1.Қоғамдық қызметкетұратын әрбір адам,өзінің жасырын католик емес екендігін көрсету үшін беретін діни ағылшын анты.
2. Алтын немесе күмістен қалайыны ерітіп, бөлуге арналған жалпақ ыдыс.
Қазіргі мазмұнға жақын «тест» термині- психологиялық термин мазмұнына ХІХ ғасырдың аяғында ие болды.
Психодиагностикада тесттердің әртүрлі классификациясы белгілі. Олар тест тапсырмасының ерекшелігіне қарай вербальді және тәжірбиелік, сынақ процедурасының формасына қарай –топтық және жеке тест болып,бағытына қарай –қабілет, тұлға және жеке психикалық функциялардың тесті болып, уақыттың шектеуіне қарай жылдамдық тесті және қорытындылық тесттері болып бөлінеді.Сонымен қатар тесттер құрастыру принципімен де ерекшеленеді. Соңғы 10 жылдарда көптеген тесттерді компьютер ортасына бейімдей бастады. Ол тесттерді компьютерлендірген деп атайды. Қазіргі есептеуіш техника мүмкіндігіне сай компьютердік тесттер құрастырылуда.
Тесттің кез-келген тану құралы сияқты нақты зерттеу жағдайында оның кемшілігі немесе жетістігі ретінде қарастырылатын ерекшеліктері бар.Тестті эффективті қолдану көптеген факторларды есепке алуға байланысты, солардың ішінде ең маңыздысы-теоретикалық концепцияны қолдану аймағы. Тест қолдануға оңай, «қарапайым» болу керек деген көзқарас шындыққа жатпайды.
Күрделі психикалық зерттеу құралы бола отырып, тест «жеңіл» тапсырма болуы мүмкін емес.Тестті ғылыми қолдану жалпы психологиялық білімсіз, психодиагностикалық зерттеулердің теория және тәжірибе аймағындағы біліктіліксіз мүмкін болмас еді. Тестілеуде психодиагностиканың этикалық нормасын қабылдау да аса маңызды жәйт.