Б.Т.Лихачевтің пікірі бойынша ғылыми дүниетаным ағартушылық, тəрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық жəне болжамдық функцияларын қарастырады
Ғылыми дүниетанымның негізгі компоненттері мен мəні
И.Ф. Харламов ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің төрт түрін көрсетеді. Олар: ғылыми білімдер жүйесі; дүниеге көзқарас; сенім; адам мұраты.
Білім ғылыми шындықтар жүйесі. Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тəжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың жəне қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім кез келген жағдайда адамның дүниетанымын анықтай бермейді.

Білім адам үшін субъективті мəн алуы, яғни оның көзқарастары, сенімдері, идеал құруының негізі болуы керек.
Ғылыми білім тұлға дамуының жəне оның дүниетанымы қалыптасуының үлкен тірегі. Міне, осының нəтижесінде білім əр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.
Көзқарас жеке адамның табиғи жəне əлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Сенім көзқарастың жоғары сапалы жағдайы. Сенім деп тұлғаның ішкі позициясына айналған білімдерді айтуға болады. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Сенім тұлғаның рухани əлемін құндылықтарын, қызығушылықтарын, сезімдерін, іс-қимылдарын) анықтайды. Олар адамды қоғам өмірі талаптарына, қажеттіліктеріне сəйкес іс-əрекет жасауына бағыттайды.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірлік ұмтылысы.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірлік ұмтылысы.