Педагогические науки
Мектепке дейінгі баланың онтогенезде сөйлеу тілінің
қалыпты даму жағдайлары
Боранбаева С.Т., Онласынова Г.К.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Сөйлеу тілі - биологиялық алғышарт негізінде, ең алдымен орталық жүйке жүйесінің қалыпты функционалды дамып жетілуімен туындайды. Дегенмен, сөйлеу тілі-әлеуметтік функцияның маңызды бір бөлігі болғандықтан, оның дамуына бір биологиялық алғышарт жеткіліксіз, ол баланың үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы туындайды. Баланың жақын эмоционалды адаммен қарым-қатынасқа түсуі маңызды роль атқарады, яғни анасымен.
Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі өмірлік тәжірбиеде қалыптасады. Ол баланың алғашқы өмірінің 2 айында оның физикалық қажеттіліктері мен жаңа әсері негізінде туындайды. Қарым-қатынасқа түсу құралдары ішінде экспрессивті-мимикалық, заттық іс-әрекеттік құралдармен жүзеге асады, біз оны вербальдық кезеңге дейін деп атаймыз.
Дәл осы кезеңде балада адамның дауысын қабылдау сезімталдығы қалыптасады, адамның дауысы мен дыбысын салыстырғанда физикалық нысанға бірінші күшіне, ұзақтығына, құрамына және биіктігіне тең. Баланың сөйлеу тілінің дамуына, пайда болуына қарым-қатынас маңызды роль атқаратынын, мамандардың зерттеулері дәлелдейді. Баланы қоршаған ортадан шектету (отбасы, балалар тобынан т.с.с.) депривациялық жағдай болып қарастыралады, баланың психикалық бәсеңдеуіне әсер етеді.
Егер бұл жағдай ұзақ уақытқа созылса, психикалық депривация жағдайы пайда болады. Әсіресе сөйлеу тілінің дамуына эмоционалды депривация кері әсер етеді. Соған сәйкес бала туылғаннан бастап жеткіліксіз қанағаттанбайды, оның аффектілі қажеттіліктерінде орын алады және бәрінен бұрын бала жылулыққа, мейірімге, махаббатқа мұқтаж. Мұндай жағдай, жағдайы төмен отбасыларында, ішімдік қолданатын ата-аналар отбасында, анасының жоқтығынан, баланың алғашқы күннен бастап жетімдер үйінде тәрбиеленуінен, тәрбиелеу жұмысына аз көңіл бөлгендіктен жиі қалыптасады. Л.С.Выготский алғаш рет баланың психикалық дамуын оқыту мен тәрбиелеу маңызды екенін алға тартты. Қазіргі уақытта бұл жағдай нейрофизиологиялық зерттеулерде мақұлданды және ары қарай дамуының жалғасын тапты. Баланың миына әр түрлі ақпараттар легі тез жетсе соғұрлым орталық жүйке жүйелері функционалды және анатомиялық қарқынды жұмыс істейтіні дәлелденді. Жеке функционалды жүйенің стимуляциялық дамудың мүмкін болатын шектері толықтай қарастырылмаған. Дегенмен, қарқынды түсетін ақпарат баланың физикалық және психикалық жасымен сәйкес болуын ескеру керек, себебі қандай да бір ауыртпалық орталық жүйке жүйесінің жағдайына кері әсерін тигізеді.
Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері дыбыстар, сөздіктер және грамматикалық құрысы болады. Аузыекі сөйлеу тілінде монологиялық және диалогиялық деген екі түрі кіреді. Диалогиялық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше әнгімелесуйілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден ең қарапайым түрі. Монологиялық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы.
Монологиялық сөйлеу тілінің ерекшілігі жүйелікпен дәлелдеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрасын безендіре қалыптастыру болады. Кемістігі бар балалардың диалогиялыққа қарағанда монологиялық сөйлеу тілі бұзылады.
Сөйлеу тілдің ішкі түрі – бұл үнсіз тілі, адам бір нәрсені ойлап, оған жоспар қүрғанда пайда болады. Баланың ішкі сөйлеу тілі негізінде сыртқы және ішкі құрылыстарының негізгі бір бөлігінің ойлауынан қалыптасады.
Сыртқы сөйлеу тілінен көшуі баланың үш жасқа дейінгі шамасында өзінің істеген әрекеттерден естіріп сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінен байқалады. Ішкі сөйлеу тілінің жәрдемімен ойдың сөзге айналу барысы және сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық құрылыстың монологиялық фонетикалық деңгеінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп менгеруге байланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бірнеше жағдайды өту керек.
Бірінші жағдай – фонематикалық есту қабілетінің дамуы және ана-тілі фонемаларды сөйлеуде дағдылану. Екінші жағдай – сөздік қорын және синтаксистік дұрыстығын менгеру, сөзді түсіне бастау. Үшінші жағдайы – сөйлеу тілдің мағыналық жағын игеру.
Баланың барлық сөйлеу тілінің дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: мектеп жасына дейінгі алдандағысы, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындғысы. Мектеп жасына дейінгі алдандағысы шамамен 3 жасқа дейін созылады. Бұл кезенде сөйлеу тілін меңгеруге есіту және сөйлеу аппараттарының қалыптасуы және даындығы жүріп жатады, ол сөздерді түсіне бастайды. Бұл кезенде баланың айныласындағы сөйлеу ортасы маңызды роль атқарады. Баламен неғұрлым көбірек сөйлессе, оның сөйлеу тілі соғұрлым тезірек және жақсырақ дамиды. Лисинаның, Аксаринаның зертеулеріне сүйенсек бұл кезеңде айналысындағыларымен қатынасы болмаған баланың сөйлеу тілінің тоқтағаны байқалады дәлелдеген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте-өте қарқынды дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді менгереді. Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Баланың екінші жылының соңында шамамен 300 сөзге дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді, 5 - 6 жасқа келгенде шамамен 3000 - 4000 сөзді меңгереді.
Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай жеңіл дыбыстарды – дауысты және ерінді, ерінді тісаралық дауссыз п, б, м, ф, в т.б. дыбыстарды меңгереді. Ауыр жолмен пайда болатын ысқырық дыбыстарды және р, л дыбыстарын айту өте қиынға түседі. Сондықта н бұл дыбыстарды жиы алмастырады және ажырата алмайды. Көп жерде бала бұл дыбыстарды дұрыс айталмайды. Сондықтанда ол оларды кейде нашар жаратады. Оның себебі, баланың фонематикалық есту қабілеті жеткілікті дамымағандығы. Мектепке барар алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек, әйтпесе ондай мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергі тигізеді.
Сөйлеу тілінің бай тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында тілдің негізгі грамматикалық зандылығында менгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады және өз ойын білгілікпен сөйлейді. Мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы сөйлемдері грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу тілі дамуының іргесі қаланады, сондықтан бұл жастағы сөйлеу тіліне ересектер жағынан ерекше қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Дәл уақытында ескертіп және жою үшін сөйлеу тілінің әр кезеңдегі бұзылуының себептері қандай болуы мүмкінекендігін тәрбиеші мен мұғалімде білудің өте зор маңызы бар.
Көбінесе сөйлеу тілі бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезенде пайда болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынбен дамуы болса, екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмі қалыптасуы әлі толық аяқталмағандықтан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуына сыртқы күштерінің қандайынан болса да қолайсыз себебі жеткілікті. Бұл кезеңде дислалия, тұтықпа, сөйлеу тілі дамамауы кешеуілі өте жиі байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын-ала ескертуге болады. Ол үшін баланың жалпы тірлігінің және сөйлеу тілінің тәртібін әр түрлі сырқаттардын асқындармауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасаун, сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғатын шамадан артық салмақ салмағын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және логопедтің тіл кемістігінен алдын-ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Бұнда мектепке және мектеп жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиешілермен педагогтар үлкен роль атқарады.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бірмезгілде даму механизмі бойынша ауызша сөйлеу тілі бұзылыстарының түрлі формаларында бақыланады (алалия, дизартрия және т.б) Жалпы сапалық белгілері ретінде сөйлеу тілінің кеш пайда болуы, сөздік қорының жеткіліксіздігі, аграмматизмдер, дыбыс айту бұзылыстары, дыбыс түрлендіру бұзылыстары білінеді.
Дамымаушылық түрлі деңгейде айқындалады, сөйлеу тілінің бұзылыс деңгейіне қарай оларды жалпы мектепте білім алатын, сонымен қатар арнайы білім беруді қажет ететіндер деп бөлуге болады. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстарының ішінде алалия,дизартрияның түрлері, тұтықпаның кейбір түрлері және т.б кездеседі.
Сөйлеу тілінің дамуын үш критикалық кезеңге бөлуге болады.
Бірінші критикалық кезең (1- 2 жас) - бұл сөйлеу тілінің алғышарттарының қалыптасуы. Бұл кезеңде сөйлеу тілінің дамуы басталады, коммуникативті мінез-құлық негіздері қалыптасады. Бір жарым жаста бала фразалық сөйлеу тілін қолдана бастайды, оның енжар сөздік қоры 150 сөзді, ал белсендісі - 50 сөз шамасын құрайды. Осы уақытта Борк аймағындағы сөйлеу тілі қыртыстарының белсенді дамуы жүреді. Критикалық сәт болып 14 - 18 айлық жас кезеңі саналады, онда сөйлеу тілі дамуына болмашы қолайсыз факторлар әсер етеді. Екінші критикалық кезеңде (3 жас) сөйлеу тілінің белсенді дамуы жүреді. Бала қарым-қатынас тіліне көшеді. Бұл жаста келеңсіздіктерді байқауға болады және т.б.
Сөйлеу жүйесінің шамадан тыс жүктелуі нәтижесінде түрлі бұзылыстар, мысалыға тұтығу пайда болуы мүмкін. Бала сөйлеу қарым-қатынасына түспей, тұйықтанады. Кейде мұндай тұтығудың түрін эволюционды деп атайды, яғни баланың нақты жасымен байланысты. Былай болуы мүмкін: мутизм туындап, сөйлеу тілінің дамуы артта қалады.
Үшінші критикалық кезең (6 - 7 жас)- балалардың көпшілігі мектепке барып, психикаға қосымша күш болып табылатын жазбаша сөйлеу тілін меңгере бастайды. Балаға жоғары талаптар қойылады, соның нәтижесінде тұтықпаға әкелетін жүйке жүйесінің ақаулықтары пайда болуы мүмкін.
Жалпы тіл кемістігінің ауыр түрінің алдын алу үшін оларды ерте диагностикалау маңызды орынды алады және уақытында медициналық-педагогикалық көмек көрсету керек. Қауіп тобына арнайы логопедиялық, медициналық көмекті қажет ететін өмірінің алғашқы екі жылында сөйлеу бұзылысының пайда болуында орын алатын балалар жатады. Өз уақытымен балаларды анықтап, сәйкес түзету іс-шараларын жүргізсе, ол ақыл-ойы мен сөйлеуінің дамуына ықпалын тигізеді. Сонда да ЖТК күрделі түрлері орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан туындайды. Көбіне анасынан туылғанда туу жарақатымен, жағымсыз акушерлік анамнезбен және де аз салмақпен, кеміс туылған балаларға көңіл аударады. Сонымен қатар жалпы тіл кемістігінің алдын алу мақсатында әртүрлі физикалық немесе психикалық дамуында ауытқуы бар балалар мен қауіп-қатер тобына жататын балалардың ата-аналарына ұсыныстар мен ескертулерді өңдеу керек. Аналар баламен эмоционалды қарым-қатынаста оның сөйлеуінің қалыптасуына әсер ететінін білу керек. Одан басқа логопед пен психолог аналарды баланың психикалық дамуын қалыптастырудың негізгі әдістерімен жұмысты үйрету қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. Тіл дамыту. Әдістемелік құрал, – Алматы: Алматыкітап, 2000. – 120с.
2. Жукова Н.С., Мастюкова Е.М., Филичева Т.Б. Логопедия. – Екатеринбург, 2000.
Аннотация
Көбінесе сөйлеу тілі бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезенде пайда болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынбен дамуы болса, екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмі қалыптасуы әлі толық аяқталмағандықтан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуына сыртқы күштерінің қандайынан болса да қолайсыз себебі жеткілікті.
Теги
Сөйлеу тілінің дамуы, психикалық депривация жағдайы, психикалық дамуы, психикалық жасы, аузыекі сөйлеу тілі, сөйлеу тілдің ішкі түрі, сыртқы сөйлеу тілі, фонематикалық есту қабілеті, сөздік қоры, сөйлеу тілдің мағыналық жағы, енжар және белсенді сөздіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |