Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және қозғаушы күштері Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» — бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші»


Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар



бет5/9
Дата08.02.2022
өлшемі124,82 Kb.
#119268
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Педагогика – тәрбие туралы ғылым.

Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар
Жалпы алғанда, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары ретінде тҒқымқуалаушылық, орта және тәрбие қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда тҒқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттық қасиетпен қатар жеке адамға тән қасиеттерді де жатқызуға болады.
Тұқымқуалаушылық немесе биологиялық фактор – ата-анасының балаға белгілі бір сапалық қасиеттермен ерекшеліктерінің берілуін жатқызамыз. Тұқымқуалаушылықты таситын "Ген" – грек тілінен аударғанда туа біту деп аталады. Қазіргі ғылым организмнің қасиеттері гендік кодпен шифрланатынын, олар организмнің қасиеттері туралы ақпараттарды сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратындығын дәлелдейді. Тұқымқуалаушылық арқылы әртүрлі нышандар, ойлау, сұйлеу, аурулар берілуі мүмкін. Ата-аналарынан балаға сыртқы бейнелер: дене бітім ерекшеліктері көздің, шаштың, терінің түр-түсі беріледі. Қан ауруларының (гемофиля), қант диабетінің, алкоголизм мен наркоманияның тұқым қуалаушылық сипаты бар. Адамның орталық нерв жүйесіндегі туа біткен ерекшеліктері ретінде - денені тік ұстап жүру, тілдің дамуы, ойлануы, еңбек етуге қабілеттілігі, музыкаға бейімділігі тағы толып жатқан нышан түрінде болады. Адам дамуы бүкіл өмір бойында жүріп жатады. Ол сан алуан дене күші мен психикасы, жағынан, сандық және сапалық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Дене күштері өзгерістеріне – сүйек және бұлшық ет жүйесінің ішкі органдарының, нерв жүйесінің өсуі мен дамуы жатады.
Психикалық өзгерістер, ең алдымен, ақыл-ой жағынан дамуына, жеке басының барлық психикалық сипаттарының қалыптасуы мен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік салдарды алуына қатысты болып келеді.
Абай Құнанбаев айтқандай: “адамдардың біреуі жесем, кисем десе, екіншісі, кұрсем, білсем” – дейді. Адам кұп жағдайда өзін-өзі тәрбиелей отырып, өз білім деңгейін көтеруі тиіс. Адамның әрқашанда алдына қойған мақсатты, ерік-жігері оны жетістіктерге жетелейді.
Адамның басқа адамдармен қарым-қатынасынсыз рухани, әлеуметтік, психикалық дамулардың болуы мүмкін емес.
Сыртқы орта әсеріне географиялық, әлеуметтік, отбасындағы жағдайлар, мектеп, достары, микроаудандарды атауға болады.
Бала кезде адамға үй ішіндегі жағдайлар кұп әсерін тигізеді. Отбасында адамның даму негіздері қалыптасып, бағыт-бағдар алады. Тірі организм үздіксіз өзгеріп, қоршаған ортаға бейімделіп отырады. Климат ауыстырған кезде, басқа климатқа кейбір адамдар тез бейімделіп, ал кейбіреулер ұте қиындықпен бейімделуі мүмкін. Табиғаттың өзі де адамның түсінігіне ішкі дүниесіне әсер етеді, нәр береді.
Климат пен барлық сан алуан табиғат жағдайлары мен ресурстары географиялық орта адамның тіршілік ету салты мен оның еңбек қызметінің сипатына ықпал ететіндігі даусыз.
Биологиялық және әлеуметтік факторлар бір-біріне паралель емес байланыссыз екі фактор. Олар тұлғаға кешенді түрде бірдей әсер етеді. И.Шванцордың кестесі осы тұрғыдан алғанда белгілі – бір қызығушылық туғызады. Бұл кестеде адам дамуындағы үш фактордың қарым-қатынасын суреттейді.

Биологиялық

Әлеуметтік

Биоәлеуметтік

Адам – табиғи тіршілік иесі. Тұлғаның рухани қасиеті биологиялық негіздері болады: ісәрекерт пен даму туа

Адам биологиялық тірі жан болып туғанымен де, ұмір барысында ортаға бейімделіп кетеді. (өзіне жақын әлеуметтік топ

Адам биологиялықта әлеуметтік те жан. Биологиялық
табиғатына психикалық процесі

біткен қабілеттіліктері
Мен инстинктері және адам бейімделетін сырт қы талаптарына сай анықталады. Тәрбие – табиғи дамуды
тегжейтін процесс

ықпалына). Тәрбие – сыртқы орта әсерін реттеуші.

тән. Ал оның
бағытталуынәлеуметтік орта әсері деп білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет