«педагогика» факультеті «Қазақ филологиясы» кафедрасы «бекітемін» Оқу-әдістемелік бөлімнің бастығы



Дата11.02.2020
өлшемі23,2 Kb.
#57682
Байланысты:
силлабус шешендик

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ


«БЕКІТЕМІН»

Оқу-әдістемелік бөлімнің бастығы

__________ А.М. Бостанова

« ____» ________ 2018 ж.

ShO 4315 Шешендік өнер пәнінің

СИЛЛАБУСЫ

Мамандық: В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу формасы: күндізгі

Курс: 4, семестр: 1

Кредит/ЕCTS саны: 2/3

Оқу тілі: қазақша


Силлабус кафедраның . . 201 ж. (№ ____ хаттама) мәжілісінде талқыланды.

Оқу-әдістемелік бюро төрағасы ________ Б.А.Кошимова

Кафедра меңгерушісі _________ А.Н.Отарова

Пән координаторы: _________ А.Д.Кабылов


Пән оқытушысы туралы мәлімет: А.Д.Кабылов, «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты

Тел. ном.: 8 701 170 20 45, Электронды поштасы: adilet.kabylov@yu.edu.kz



АҚТАУ 2018


1. Оқылатын пәннің сипаттамасы

«Шешендік өнер» пәні педагогтік-зерттеушілік қызмет пен жеке тұлға болып қалыптасуда маңызды роль атқарады. Ол шешендік өнер мен сөйлеу мәдениетінің теориялық және практикалық мәселелерін қарастырады. Шешендік өнердің тууы мен даму тарихын, қазіргі кездегі шешендіктің талаптары мен шешендікке дағдылану жолдарын зерделеу арқылы студенттер сөйлеу шеберлігін меңгеріп шығады.

«Шешендік өнер» пәні В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін таңдау пәні болып табылады.
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты – курс студенттеріне шешендік өнер негіздерін, сөйлеу әдебі мен мәдениетін, шешендік өнер негіздерін меңгерту.

Пәнді оқытудың міндеттері:


  • күнделікті тұрмыста және іскерлік қатынастарда шешен сөйлеудің әдебі мен мәдениетін үйрету;

  • шешендік өнер негіздерін, тарихы мен зерттелуін, көпшілік алдында шешен сөйлеудің жолдарын ұғындыру;

  • шешендік әдістеріне дағдыландыра отырып, жастарды заманәуи талаптарға сай тәрбиелеу.


Оқудан күтілетін нәтижелер. Курсты оқу нәтижесінде білім алушы:

  • шешендік өнерді, шешендік шеберлік ережелерін, болашақ маман үшін маңызын білуі тиіс;

  • алған білімдерін алдағы өмірлеріне пайдаланып, қоғамдық ортада, қызмет барысында және тұрмыста шешендік өнердің шарттарын орындауы тиіс;

  • шешендік өнерге байланысты күрделі мәселелерді шешіп, білімдерін қолданудың этикалық және әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, өз пікірлерін жеткізу мен талқылауда біліктілік көрсетуі тиіс.


Пререквизит:

1. Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті;

2. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті;

3. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті;

4. Қазіргі қазақ әдебиеті;

5. Әдебиет теориясы



Постреквизит:

1. Дипломдық жұмыс дайындау мен қорғау


3. Пәннің қысқаша мазмұны

Шешендік өнер туралы түсінік. Шешендіктің әлеуметтік мәні. Шешендік өнердің дамуына қажетті алғы шарттар. Ежелгі Грекия мен Римдегі шешендік өнердің пайда болуы мен дамуы. Европа мен Ресейдегі шешендік өнер және зерттелуі. Ежелгі түркі шешендігі. Көне түркі шешендігі. Орта ғасырлық түркі шешендігі. Билер шешендігі. Ақын-жыраулар шешендігі. Қазіргі шешендік. Шешендік сөзге қойылатын талаптар. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Шешендік сөздің сапалық белгілері. Шешендік сөздердегі көркемдік құралдар



4. Тақырыптар мен олардың оқытылу ұзақтығы

4.1. Дәрістік сабақтар


№№

р/с

Сабақ тақырыптары

Көлемі,

сағаты

Шешендік – қоғамдық құбылыс

1

Шешендік өнер туралы түсінік. Шешендіктің әлеуметтік мәні

1

2

Шешендік өнердің дамуына қажетті алғы шарттар

1

3

Ежелгі Грекия мен Римдегі шешендік өнердің пайда болуы мен дамуы

1

4

Европа мен Ресейдегі шешендік өнер және зерттелуі

1

Қазақтың шешендік өнері

5

Ежелгі түркі шешендігі

1

6

Көне түркі шешендігі

1

7

Орта ғасырлық түркі шешендігі

1

8

Билер шешендігі

1

9

Ақын-жыраулар шешендігі

1

10

Қазіргі шешендік

1

Шешендік өнер негіздері

11

Шешендік сөзге қойылатын талаптар

1

12

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

1

13

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы

1

14

Шешендік сөздің сапалық белгілері

1

15

Шешендік сөздердегі көркемдік құралдар

1

БАРЛЫҒЫ:

15


4.2. Тәжірибелік сабақтар


№№

р/с

Сабақ тақырыптары

Көлемі,

сағаты

1

Шешендік өнер туралы түсінік. Шешендіктің әлеуметтік мәні

1

2

Шешендік өнердің дамуына қажетті алғы шарттар

1

3

Ежелгі Грекия мен Римдегі шешендік өнердің пайда болуы мен дамуы

1

4

Европа мен Ресейдегі шешендік өнер және зерттелуі

1

5

Ежелгі түркі шешендігі

1

6

Көне түркі шешендігі

1

7

Орта ғасырлық түркі шешендігі

1

8

Билер шешендігі

1

9

Ақын-жыраулар шешендігі

1

10

Қазіргі шешендік

1

11

Шешендік сөзге қойылатын талаптар

1

12

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық

1

13

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы

1

14

Шешендік сөздің сапалық белгілері

1

15

Шешендік сөздердегі көркемдік құралдар

1

БАРЛЫҒЫ:

15


5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары

  1. Шешендік өнерді үйрену не үшін керек?

  2. Ежелгі Грекия мен Римдегі шешендік өнердің пайда болуы мен дамуы

  3. Европа мен Ресейдегі шешендік өнер және зерттелуі

  4. Маңғыстаудың шешендек дәстүрі

  5. Шешендік өнер: теориясы мен зерттелуі

  6. Қазақтың би шешендері

  7. Қазақтың билер институты – ұлттық құқық негіздері

  8. Қазақтың үш биі – Төле, Қазыбек, Әйтеке

  9. Сырымның шешендік өнері

  10. Мәтжан бидің шешендік сөздері

  11. Адай шешендері

  12. Шешендік сөздердегі тапқырлық қырлары

  13. Шешендік сөздердегі көркемдік құралдар

  14. Шешендік өнер – әлеуметтік құбылыс

  15. Шаршы топта сөйлеудегі шешендік


6. Кеңес беру уақыты:

32 ш/а, 2 қабат, «Қазақ филологиясы» кафедрасы, ГО201, телефоны: 43-57-95. Кеңес беру уақыты: дүйсенбі, сейсенбі күндері сағ.14.00-16.00.


7. Оқыту нәтижелерін бағалау критериі
Ағымды бағалаудың критерийлері:

Ағымды бағалаудың жалпы бағасы 100%, оның ішінде дәріс – 30%, тәжірибелік сабақ – 50%, СӨЖ -20% құрайды.



Дәріс, %

Тәжірибелік/зертханалық %

СӨЖ, %

30

50

20

АБ= (Д * 0,3 + Т* 0,5 + С* 0,2)

АБ – ағымды бағалау, Д - Дәріс, Т - тәжірибелік, С - СӨЖ


Пән бойынша жіберу рейтингісі төмендегі формула бойынша есептеледі:



ЖРБ= (Р1 +Р2)/2
ЖРБ - жіберу рейтингі бағасы. Бұл екі аралық бақылаудың орташа мәні.

Р1 - бірінші аралық бақылаудың бағасы

Р2 - екінші аралық бақылаудын бағасы

Егер студентің жіберу рейтингі бағасы 50 және одан жоғары болса емтиханға жіберілді деп саналады. Пән бойынша қорытынды бағаға жіберілу рейтинг бағасы мен қорытынды бақылау бағасы (емтихан) кіреді. Қорытынды бағаны есептеу кезінде әр бір компоненттің салмақтық үлесі есептелінеді: жіберу рейтингі 60%-ды құрайды, қорытынды бақылау бағасы -40%-ды құрайды. Студенттің пән бойынша қорытынды бағасы студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бойынша бағасы оң нәтижелі болса ғана саналады. Қорытынды баға келесі формула бойынша есептелінеді:



ҚБ = ЖРБ*0,6 + ҚББ*0,4
ҚБ – пән бойынша қорытынды баға, ЖРБ - жіберу рейтингі бағасы, ҚББ - қорытынды бақылау бағасы (емтихан).

Ескерту 1: Қорытынды бақылау бағасы қанағаттанарлықсыз баға болып шықса қорытынды баға саналмайды.




Білімді бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесі


Пайыздық көрсеткіші

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

95-100

А

4,0

«өте жақсы»

90-94

А-

3,67

85-89

В+

3,33

«жақсы»

80-84

В

3,0

75-79

В-

2,67

70-74

С+

2,33

«қанағаттанарлық»



65-69

С

2,0

60-64

С-

1,67

55-59

Д+

1,33

50-54

Д

1,0

0-49

Ғ

0

«қанағаттанарлық емес»


8. Әдебиеттер тізімі

8.1. Негізгі әдебиет:

  1. Қосымова Г. Шешендік өнер негіздері. Алматы, 2017.

8.2. Қосымша әдебиет:

  1. Қыдыршаев А. Шешендік өнер. Алматы, 2015.

  2. Қабылов Ә. Тіл мәдениеті және шешендік өнер. Ақтау, 2018.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет