Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және қозғаушы күштері Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» — бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші»



бет4/9
Дата08.02.2022
өлшемі124,82 Kb.
#119268
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Педагогика – тәрбие туралы ғылым.

Педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің іс – тәжірибеде оқу тәрбие жұмысы процесінд алған білімнің, іскерлігінің, дағдысының жиынтығы.
Бірыңғай педагогикалық талап — отбасы мен мектеп үшін педагогикалық ұжым жасаған оқу-тәрбие жұмысының жалпы бағыты.
Педагогика ғылымының жүйесі — педагогика салаларының жиынтығы педагогикалық ғылымның біртұтас жүйесін құрайды.
Педагогика ғылым ретінде зерттеу объектісініе, бағытына, қарастыратын мәселелеріне, профиліне, кәсібіне, саласына, жасаралығына, денсаулығы мен даму, жетілу деңгейіне сәйкес жіктеліп, жүйеленіп ғылыми салаларға бөлінеді.
Жеке тұлғаның дамуы - объективтік шындықтың күрделі процесі. Бұл процесті терең зерттеу үшін қазіргі дамудың құрамдас бҰліктерін, атап айтқанда, тән, психикалық, рухани, әлеуметтік және басқа салаларды жекежеке бҰліп қарастырған дұрыс. Педагогика жеке адамның рухани даму проблемаларын оның барлық басқа компоненттерімен байланысы тұрғысында зерттейді.
Жеке тұлға дамуының заңдылықтары ретінде: ішкі және сыртқы жағдайды есепке алу; іс-әрекеттегі өзін-өзі жетілдіруге байланысты белсенділігін ескеру; өзі қатысатын іс-әрекет мазмұны мен түрткіге байланыстылығы; кұптеген факторлардың әсер етулері басшылыққа алынады.
Ал, оның дамуының қозғаушы күші – қарама-қайшылық. Қарамақайшылық ішкі, сыртқы және жалпы, жеке болып бұлінеді.
Ішкі қарама-қайшылық адамның өз-өзімен келіспеуі барысында туындайды. Мысалы, адам өзінің ағзасының дамуы мен жеке өзіндік потенциалына қанағаттанбауы барысында туындайтын қарама-қайшылықтар.
Сыртқы қарама-қайшылық адамның басқа адамдармен, қоғаммен, табиғатпен қарым-қатынас барысында туындайды. Мысалға, жоғарғы оқу орнының талаптарымен студент тілегі арасындағы қарама-қайшылық туындауы мүмкін.
Жалпы қарама-қайшылық - барлық адамдардың даму барысында туындайды. Яғни, материалдық, рухани қажеттіліктер мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қарама-қайшылықтар.
Жеке қарама-қайшылық жеке бір адам үшін туындаған қарамақайшылық. Қарама-қайшылықты шешу жоғары деңгейде іс-әрекет жасау барысында нәтиже береді. Қажеттілік қанағаттандырылған кезде қарамақайшылық та жойылады. Қарама-қайшылықты шешу барысында адам дамиды, ал даму барысында жаңа қарама-қайшылықтар туындайды.
Жеке тұлға дамуына ішкі, сыртқы кұптеген факторлар әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның ағзасы, қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер.
Жеке тұлғаның қалыптасуына, қоршаған орта аса зор әсер етеді. Яғни, адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлардың әсері. Қоршаған орта макро, мезо және микро болып бұлінеді. Макро-орта дегеніміз – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен ұндірістік қатынастар деңгейі, ұмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Мезо-орта – дегеніміз идеологиялық және діни қатынастар, моральдық нормалар мен құндылықтар жататын адамдар және әлеуметтік топтардың ұмір сүру ортасы. Микро-орталық дегеніміз – баланың араласатан ең жақын ортасы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір ұлшемде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары да әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет