Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын анықтау.
Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесі 0ырларының анық, қысқа берілуі. Тақырып сол
қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай нысандарға педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.
Зерттеу пәні – нысанды зерттеу қыры, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі,
элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және
заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау,
қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және
практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеу болжамы егер…, онда…, өйткені… деген ұғымдармен байланысып құрылады. Ғылыми зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, оң дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
10. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті
Зерттеушілік мәдениет- педагогикалық құндылықтар мен білім беру технологияларын меңгеруге, үйретуге, жасауға қажетті сапа; педагогке педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, нәтижелерді, заңдарды, теорияларды пайымдауға, болжам жасауға және оның негізінде инновациялық-дидактикалық әрекеттің өз жүйесін құруға мүмкіндік беретін сапасы.
Мұғалімнің зерттеушілік әлеуетін қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру практикасында өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін практикалық бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды.
Педагогтың зерттеу мәдениетінің мазмұнына практик-мұғалімдердің ғылыми зерттеу әрекетінің аппаратын меңгеру, зерттеудің мақсатын анықтау, ұстанымдарды таңдау, әдістерді негіздеу дағдылары және әдіснамалық рефлексия енеді. Педагогтің әдіснамалық дайындығы теориялық пайымдау мен практикалық әрекетті талап етеді.
11. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, әлеуметтенуі
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді. Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдар мен алуан түрлі қарым – қатынастар мен байланыстар негізінде болды деп тұжырымдады.«Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, дамыта отырап, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады. Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына, т.б. белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді.
12. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, әлеуметтенуіндегі негізгі ұғымдар
1. Индивид (лат. Жекелік) адамзаттың еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді.
2. Адам – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
3. Жеке тұлға – 1. әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар; 2. белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.
4. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
5. Жеке тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
6. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
7. Тұқым қуалаушылық – ағзалардың ұрпаққа беріліп, ата-аналық белгілерді басқа ұрпақтарда көбейту қасиеті.
8. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы.
13. Тұлғаның дамуымен қалыптасуына ортаның әсері
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптастыру деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы- күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Педагогика ғылымында "тұлға" , "даму" және "қалыптастыру" ұғымдары жиі қолданылады.
Даму-ол табиғи процесс, соның негізінде адам организмінің сапа және сан жағынан өзгеруінің нәтижесі көрініс береді.
Бала жарық дүниеге келгенде биологиялық тұрғыдан тірі жан иесі, яғни адам туды дейді. Бірақта ол «тұлға» деп аталмайды. Табиғи орта- бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы: ауа райы, жері, суы.
Әлеуметтік орта-жеке тұлғаның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметті қатынас, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасытары көпжақты әрекеттері.
Тәрбие- жеке тұлғаның дамуында жетекші рөл атқарады. Адамның туғаннан ержету кезеңіне дейін дамуы негізінен тәрбие арқылы, мақсатты түрде сырттай ықпал ету жүзеге асырылады.
14. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы тәрбиенің маңызы
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Жеке адамның дамуы мен қалыптасуындағыбасты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |