«Педагогика» (бастауыш сыныптар үшін) пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы


Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны



бет6/8
Дата28.10.2022
өлшемі44,13 Kb.
#155496
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Педагогика» (бастауыш сыныптар шін) п ні бойынша магистратура

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

30



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Талапкер педагогиканың ғылым мен практика ретінде қалыптасуы, педагогика әдіснамасының даму тенденциялары, білім берудегі жаһандану процесі, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құжаттары, білім берудің заманауи тәсілдері, білім берудің жаңартылған мазмұнының ерекшеліктері, Қазақстан Республикасындағы шағын жинақталған мектеп проблемалары туралы қалыптасқан идеяларды көрсетуі керек. Талапкер оқу процесінің негізгі компоненттерінің ерекшеліктерін; тұтас педагогикалық процесте оқу мен оқытудың теориялық аспектілерін, қазіргі қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік мақсаты мен рөлі туралы; болашақ мұғалімнің қызмет нысаны туралы; мұғалімнің үздіксіз кәсіби және тұлғалық қалыптасуының факторлары туралы; педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері және оның даму тарихы, әлемдік педагогикалық мұра; тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы; педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы туралы білуі тиіс.
Тест тапсырмалары «Педагогика» пәні бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалын қамтиды.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдау керек.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін түсушіге 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет