4.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Жеке айтарлықтай дамыған ғылым бола тұрып, зерттеу аумағының нақтылығына қарамастан, педагогика басқа ғылымдардан тыс тіршілік ете алмайды. Тәрбие ісінің объектісі дамушы адам болғандықтан, педагогика ең алдымен адамды зерттейтін ғылымдармен тығыз байланысты.
Адамды қоғамның мүшесі ретінде, биологиялық эволюцияның өнімі ретінде қоғамдық ғылымдар зерттейді, биологиялық ғылымдар, ал ойлаушы, ішкі психикалық әлемі бар (ағза) тіршілік ретінде – психологиялық ғылымдар зерттейді.
Педагогиканың қоғамдық ғылымдармен байланысын неғұрлым тереңірек қарастырайық. Қоғамдық ғылымдар тәрбиенің мәні мен мақсатын анықтауға, адам болмысы мен ойлауының (жалпы) ортақ заңдылықтарының әрекеттерін дұрыс ескеруге көмектеседі.
Қоғамдық ғылымдардан педагогика философиямен тығыз байланысты. Философиялық ілім педагогиканың әдістемелік негізі болып табылады, тәрбие мен оқытудың мақсаттарын маңыздандыруға септігін тигізеді. Философиялық көзқарастар жүйесіне (материалистік, экзистенциалды, прагматикалық, неопозитивистік, т.б.) педагогикалық ізденіс бағыты, оқыту процесінің мазмұны, мақсаты және технологиялық сипаттары тәуелді.
Педагогика биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты. Ол педагогика мен психологияның жаратылыстық-ғылыми базасы болып табылады.
Педагогика атақты физиологтар И.М. Сеченовтің, И.П. Павловтың адамның жүйке-психикалық дамуының бірінші және екінші сигналдық жүйелерінің мәселелері бойынша, психикалық әрекеттің рефлекторлық табиғаты, сезім мүшелерінің дамуы мен қалыптасуы бойынша жазылған іргелі еңбектеріне сүйенеді.
Оқыту мен тәрбиелеудің нақты сұрақтарын шешу үшін еңбек пен демалыс тәртібін құруда жас ерекшелік физиология маңызды орын алады, ол – адам ағзасының құрылуы мен қалыптасу ерекшеліктері туралы ғылым, мектеп гигиенасы мектептегі дәрістердің барлық түрінің гигиеналық ұйымдастырылуы сұрақтарын зерттейді.
Педагогиканың медицинамен байланысы түзету педагогикасының педагогикалық білімдегі арнайы бұтағы ретінде пайда болуына алып келді, оның пәні дамуында кемшіліктері бар балаларды оқыту болып табылады. Медицинамен өзара байланыста ол құралдар жүйесін жасайды, олардың көмегімен терапиялық тиімділікке жетуге болады және балаларды әлеуметтендіру процестері жеңілденеді.
Педагогиканың психологиялық ғылымдармен байланысы педагогика үшін аса маңызды. Адам табиғатының қасиеттерін түсіну, оның жаратылыстық мүмкіндіктерін түсіну тұлғаның дамуын және психикалық әрекет заңдарын, механизмдерін ескеру, сол заңдармен бірге қалыптаса отырып, білім құру (оқыту мен тәрбиелеу) қажет.
Педагогика педагогикалық фактілердің анықталуы үшін, баяндалуы үшін, түсіндірілуі мен жүйеленуі үшін зерттеудің психологиялық әдістерін пайдаланады. Педагогика мен психологияның ағзалық байланысы бірқатар шекаралық ғылымдардан көрініс табады: педагогикалық және жас ерекшелік психологияда, кәсіби педагогикалық әрекет психологиясында, педагогикалық жүйелерді басқару психологиясында, т.б. Педагогиканың кез келген қолданбалы тарауы өз зерттеулерінде психологияның аналогия- лық тарауына сүйенеді..
Сонымен, педагогика адамзаттың жалпы мәдениетінің бөлшегі болып табылады. Ол арқылы жасалған білім беру, тәрбиелеу мен оқыту концепциялары ғылыми және жалпы мәдениеттілік құндылыққа ие.