Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет87/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

24-параграф. Педагог-ассистент

      315. Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алушыларға оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұнын меңгеруге көмек көрсете отырып, оқуға жәрдемдеседі.

      Білім алушыларды білім беру процесіне қосылуға көмектесіп, шешім қабылдауға, лайықты ақпаратты таңдауға ықпал ете отырып, сондай-ақ оларға өз оқу процесін ойластыруды ұсына отырып және оны жақсарту тәсілдерін ұсына отырып басқарады.

      Білім алушының жетістіктерін, оның қызметін және жұмыс сапасын қадағалай отырып, оқу процесін басқарады және пайда болған қиындықтарды шешуге көмектеседі.

      Нақты пәнді және (немесе) модульді меңгеруде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді, білім алушының оқу мақсаттарына қол жеткізуі үшін табысты оқыту критерийлерін белгілейді және түсіндіреді және оларға кедергілерді жеңуге көмектеседі.

      Білім алушыларға оқу уәждемесін ұсынады, оларды практикада қолдануға итермелейді, оларды ойлауды талап ететін талқылауларға және интерактивті пікірталастарға тарту, білім алушыларды олардың зерттеулері мен бастамаларына қолдау көрсетеді.

      Білім алушыларға түрлі жұмыстарды орындауға көмек көрсетеді, оларды тексеру мен бағалауды жүргізеді, оқуға байланысты академиялық немесе жеке мәселелерді шешуге көмектеседі.

      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындайды.

      316. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім алушылардың білім және тәрбие мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді.;

      Педагогика және психология негіздері; пәннің мазмұны және оны практикалық қолдану;

      мамандық бейіні бойынша негізгі технологиялық процестер мен жұмыс тәсілдері;

      экономика және өндірісті ұйымдастыру және басқару негіздері, еңбек туралы заңнама;

      білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлері, әдістері және прогрессивті технологиялары;

      оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер.

      317. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл. педагог-шебер үшін-5 жыл.

      318. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      дефектологқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      оқытудың жаңа әдістемелерін апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;

      озық тәжірибені зерттеу, оны тәжірибеде қолдану.

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      оқытудың жаңа әдістемелерін апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;

      алдыңғы қатарлы тәжірибесі;

      оны тәжірибеде қолдану;

      тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыру, олардың әлеуметтенуін талдау және мониторинг дағдысы болуы;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу.

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды оқытуды талдау әдістерін меңгеру;

      шығармашылық семинарларды басқара білу;

      озат педагогикалық тәжірибені енгізуді;

      дефектологияның заманауи әдістерін меңгеру;

      оларды пайдалану құқығына сертификаттары болу;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

      өзінің кәсіби құзыреттілігі саласында тиісті теориялық және практикалық білімді меңгеру.

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименталды жұмыс әдістерін меңгеру;

      жаңа бағдарламаларды әзірлеу;

      оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстар жүргізу;

      арнайы педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау;

      өзінің кәсіби құзыреттілігі саласында тиісті теориялық және практикалық білімді меңгеру.

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      ғылыми-зерттеу, эксперименталды жұмыс әдістерін меңгеру;

      жаңа бағдарламалар әзірлеу, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстар жүргізу;

      арнайы педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау;

      өзінің кәсіби құзыреттілігі саласында тиісті теориялық және практикалық білімді меңгеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет