Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет171/229
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#36587
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   229
Әдістеме


ТП ұйымдастыру. Психотерапиялық сеанстар осыған арнайы дайындалған кабинеттерде және белгілі бір уақытта, ұзақтығы алдын ала белгіленіп, 1,5 сағаттан аспайтындай етіп өткізілуі керек. Тек қорытынды кезеңінде ғана сеанс ұзақтығы алты сағат созылуы мүмкін. Наркологиялық стационар жағжайында ТП аптасына 4-5 реттен ал, амбулаторлық жағдайда аптасына екі рет өткізіледі.
Топқа науқастарды таңдау. ТП тұлғалық деградациясы болмаған, алкоголизм интеллектуалдық және моралдық этикалық деңгейінің төмендеуінен көрінетін науқстарға арналған. Топқа жасы кәрі адамдарды(елуден жоғары) және асоциалды өмір сүретін адамдарды енгізудің қажеті жоқ. Сондай ақ гетерогендік принципін де сақтау керек: онда алкоголизмнің алуан ағымымен, әртүрлі жастағы, әлеуметтік жағдайы және білім деңгейі әртүрлі, тоғыз он екі адамнан тұратын топ болуы керек. Топ жабық болуы керек.
Науқастарды ТП ға қатысуға дайындау дезинтоксикация және алкоголдық абстинетті синдромның өткенінен кейін жеке әңгімелесу түрінде психодиагностикалық зерттеу түрінде өтеді. Науқастарда топта жұмыс жасауға мотивация тудыру қажет, Психотерапевт бірінші сабақта ТП міндеті туралы толықтай баяндайды, ТПның басқа емдеу түрлерінен айырмашылығын науқастан тұлғалық позициясының талап етілетінін баса айтып өтеді.
Процедура. Психотерапия топ мүшелрімен танысудан басталады:науқастар өз өмірбаянының мағызды сәттерін ескере отырып, мінезінің ерекшеліктерін, қызығушылық шеңберін, бағдарлы құндылықтарын, өздерінің басқа адамдармен қарым қатынасын кірістіре отырып өзі туралы айтуы керек. Осы периодта науқастардың бір бірінің мәселесіне қызығушылық тудыруына көп мін беріледі. Психотерапевттен айтылғандарды, эмоционалды қатынасты, вербальды емес мінез құлықты тиісті интерпретациялап, олардық арасындағы байланыстырушы болу талап етіледі. Науқастардың «шерін тарқату» ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін: бастапқыда науқастар қысымшылдық және ұялшақтық сезімінде болып, монолог 5-7 мин. Созылады, одан әрі шер тарқату 30 мин. да көпке созылуы мүмкін. Егер науқастардың айтқандары эмоционалды бояуға қанық әрі одан әрі талдауға маңызды ақпарат көп болса, онда психотерапевт олардың сөзін бөлмейді, маңызды емес тақырыпқа ауысқан кезде олардың сөзін бөліп, өзгелерден мұндай әңгіменің қаншалықты маңызды болатындығын шешуге ұсынады.
Өмірбаянға бағдарланған тапсырмалармен қатар тақырыптық дискуссиялар жүргізіледі. Дискуссия барысында науқастың алкоголизм туралы айтқылары келгені, оның симптомдары, патогенезі, емдеу әдістері туралы сөз қозғалады. Қосымша психотерапиялық тәсіл ретінде алкогольге еліктеумен байланысты жетекші мотивациясы және анозогнозияның көрінісі айқын бейнеленетін «Мен және менің ауруым» тақырыбында сурет салу ұсынылады.
Егер психотерапия амбулаторияда өткізілетін болса, науқастарға өз жанұясымен, таныстарымен өзара әрекет жасап, соңынан топтағы дағдыларын қолдана отырып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға мүмкіндік болады.
ТП ның қорытынды стадиясында ұзақтығы алдыңғыларға қарағанда айтарлықтай көп болатын интеракционды бағдарланған екі немесе үш сеанс өткізіледі. Талқылау материалы болатын топтағы тұлғаарарлық қарым қатынас динамикасы. Біруақытта науқастардың бойында ремиссияның бірінші айында болатын қарым қатынас қиындықтарын жеңе білетін дағдыны қалыптастыруға көңіл бөлу керек. Психотерапиялық әсерді күшейтуге және ТП процесін белсендендіру үшін психотерапевт сабақты қосымша жаттығулардан бастауына болады; сензитивтілік тренингтің элементтері (бір біріне сезімінің вербальды емес көрінуі, пантомимика арқылы өз өзін көрсету, қозғалыс ойындары т.б.). Психотерапевттің рөлі ол интерпретатор және топта болып жатырған процестің комментаторы.
Топтағы жұмыс қорытынды жасаумен аяқталады: науқастар жасалған психотерапиядан алынған қанағаттану деңгейін айтады, және ережеге сай, жақын арадаға болашағына жоспар құрады. Емдеу аяқталған соң әрбір науқасқа жекелік жұмыстар жасалуына көңіл бөлу қажет.
Психотерапевттің бұл этаптағы мақсаты орындалды деп айтуға болады егер науқастың бойында мыналар қалыптасқан болса: а) өз ауруы туралы адекватты көрініс; б) алкогольды қолдануға қайта оралу мүмкін емес, жалғыз ғана альтернатива өз өзіне ұстамды бола білу туралы сана қалыптасса; в) сау күйдің мотивациясы әрбір науқастың жекелік тұлғалық алкогольге деген ұстамдылығы, мотивтердің қалыптасуы, алкоголды қолданумен сәйкес келмеуі саналы түрде қалыптасса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет