Ex – post – fakto жоспары. Психологияда, әлеуметтануда, педагогикада және нейропсихологияда клиникалық психологияда көбіне қолданатын тағы бір эксперимнт. әлеуметтік зерттеулерде оны көбіне 1930-40 жылдарда қолданған. Сол уақытта әлеуметтанушы Ф.С. Чейз бұл әдістің атауын енгізіп, мәліметтерді талдау схемаларын жасады. әлеуметтануда және педагогикада оны қолдану стратегиясы мынадай – экспериментатор зерттелушәге өзі әсер етпейді. әсер ретінде олардың өміріндегі жағдайлар бола алады. әсер алған зерттелушілер тобы және алмаған топ таңдалады.
Топтың эквиваленттілігі рандолизация арқылы жүзеге асады. Бұл жоспар көптеген қазіргі таңдағы зерттеуде іске асырылады. Адам денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін ситуацияларға түскен кезде, оларда пайда болатын посттравматикалық стресті зерттеу үйреншікті болып табылады.
Популяцияға травматикалық факторлардың әсерінің эффектісі жоғарылайды.