Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Өндірістік оқыту шебері



бет83/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

20-параграф. Өндірістік оқыту шебері

      299. Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді.

      Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді.

      Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.

      Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады.

      Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды.

      Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді.

      Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.

      Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.

      Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады.

      Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді.

      Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

      300. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

      басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін,

      баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

      301. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе жұмыс стажына талап қойылмайды немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

      Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша педагог-шебер – 5 жыл.

      Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.

      302. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

      кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі, сандық білім беру ресурстарын;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

      оқытудың инновациялық түрлерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады,

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды: білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

      4) "педагог - зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

      облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

      облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

      5) "педагог - шебера":

      "педагог-зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

      авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды,

      республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет