2.Әдістемелерді жасау және бейімдеу технологиясы. Ерекше әдістемені жасау және шетелдік әдістемені бейімдеу тек қана бөлек психометрикалық қасиеттерін, репрезентативтілікті, сенімділікті, валидтілікті тексеруден ғана тұрмайды. Бір жағдайда жұмысты бір этапынан бастау дұрыс болса, басқа жағдайлада басқасынан бастау дұрыс болады. Шындығында кез-келген тестті қолдану жағдайы тек қана «жобалау» немесе «қолдануға» жатпайды.
Сонымен қатар тестілеудің барлық аспектілерінің өзгеріссіз және зерттелген, қалыпты қолдануға дайын тесттің жағдайларын табу да қиын. Жағдайлардың көп қырлылығын, барлық тәуелсіз параметрлер комбинаторикасын психолог-практиктер, екі-үш белгілі жағдайға әкелуге тырысды.