Педагогика факультеті


Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны



бет4/6
Дата21.09.2022
өлшемі37,54 Kb.
#150245
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
(15)

4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны.
Жауап: Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми-теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады. Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Жаратылыстану, басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымында экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі - баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі туралы; жүйелі-құрылымдық қатынас туралы; философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаның іс-әрекет арқылы теориясы; дамыта оқыту теориясы. Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады. Бақылау әдісі: бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды тануды айтады. Мектеп құжаттарын зерттеу: оқу және тәрбие жұмысында кейбір күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелерінде құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми мақалалар жатады.
Оқушылардың жұмысын зерттеу: оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарда жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар оқушылардың дербес қабілетін оқуға және еңбекке көзқарасымен қатынасын, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады. Эксперимент: эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады.
Зерттеудің жұмысшы болжамы (гипотеза): егер жалпы білім беретін мектепте
-әртүрлі кәсіпке дайындау мазмұнында ғылымның, жаңа технологияның талаптары, аймақтық мәселелері ескерілсе;
-оқыту процесінде, оқытудың дидактикалық құралдары ретінде өндірістік негізде құрылған техника-технологиялық есептер мен тапсырмалар; жинақтау процесін ескеретін жинақтаудың технологиялық схемаларын түсіндіретін графикалық тәсілдер қолданылса;

-оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары қарастырылған болса;

-оқу бағдарламаларын кәсіпке оқытудың бірыңғай мазмұны түзілетін болса;
-оқу-тәрбие жұмыстары барысында оқушыларды кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыруда 5-7, 7-9, 10-12 сыныптарда сабақтастық сақталатын болса, онда кәсіби оқытудың тиімділігі артады.

Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым. Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми-теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет