Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар. Қазақстан білім жүйесі дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарының жаңа жүйесін таңдауда негізгі басымдылық бастуыш мектептерге бағытталды. Мектеп кұрылымымен қатар республикада қарастырылып отырған кезенде орта кәсіби мектептің одан әрі кеңеюіне және жоғары мектептің қалыптасуына бағытталған үлкен жұмыс жүргізілді.
Өкінішке орай, кеңес кезіндегі (1920 – 1950) білім беру жүйелерінің дамуы қазақстандық тарихи-педагогикалық эдебиеттерде бір жақты жағдайда қарастырылған. Ол жылдардағы арнайы педагогика партияның саясаты мен идеологиясына бағынышты болатын. Сондықтан, буржуазиялық ұлтшылдық деген жолмен кінә тағылған ғылыми және педагогикалық зиялы қауым өкілдерімен күрес жүргізілді. Қазақ тілінің білім беруде, ғылымда қажеттілігінің мойындалмауы, ұлттық өзіндік мәдени, салт-дәстүрлеріндегі ерекшеліктері ескеріліп, оған мән берілмеуі қазақ халқының сеніміне, рухани-адамгершілік көзқарасының дамуына кері әсерін тигізгені бүгін мәлім болып отыр.
Білім берудің қоғамдық функциясына байланысты ол жаңа ұрпаққа қоғамдық тәжірибені тапсырубарысында әлеуметтік қуалаушылықтың құралы болып табылады. Адамға байланысты білім беру – бұл адамды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу және оқыту деп түсіндіріледі. Білім бәру мақсат-міндеттері пекдагогикалық процесс негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудің қазіргі ерекшеліктері Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.
Ендеше, Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала алмайды. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылудамыз.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.