Білімділік: бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру .
Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілінен ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: білімді қорыту және жүйелеу Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, тілдік талдау, жаттығу, топтастыру. Сабақтың көрнекілігі: үлестірме парақша, интерактивті тақта, бағалау жетондары, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру;
1. 201-жаттығу
2. Термин сөздер туралы түсінік;
1. Сауаттылық сатысы (сұрақ-жауап)
2. Қайталау – оқу анасы (топпен жұмыс)
3. Ізденген жетер мұратқа (тапсырмалармен жұмыс)
4. Білімдіден ақыл шығар
5. “Ой қозғау” ойыны
IV. Сабақты қорытындылау
V. Сабақты бекіту
VІ. Оқушыларды бағалау, Үйге тапсырма 212-жаттығу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
201-жаттығу
Басқа тілден енген сөздерге қазақ тілінен балама табу
Интернационалдық терминдер
І. Сауаттылық сатысы 1. Лексика сөзі қандай ұғым береді? 2. Лексика дегеніміз не? 3. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? 4. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? 5. Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не? Мысал келтір. 6. Омоним дегеніміз не? Мысал келтір 7. Синоним дегеніміз не? Мысал келтір 8. Антоним дегеніміз не? Мысал келтір 9. Тұрақты тіркестер дегеніміз не? 10. Көнерген сөздер дегеніміз не?
І топ. 209-жаттығу (жазбаша) Құрамында антоним сөздері бар тіл, сөз өнері немесе адамдық қасиет туралы шешендік сөз тауып жазу. ІІ топ. 210-жаттығу (жазбаша) Әдебиет пәні бойынша оқыған ертегілерінен бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы кейіпкердің қасиеттерін санамалап жазу. ІІІ топ. 211-жаттығу (жазбаша) Қарамен жазылған сөздерді ауыспалы мәнде қатыстырып сөз тіркесін я сөйлем құрау