«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет18/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Лекцияның негізгі бөлімі
Бірінші сұрақты баяндауға көшерде үзіліс қажет. Мұндай психологиялық кідіріс тыңдаушылардың зерттелінген материалдың маңызын сезінулеріне, және оны қабылдауға дайындалуларына мүмкіндік береді.
Осы уақытта лектор тыңдаушылардың лекцияны қабылдауға дайындықтарын тексереді (отырыстары, бет әлпеттері, сөздері). Лекцияны қабылдауға дайын емес студенттерді байқаған тәжірибелі оқытушы ынталандырушы сөздерді айтып, селқостарға көз тоқтатып, студенттердің тегі мен атын көп атай бермейді әрі ұзын сонар ескертуге уақытын сарп етпейді.
Материалдың құрылуы мен баяндалуына орай лекция әртүрлі болады.
Жоғары мектептегі көптеген ғалымдар мен оқытушылардың ойынша қазіргі заманғы жоғары оқу орындарындағы лекцияның негізгі кемшілігі –тыңдаушылардың енжарлығында.
Осы кемшілікті жою үшін тыңдаушыларды дербес танымдық белсенділік пен шығармашылыққа ынталандырып, барлық ықтималды тәсілдермен лекцияға Проблемді сипат беру керек.
Ондай белсенді құралдарға:

  • студенттердің негізгі идеялар мен тақырыптарды түсінгендерін нақтылайтын сұрақтар қою;

  • оқытушы ұсынған әрқилы көзқарастардың шағын қақтығыстарын ұйымдастыру;

  • көптеген шешімдері бар тапсырмалар мен сұрақтарды ұсыну;

  • материалды баяндаудың жеке дара түрі;

  • кері байланысты қамтамасыз ету.

Сабақ жүргізу үрдісінде аудиторияның сезімі де өте маңызды. Аудиторияны толықтай қамту және оның танымдық белсенділігін тұрақты қамтамасыз етіп отыру – лектордың ажырамас ерекше қабілеті болып табылады.
Лектор лекцияның мазмұны мен оны баяндау түрін, уақыт жылдамдығын үнемі бақылап отыруы тиіс. Көп жағдай лектордың жеке дара қасиеттеріне де байланысты. Лекцияның тиімділігі лектордың өз мүмкіндіктерін (пәнге, студенттерге қатысты жеке дара ұстанымын, қатынасу және дидактикалық қабілеттерін, кәсіби білімдерінің деңгейін) қаншалықты толыққанды аша алатынына да байланысты болады. Әрине бұл оңайға соға қоймайтын жұмыс, алайда ниет, тәжірибе және арнайы жаттығу өз мақсатына жетеді.
Лектордың тыңдаушылармен қарым-қатынасында оның тұтастай келбеті, сөйлеу мәнері, тұрысы ым ишарасы елеулі рөл ойнайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет