Экспериментке дейінгі жоспарлар. Кэмпбел экспериментке дейін жоспардың 3 түрін көрсетеді. Олардың екеуін Макгиган квазиэкспериментальды жоспарға жатқызады.
Экспериментке дейінгі жоспарға : а) бір рет болатын жағдайды зерттеу ; б) бір топты алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары; в) статистикалық топтарды салыстыру.
Бір рет болатын жағдайды зерттеу өткен салаға жатады Х0 оспары бойынша әсерге тап болғанбір топқа тест жүгізіледі. Сыртқы және тәуелсіз айнымалылықтарда бақылау жүрмейді. Бұндай «зерттеуді» салыстыруға ешқандай материал болмайды. Бұл зерттеулер нәтижені күнделікті шындықпен сәйкестендіру үшін ғылыми қызметтің алғашқы этаптарында қолданылады.
Бір топты алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары көбіне социологиялық, социологиялық психологиялық зерттеулерде (О1ХО2) қолданылады. Бұнда соңғы таңдау болмайды, сондықтан тестілеу кезінде тіркелетін тәуелді айнымалының өзгеруі тәуелсіз айнымалының өзгеруінен туады деп айтуға болмайды. Тестілеу эффектісі бұл өткен келесі зерттеуге әсері. Артефактілердің көзі бұл да – бұл жоспармен бақыланбайтын сыртқы айнымалылар.
Экспериментке дейінгі жоспарлау 3 нұсқасы бұл статистикалық топтарды салыстыру.
Х О1
О2
Бұл жоспар көмегімен зерттелушіге фондық әсерді және басқа сыртқы айнымалылардың әсерін анықтауға болғанмен, табиғи дамудың эффектісі алынбайды, себебі зерттелушілердің бастапқы жағдайымен олардың қазіргі күйін салыстыратын материал жоқ.
Бақылау және экспериментальды топтардың нәтижелерін салыстыру үшін Стьюденттің t – критерийі қолданылады. Есте сақтаған жөн: тестілеу нәтижесіндегі айнымалықтар экспериментальды әсерден емес. Топ құрамының айырмашылығымен де негізделуі мүмкін. Егер экспериментальды әсерді алып тастайтын болсақ, бұл жоспар корреляциялық зерттеулерде қолданылады, бірақ оны 2 айнымалы арасындағы себепті байланыс туралы гипотезаны тексеру мақсатында қолданбаған жөн.
Квазиэкспериментальды жоспарлар.
Т.Д.Кук және Д.М Кэмпбелл психологиялық зерттеуде квазиэкспериментальды жоспарларды қолданудың теоритикалық негізін жасады. Квазиэкспериментальды жоспардың 2 түрі болада: А.Эквивалентті емес топтарға арналған жоспарлар.
В.Дискретті уақытша сериялардың жоспарлары.
2 айнымалы арасындағы себепті тәелділікті анықтауға бағытталған кез келген зерттеу – квазиэксперимент болып табылады.
Егер экспериментальды психолоия квазиэкспериментальды зерттеудің қатаң анықтамалары қолданса, бір зерттелуші қатынасатын экспериментті квазиэкспериментке жатқызуға болады. Сонымен қатар уақытша сирияның квазиэкспериментальды жоспарлары экспериментке дейінгі жоспардың модификациясы болып табылады.
Кэмпбелл топтарды таңдаудың 2 нұсқасын көрсетеді. 1-ші жағдайда эксперимент процедурасына қатысты табиғи топтар зерттеуге қатынасады. Сондықтан топ құрамының эффектісі болуы мүмкін, бірақ ол онша маңызды емес. 2-ші жағдайда экспериментальды топ ерікті қатысушылардан құралады, ал бақыланушы топты өзге тәсілдермен жинақтайды. Бұнда топ құрамының факторы экспериментальды және бақыланушы топтың нәтижелеріндегі айырмашылыққа шешуші әсер етуі мүмкін.
Эквивалентті емес топтарға арналған квазиэкспериментальды жоспардың басқа көптеген варианттары бар: «құрама жоспарлар», алдын ала және қорытынды тестілеуге арналған шешуші таңдаулары бар жоспарлар және т.б. Кэмпбеллдің «Әлеуметтік психологиядағы және қолданбалы зерттеудегі эксперимент модельдері» деген монографиясында квазиэкспериментальды жоспарлау туралы көп мәлімет бар.
Квазиэксперимент фондық әсерлер факторын бақылауға мүмкіндік береді. Көбіне бұл жоспарларды балабақшада, мектептерде, клиникаларда немесе өндірісте табиғи топтардың қатысуымен эксперимент жүргізетін зерттеушілерге қолдану ұсынылады. Оны бақылаушы таңдауы бар қалыптастырушы эксперимент деп атауға болады. Бұл жоспарды іске асыру қиын, бірақ егер топтарды рандолизациялайтын болсақ, ол табиғи қалыптастырушы экспериментке айналады.