жету үшін топтасып

жұмыс жасауға бағыттау.



Қажетті материалдар: флипчарт, маркерлер, стикер, тапсырмаларды орындауға арналған қағаздар,бейнероликтер,

призентациялар.



I кезең.Танысу



Сессия кезеңдері

Уақыты

Коучингтің іс-әрекеті

Коучинг қатысушылардың іс-әрекеті.

1

Cәлемдесу

2 мин

Сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу

Коучинг сабақтың мақсаттарымен танысады

2

Сергіту (тыңдалымды айқындау)

3 мин

«Күлмес қыз» ойыны

1. Неліктен ханның қызы ешқашан күлмеген деп ойлайсыздар?

2. Күлмес қыздың күлуі үшін не жасар едіңіз? – деген сұрақтарға жауап береді



3

Проблеманы айқындау

5 мин

Зерттеушілік әңгіме туралы түсінік беру

Мұғалімдердің зерттеушілік туралы түсініктері қалыптасады.

4


Теориялық материалдар

45 мин


1. Сыни ойлауға суреттер көрсету (слайд) (1-қосымша) (Бала, отбасы, дүние мүлік) 2. Диалогтық оқыту таныстырылымы.(слайд)

Сұрақтарға жауап беру.

Тыңдау.


Сұрақтарға жауап беру.

5


Рефлексия


10 мин



«Бес сауақ» әдісі бойынша сабақтан алған әсері туралы пікірін жазу


Қатысушылар өтілген сабаққа байланысты «кілт» сөздер стикерлерге жазып, постерге жабыстырады.Сөздер қайталанбайды.




Бағалау










Жалпы мақсат:

Диалогтік оқыту арқылы мұғалімдер мен оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін
көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру


  • Қолданылатын әдіс тәсілдер: Диалог . Зерттеушілік әңгіме. Топтық жұмыс . Бағалау АКТ




Сергіту сәті «Күлмес қыз» ойыны. «Баяғыда бір ханның қызы болыпты. Ол ешқашан күлмейді екен. Сол себепті хан қызы Күлмес қыз атаныпты”.

Сұрақ: “Неліктен ханның қызы ешқашан күлмеген деп ойлайсыздар?” Жауаптарыңызды дәптерлеріңізге жазыңыздар. Уақыт: 2 минут . Сұрақ:



  • Күлмес қызды күлдіру үшін сіз қандай іс – әрекет жасар едіңіз?

  • Жауаптарыңызды дәптерлеріңізге жазыңыздар. Уақыт: 3 минут Сергітудің мәні: “Бұл жазғандарыңыз Күлмес қыздың проблемасы емес, сіздер өз проблемаларыңызды жаздыңыздар!”

Топқа бөлу: Әр топтан бір-бірден бүгін азанда отбасыңызда немесе жұмыс жайыңызда естіген қандай да бір жағымды сөздеріңізді еске түсіре отырып атасаңыздар ...

  • Қатысушылардың айтқан сөздерінен үш сөзді тақтаға жазып қойып, әрқайсысына кезекпен оқытып, сол бойынша 3 топқа бөліп алу керек . Сұрақ: Диалог дегеніміз не? Әр топтан бір-бір адам жауап беру керек.

  • Диалог – адам өмірінің мәні мен мақсаты. Диалог-екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы. Мұнда екі жақтың құқықтары бірдей болғандықтан, диалогты демократия-лық қоғамдағы қарым-қатынастың басты нысаны деп атауға болады. Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, диалогты әрбір адам өзімен де жасайды. Диалогтың екі түрі бар. 1. “Мен - Ол” 2. “Мен - Мен”

  • 1. Басқамен жасалған диалог.

  • 2. Өзіңмен-өзің жасаған диалог




Суретке назар аударыңыз!

1. Суретте не бейнеленген? 2. Мұның біз, мұғалімдерге не қатысы бар?

  • Бала, отбасы, дүние-мүлік деген тірек сөздерді қатыстыра отырып, топта жұп-жұп болып диалогтік әңгіме құрастырасыздар (Әр топтан болғасын 2 жұптан оқиды). Уақыты: 5 минут

  • Диалогтік әңгімені дамыту. Ғылыми зерттеулер нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсердің зерттеуінде әңгімелесу білім алудың ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Әңгіме – дебат. Топтық әңгіме. Зерттеушілік әңгіме

  1. Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде: Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

  2. Әркімнің идеясы пайдалы ретінде ұсынылғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;

  3. Қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды;

  4. Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, әңгімеде дәлелдеме көрінеді;

  5. Қатысушылар келісімге келуге тырысады (олар келісімге жетуі де, жетпеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу)

СТО отырып, осы ролик бойынша :1 Зерттеушілік әңгіме жүргізе отырып, 4 әйелге де дәптерлеріне немесе А - 4 параққа сипаттама беріп, ойларын жазады. 2. Постерге ВЕНН диограммасын жасайды. 3. Үш топтан топбасшылар ортаға шығып, зерттеген әңгімелерін қорғайды. 4. Роликтің шешімін көрсетіп, әр топ өздерін салыстырады. Қаншалықты сәйкес келеді?


Коучинг 2 жұлдыз, 1 тілек арқылы бағаланды.
«Ә.Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдиева Н. У.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет