Педагогика факультетінің деканы Х. С. Муханбеткалиев


Пайдаланылатын әдебиеттер



бет5/7
Дата14.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#62519
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бала әдеб.


Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.

  4. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  7. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  9. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  10. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  11. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)

  12. Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994

  13. Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.


11- дәріс

Тақырып: Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.

Дәріс мазмұны: М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы, Т.Тоқтаров т.б. туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Совет халқы өзінің барлық күш-жігерін Отан қорғауға бағыттады. Барлық азаматтармен бірге жазушыларымыз: Қ.Әбдіқадыров, Т.Жароков, Б.Бұлқышев, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин т.б. майданға аттанды. Сол кезде жасы тоқсаннан асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де майданның алдыңғы қатарындамын деп есептеді. Оның „Ленинградтық өрендерім” өлеңі барлық Совет Армиясына үлкен рух беріп, неміс басқыншыларына қатты соққы болып тигені әлемге аян.

Отан соғысы жылдарында балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары майдандағы ерлік күрестер мен тылдағы азаматтардың қаһармандық еңбектері жайында болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазушылар жасөспірімдерге рухани азық боларлық, олардың жігер – қайратын шыңдай түсетін жақсы шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Б.Бұлқышевтің „Өмір мен өлім туралы”, „Шығыс ұлына хат” (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз. Баубектің осы әңгімелерінің бәрінен де тауы қайтпаған жалынды жастың Отанына беріле қызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік істері көрінеді. „Ұр да жық ақымақ фрицтер біздің жастығымызды, болашағымызды құртқысы келеді. Біз, әрине бере алмаймыз оны! Өлерміз, бірақ бере алмаспыз! Бермейміз!” дейді Баубек Бұлқышев „Өмір мен өлім туралы” әңгімесінде. Олардың Отан қорғау күресіндегі көздеген негізгі нысаналы мақсаттары да осы еді. Отан соғысы жылдарында балалар әдебиеті тақырыбына жазылған шығармалар нақтылы оқиғаның негізіне құрылған. Мұндай шығармалар балаларға оқиғасының әрі қызықты, әрі үрейлі болуымен әсер етеді, неміс фашистерінің хайуандық, опасыздық істеріне жандары төзбей, ашу, ызаларын төгеді. Жағымды кейіпкерлерге жаны ашып, майданның алдыңғы шебіне кеткендегі оның тағдыры не болар екен деп, абыройлы оралуына тілектестік білдіріп, оқырманның өзін патриоттық рух билеп отырады.

Әбдіқадыров Қалмақанның „Жетім құлын” (1942), Ғали Ормановтың „Бөбек жүрегі” (1944) деген өлеңдерінде майдан өмірінің аянышты халдері суреттелген. Адам түгіл қызыл қанға боялып жатқан туған жердің топырағы да тым аянышты болады. Қалмақан „Жетім құлын” өлеңінде арбаға жегіліп бара жатқан майдандағы қос жылқыға снаряд түсіп қирағанын, соның біреуінің құлыны өліп жатқан енесін иіскеп, шарқ ұрып шауып, кісінеп жүргенін соншалық әсерлі суреттеген:



Ой жануар, құлыншақ,

Майданда аштың көзіңді.

Туған жерді сен аңсап

Шарқ ұрғаның сезілді.

Көзіңді ашқан өрісің

Қымбат болса сен үшін

Туған жерім, қонысым,

Арзан ба еді мен үшін!

Шұрқыраған үніңе

Елжірейді жүрегім.

Сендей жетім елімде

Аз емесін білемін

Қырдан астың құтылдың

Алдың – бейбіт өрісің!

Мен окопта отырмын

Зұлымдықтың кегі үшін.



Қазақ балалар әдебиетінің дамуы тек өлеңдер мен әңгімелер, очерктер көлемінде шектеліп қалған жоқ. Ол өзінің жан – жақты жанрлық табыстарымен көбейді. Балаларға арналып Отан соғысы тақырыбына көлемді шығармалардан повестер мен поэмалар шыға бастады. Отан соғысы тақырыбынан балаларға арнап бірінші рет повесть жазған С.Бақбергенов еді де, поэма жазған М.Хакімжанова еді. Екі рет батыр атағын алған Т.Бигельдиновтың ерлік өмірінен жазылған С.Бақбергеновтың „Талғат”, Жекен Жұмақановтың „Әлия Молдағұлова” атты повестері басылып шықта да, Совет Одағының Батыры Мәншүк Маметова жайында М.Хакімжанованың „Мәншүк” деген поэмасы 1945 жылы жарияланды. Одан кейін Әди Шәріповтың „Партизан қызы” атты повесі жарық көрді.

Ақын М.Хакімжанова өзінің балаға деген аналық сүйіспеншілігін ортаға сала отырып, үлкен патриоттық сезіммен Мәншүк туралы адам жанын тебірентетін поэма жазды. Поэманың алғашқы бетінде – ақ Мәншүктің сәбилік шағын суреттеген балдырған баланың әдемі, сүйкімді кескіні мен қызықты қылықтары көз алдыңа келеді:



Қара шашы қара бұлтпен жуғандай,

Қара қасы аймен егіз туғандай

Желмен ойнап, желбіресе кекілі

Күн шұғыласы маңдайында тұрғандай

Тұнық көзі төңкеріле қараса

Ұзын кірпік оқтай тізген жараса

Қызыл лента желбірейтін төбеде,

Толқындалған тұлымымен таласа-,



деп балаға тән барлық сипатты, оның барлық мінез - өзгешеліктеріне дейін, тіпті көбелек қуып, мәз – мейрам болған күйіне дейін суреттейді. Поэманың барлық желісінен ана мен бала арасындағы өмір байланысы көрініп, Отан алдындағы азаматтық борыштары, идеялық мақсаттары сөз болып отырады. Кәмелеттікке жаңа жеткен майдандағы қыз баланың дүниені таң қалдырған әрбір ерлік істері біздің өрендеріміздің патриоттық рухын көтеріп, өздерін де Отан алдында Мәншүктей қызмет етуге әрқашан әзір болуға тәрбиелейді. М.Хакімжанованың „Мәншүк” атты поэмасы балалар әдебиеті мұрасына қосылған үлкен үлес.

Майдан тақырыбына жазылған шығармалар әр – алуан. Олардың бәрінде де қайсарлықтың уыттары көрініп отырады. Бірінде атқыштар, пулеметчиктер болса, енді бірқатары партизандар өмірін қамтиды, біреулері танкистердің ерлік істерін сипаттаса, тағы бірі ұшқыштардың қайсарлығын әсерлі суреттейді. Осының бәрі де жас буындардың жігерін шыңдайды. Отан соғысы жылдарында жазылған балалар әдебиеті өзінің идеясы жағынан да, көркемдігі жағынан да бұрынғысынан әлдеқайда нығайып, өсе түсті.



Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.

  4. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  7. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  9. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  10. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  11. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)

  12. Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994

  13. Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.


12- дәріс

Тақырып: М.Әуезов өмірі, балаларға арналған шығармалары.

Дәріс мазмұны: М.Әуезовтың балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты.

Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.

  4. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  7. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  9. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  10. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  11. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)

  12. Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994

  13. Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.


13- дәріс

Тақырып: С.Бегалин- балалар жазушысы.

Дәріс мазмұны: «Сәтжан», «Бала Шоқан», «Көксегеннің көргендері» шығармаларының тәрбиелік мәні, тілінің көркемдігі.

Қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің аға жазушысы кім десе, алдымен Сапарғали Бегалинді атауға болады. Өйткені ол- балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытқан, соның тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы. С.Бегалиннің балаларға арналған: „Қыран кегі” (1944), „Көксегеннің көргендері” (1947), „Тұңғыш” (1948), „Сәтжан” (1950), „Ермектің алмасы” (1951), „Көк бұтақ” (1953), „Ұрпақ” (1954), „Бақыт” (1956) деген шығармалары өз алдына жеке кітап болып басылды.

С.Бегалиннің балаларға арнап жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. Соның бәрін жинақтап, тақырыбы мен көтерген мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады.

1. „Сәтжан”, „Көксегеннің көргендері”, „Бала мерген”, „Алданған жолбарыс” деген әңгімелері. Мұның бәрі негізінен аңшылыққа арналған.

2. „Шопан даңқы” (1947), „Төл басылар” (1947), „Сұрапылда” (1946), „Керкиік” (1952), „Будан” (1949), „Қозышы Нұрман” (1952), „Жылқышы” (1945) деген әңгімелерінде мектеп балалары өз оқуын мал шаруашылығымен тығыз байланыстыра жүріп, өмір танығанын көрсетеді. „Малдың тілін баққан біледі, отынның тілін жаққан біледі” деген сөздің төркіні неге байланысты туғанын жазушы мал шаруашылығына арналған бірнеше әңгімелері арқылы суреттей келіп, тәжірибелі шопандардың жұмысын жасөспірімдерге үлгі етіп ұсынады.

3. С.Бегалиннің балалар әдебиеті саласында көтерген үшінші күрделі тақырыбы Мичуриндік агробиология ғылымын насихаттайтын әңгімелері. Бұған „Жас бұтақ” (1950), „Қант бұршақ” (1954), „Есеннің кірпісі” (1951), „Хат” (1957), „Мектеп бағында” (1950) деген әңгімелері жатады. Мұнда жолдастық, достық мәселесі де елеулі орын алады. М. „Жас бұтақ” деген әңгімесіндегі Жұмақанның апорт алмасын өсіріп, оның жемісін Артекте достасқан жолдастарына жіберуі немесе „Қант бұршақ” атты әңгімедегі Зуфардың Артектегі жолдастары арқылы алдырған қант бұршақ ұрығын Қазақстанда өсіріп, оның жемісін алуы – балалар үшін аса қызық. Өйткені олар өздері істеген жұмысының жемісін көргеніне қуанады. Жсаөспірімдердің арасында достық, ынтымақтың өзі осындай игі істердің арқасында ғана басталып кететінін және мұндай достық – мызғымайтын берік достыққа айналатынын жазушы дәлел ете суреттейді.

4. С.Бегалиннің көтерген төртінші күрделі мәселесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік істерге, Отан қорғау тақырыбына арналған. Оған „Тағы кездесті” (1954), „Машинист” (1952), „Жеткіншектер” (1946), Киіксор” (1952), „Жас шеберлер” (1947) деген әңгімелері жатады.

5. Бұл салада көтерген негізгі тақырыбы – есірген еркелердің олпы – солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етуге, өмірге икемсіздігін мінеуге, оны түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақыруға арналған. Бұған оның „Ойламаған жүріс” (1952), „Ұрыншақ” (1956), „Жершіл шымшық” (1954), „Бес батыр” (1952), „Сымбатты Сима” (1957) деген әңгімелері жатады.

Қорыта айтқанда, балалар әдебиеті саласында С.Бегалин әңгіме жанрын дамытқан жазушы. Оның өмірді жақсы тани білетін мол тәжірибесі әңгімелерінен айқын көрініп отырады, соның өзі балаларға үлгі - өнеге.



Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.

  4. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  7. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  9. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  10. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  11. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)

  12. Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994

  13. Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.


14- дәріс

Тақырып: Қазіргі қазақ балалар ақындарының шығармалары.

Дәріс мазмұны: Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиевтің т.б. балаларға арнап жазған өлеңдері, танымдық, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.

Өтебай Тұрманжанов – 1905 жылы Оңт. Қаз. Обл. Арыс ауданына қарасты Жалғызағаш деген жерде дүниеге келген. Тұңғыш шығармалары 1922 жылдан бастап шықты. „Таң сырлары” (1925) өлеңдер жинағы, „Ақ алтын”, „Шыршық сыры”, „Тез қадам” өлеңдер жинағы мен „Күміс қылыш” атты әңгімелер жинағы басылды. „Ақ алтын” поэмасы – мақта шаруашылығына арналған, „Шыршық сыры” поэмасы – су құрылысы тақырыбына арналып жазылған шығарма.

Балаларға арналған шығармалары да өз алдына бір төбе. 1952 жылы „Қарлығаш”, 1959 жылы „Сұңқар түлектер” деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды. Мұнда „Қызыл құмның құпиясы”, „Қарлығаш, дәуіт, жылан”, „Жолбарыс”, „Төрт өгіз туралы ертегі”, Жолаушы мен жеті қақыр”, „Аю мен аралар” т.б. көптеген ертегілер, поэма, мысал, өлеңдер бар.

Мұзафар Әлімбаев – 1923 жылы Павлодар обл. Шарбақты ауданы, Маралды селосында туған. Балалар жазушысы деп танылады. Ол „Жұмбақтар” (1954), „Биікке, биікке” (1955), „Менің ойыншықтарым” (1952 – 1961), „Алатау баурайында” (1960), Орақ, олақ” (1962) кітаптары бар.

Ақынның балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ол балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойлайды. Сондықтан да өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтады. Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын „Кім ұтылды, кім ұтты?” өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай таласып жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:

Қиын емес бұл мүлдем,

Теп – тең етіп бөлейік.

Екеуің ал бір – бірден

Мен – ақ соған көнейін.

Не керек сол айтысып,

Сен бер маған жартысын.

Не керек сол тартысып,

Сен бер маған жартысын.

Екеуі оған көніпті,

Жарты – жарты бөлікті

Басу айтқан балаға

Өз қолынан беріпті.

Кім ұтылды, кім ұтты?

Кім ұқпады, кім ұқты?
„Әріптер сыры” өлеңінің мамандық таңдауға жол ашатын сыр – сипаты бар:

„А” – Алатай бала дәрігер,

Аурудан сақтар ол мені.

„Ә” - Әнуар өнер біледі,

Әдемі етік тігеді.

„Б” – Бауыржан сақшы – жауынгер.

Батыр деп сүйген қауым ел.

„В” – Володья мастер мен дейді,

Вагондарды жөндейді.

„Г” – Гүлжамила бақшашы,

Гүлге толған бақшасы.

„Ғ” – Ғажап бояу жағады,

Ғали сурет салады.

„Д” – Дүлдүл аттар баптаған,

Дәрменді жұрт мақтаған.

„Алатау баурайында” поэмасы. Жақы деген жарлының жаман шалашын сұрап алған Перенебек оны үй етемін деп қазып жатқанда алтын тауып алады. Пернебек оны Жақыға сенің үйіңнің астынан шықты сен ал дейді, ал Жақы жоқ сен ал, сенің еңбегің дейді. Ақырында бір дана қарияның айтуымен алтынды халық игілігіне жұмсап, алмалы бақтар орнытыды. Міне, бұл баланы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеясынан туған.


Егер де...” өлеңі:

Ауланың қарын күрер ем,

Аяғым су болмаса.
Бақшаны баптап жүрер ем,

Үстіме шаң қонбаса.

Суға да мен барар ем,

Егер қарым талмаса.

Отынды да жарар ем,

Ағаш қатты болмаса.

Жұбатар ем Жанатты,

Жылап маза алмаса.

Жақсы оқыр ем сабақты,

Кітап қалың болмаса.



Тұла бойын жаман жолға бастайтын қырсық билеген тілазар жалқау баланы Мұзафар қатты сынаған. Осыдан үлкен қорытынды жасауға, сабасына түсетіндей ой салған. Жаман әдеттен баланы ерте арылтуға үндеген.

Қырық жұмбақ.

  1. Бір күнде үш баийды, үш жұтайды. (Дастархан)

  2. Дүлей үрейді жеп қойды (Қасқыр мен қоян)

  3. Су ішінде желігер,

  4. Құм үстінде демігер. (Балық)

Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.

  4. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  7. Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.

  9. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  10. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  11. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)

  12. Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994

  13. Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.


15- дәріс

Тақырып: Туысқан халықтар әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалар.

Дәріс мазмұны: Ш.Айтматовтың, Н.Хикмет, Л.Толстой, А.Чехов, Э.Хемингуэй, Х.К.Андерсен т.б. шығармаларының бастауышта берілу жайы.

Пайдаланылатын әдебиеттер :

  1. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  2. Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.

  3. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.

  5. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  6. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)

  7. Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994

  8. Сөз өнерінің сырлары. Әдебиеттану. Құраст:Дайыров Ә.,т.б.-А., 2003.


6. Практикалық, семинарлық, лабораториялық сабақтардың жоспарлары:



Тақырыбы

Практикалық сабақтың мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы.


1. Балалар әдебиеті туралы түсінік.

2.Балалар әдебиеті жөніндегі ұлы адамдардың ой-пікірлері.



1

1,15,19,25

2

Балалар әдебиетінің басқа ғылымдарға қатысы.


Балалар әдебиетінің фольклористика, әдебиеттану, этнопедагогика, психология ғылымдарына қатысы.


2

1,15,19,25

3

Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.


Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны мен рөлі.


3

1,15,19,25,21,22,26

4

Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.


Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.


4

1,15,19,25,17

5

Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.


1.Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.

2. «Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысы.Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.

5

1,15,19,25

6

Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.


Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының тарихи сипаты, тәрбиелік мәні.


6

1,15,19,25,3,4,5,14

7

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.


1. Ы.Алтынсарин – Балалар әдебиетінің атасы.

2.Қазақ балалар әдебиетіндегі Абай шығармаларының рөлі мен тәрбиелік мәні.



7




8

ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.


А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.


8




9

ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.


С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, С.Көбеевтің балаларға арналған шығармалары, олардың идеялық мазмұны және тәрбиелік мәні. Бастауышта оқытылуы.


9




10

Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.


1.Жауынгер жазушы Б.Бұлқышевтің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат»(1943) әңгімелері.

2. Ж.Жабаев поэзиясының халықтық сипаты.



10




11

Әдеби теориялық ұғымдар

Шығарманың құрылысы. Көркем шығармаларға талдау жасау.


11




12

М.Әуезовтың балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты


«Көксерек» әңгімесінің көркемдік тілі


12




13

М.Иманжановтың балалар әдебиетінде алатын орны.


М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесіндегі балалар өмірінің шынайы көріністері.


13




14

Балалар прозасы.

Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Нұрпейісов, Б.Соқпақбаев, М.Қабанбаев, С.Сарқасқаев, Қ.Толыбаевтың балаларға арнап жазған әңгімелері, тәрбиелік сипаты, көркемдік ерекшеліктері.


14




15

Туысқан халықтар әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалар.


Ш.Айтматовтың, Н.Хикмет, Л.Толстой, А.Чехов, Э.Хемингуэй, Х.К.Андерсен т.б. шығармаларына талдау жасау.


15





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет