Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әр түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштерді, мысалы, оқушының сабаққа қатысуын, алған бағаларын, мектепте таза, жинақты жүруін т.б белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.
Педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану эксиперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу жасау үшін қажет.
Педагогикалық процестерді үлгілеу. Үлгілеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға және алғаш рет өңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зерттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.