«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Оқытушының семинарға дайындалуы



бет29/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Оқытушының семинарға дайындалуы

Оқытушы оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді қарастырып болған соң, семинар жоспарын құруға кіріседі.


Ең алдымен тақырып таңдалып, оның мақсаты анықталады:

Келесі кезекте көзделген мақсаттар мен ақпараттың сипатына қарай семинарды жүргізу формасы таңдалады.
Содан кейін талқыланатын мәселер, беттері нұсқалған әдебиеттер көрсетілген жоспар құрылады.
Ұсынылатын әдебиетті жаңалығына, мәтінің күрделілігі мен көлеміне, іздеудегі қолайлылығына қарай іріктеген жөн. Хрестоматиялар мен әртүрлі әдістемелік құралдарды пайдаланған абзал.
Сөз сөйлеуді уақытша көрсеткіштермен бірге бағалау өлшемдерін құрастырған пайдалы.
Оқу материалын, студенттерге жаңа әрі қызық болар қосымша материалды меңгеру іскерлігін бақылау сұрақтарын дайындап қою керек.
Жоспардың әрбір сұрағына түйіндеме дайындау қажет, яғни меңгерілген ақпаратты студенттердің дәптерлеріне жазып алулары үшін қысқаша құрастыру.
Осыдан кейін жоспар жазбаша түрде студенттерге ұсынылады. Студенттерге семинарға дайындалу жөнінде әдістемелік ұсыныстарды беру керек.
Семинарды жүргізген соң, орын алған қателерді болашақта қайталамас үшін оның тиімділігін талдаған дұрыс.
Семинарды ақпараттың қарапайым жаңғыртылуы жүзеге асырылатын ауыр да зеріктіретін баяндамалардан құралған лекция материалдарының қайталануына айналдыруға болмайды.


Практикалық сабақтар

Семинармен салыстырғанда тәжірибе сабақтары оқу материалын, ең алдымен негізгі түсініктердің тұтастай жүйесін меңгеруге арналған.


Тәжірибе сабақтарының мақсаттары:

  • студенттердің зерттелінген материалды түсінулеріне көмектесу;

  • интеллектілі және оқу іс-әрекеттерінің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • студенттердің теория мен тәжірибенің байланысын орнатуға көмектесу;

  • білімдерді жаңа жағдайларға алмастыруға үйрету;

  • студенттердің ғылыми білімдердің болашақтағы кәсіби іс-әркеттерімен байланысын сезінулеріне көмектесу.

Ғылыми білімдердің толығымен түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін әртүрлі дидактикалық жағдайлар қолданылады:

  • әртекті оқу тапсырмалары (тікелей, жанама, кәсіби, әртүрлі тапсырмалар, сұрақтар т.с.с.);

  • кестелерді, сызбаларды құрастыру, нұсқауларды меңгеру, айқындау нәтижелерін талдау тапсырмалары;

  • тәжірибелер мен көрсетілімдер де оқу материалының тереңірек меңгерілуіне жағдай жасайды;

  • студенттердің кәсіби іс-әрекеттеріне байланысты тапсырмалар аса тиімді. Мұндай жағдайда білімдер терең меңгеріліп қоймай, берік есте сақаталынады, өйткені студенттерді қатты қызықтырады;

  • тәжірибе сабақтарында диагностикалық әдістемелердің зерттелінуі де орынды. Осы тұста: мақсат – процедура - өңдеу – нәтижелер талдау арақатынастарын түсінуге басты назар аударған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет