Іс-әрекеттің кез-келген жағдайында анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орынға ие бола алады (мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігінің, іскерлігінің дамуының алғышарттары болып табылады.
Тәрбие мен білім беру барысында адамдардың табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, дамуларының тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек.
Тәрбиенің зор күшін кұптеген прогрессивті педагогтар мойындаған. Мысалы, ұлы чех педагогі Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге нәр береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп тұжырымдаған.
Белгілі педагог А.С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде “қиын”, тіпті “тәрбиесі қиын” балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.
Тәрбие – белгілі бір мақсатқа негізделе отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру процесі. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам ұмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Қазіргі жағдайларда адамның өзақ та арнайы ұйымдастырылған білім-тәрбиесіз ұмірге араласуы ұте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылады. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: “Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нҒсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды”.
Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.