Байланысты: Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы
2.Авторитарлық стильде – басшы басқарылушылар ұжымының ойымен санаспайды. Барлық басқарылушылардың іс-әрекетін өзі анықтайды, кім-кіммен жұмыс атқаратынына дейін айтып береді, олардың ынта-жігеріне қарамайды, басқарылушылар әрқашан «жұмбақ әлемінде» өмір сүреді. Негізгі қарым-қатынас түрі-бұйрық, көрсетіп беру, инструкция, қатаң тәртіп. Тіпті, кейде айтатын мақтау сөзін де бұйрық немесе намысына тиерліктей сөздермен жеткізеді. Мысалы: «сен бүгін жақсы жауап бердің. Мен сенен оны күтпеп едім» деген сияқты. Мұндай басшы басқарылушылардың қателерін жою тәсілдерін түсіндірмейді, керісінше күліп-мазақтауға әзір тұрады. Бұл стильде басшы болмаса басқарылушылар жұмысын тоқтатады, яғни көз алдаушылық көрінеді.