Тартылудеңгейін бағалау
(В.К.Гербачевский)
Кірістірілген ескерту. Адамның тартылу деңгейі деп, оның алдына қоятын мақсаттарының қиын деңгейіне қарй көрінетін қажеттіліктері, мотиві және бағыттары ретінде түсініледі. Тартылу деңгейі әдетте мынадай схема эксперимент көмегімен бағаланады: бір тестті тапсырмалардың қиындық дәрежесіне қарай бөлінеді және сыналушыға кез – келген қиындық деңгейіндегі тапсырмалардың белгілі бір санын орындау үшін біртіндеп таңдау ұсынылады. Мұнда эксперимент әдетте интеллектіні сынау ретінде көрінеді. Адамның тартылу деңгейі туралы олардың таңдаған тапсырмаларын орташа қиындық деңгейімен бағаланады. Эксперименталды схеманы пайдалану мүмкіндігі тартылудың жалпыланған деңгейіне жорамалға негізделіп, оның ерекшелігіне тәуелсіз әрбір адамды өзіне тән тартылу деңгейі қалыптасады. Бірақта тартылу деңгейінің шын мәніндегі жалпыланған мәліметтерімен қатар, оған қарама – қарсы сипаттағы фактілерде кездеседі. Мысалға: эксперименталды тапсырмада адамда қалыптасқан тартылыс деңгейі, оның әдеттегі кәсіби қызметіндегі тартылыс деңгейімен өзгешеленеді. Бұл мінездеме оның құрылуы мен дамуының нақты тарихының ықпалын көрсетеді және тек ішкі емес, сонымен бірге сыртқы жағдайларға байланысты.