Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Рефлексия дегеніміз не?
2. Рефлексия қандай мақсатта жүргізіледі?
3. Рефлексия ұғымын алғаш рет ғылымға енгізген ғалым?
4. Рефлексияның жаттығуларын ата?
№ 25-26 дәріс Тақырып: Сенімділік тиімді қарым-қатынас жасау потенциалы.
Дәрістің мазмұны:
1. Сенімділік тиімді қарым-қатынас жасау потенциалы.
2.Сену дегеніміз не?
3. Сенімділік сабақтары.
Мақсаты: сенімділік туралы түсінік беру және студенттер бойында өз-өзіне сену қабілеттерін қалыптастыру. 1.Адами қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы құпияның ашылуы, ал құпияның ашылуы адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерінде жатыр.
Сенімділік – психологиялық категориядан гөрі, әдептілік категориясына жатады. Адами байланыстылықтың ең маңыздысы – сенімділік деп Ральф Уолдо Эмирсон өзінің «Өзіңе сенімділік» атты әйгілі очкеркінде көрсеткен болатын. Оның осыдан 150 жыл бұрын айтылған тамаша ойлары осы күнге дейін өз құнын жоғалтпады. Мысалы «өзіңе және басқаларға сену арқылы бақыт құсын табуМысалы «өзіңе және басқаларға сену арқылы бақыт құсын табуға болады».
Қазіргі психологтар сенімділік тақырыбын сирегірек қарастырады. Бірақ, жас ерекшелік психологиясында сенімділік термині кең ауқымда қолданылады.
Сәби дүниеге келгеннен бір жасқа дейінгі кезеңде ең маңызды іс-әрекет – сенімділікке үйрену. Ата-ананың балаға деген жақсы күтімі мен қарым-қатынасы бейсаналы сенімділікке әкеледі.Әсіресе сенімділік кішкентайға анасының балдай тәтті сүтімен беріледі. Сондықтан ана жақсылап тамақтанып, әлемнің бар жақсылығын өз бойына жинауы тиіс. Ал егер ол маскүнемдікке салынып, анаша қолданса, сәби бойында жанжалдық, сенімсіздік, мазасыздық қасиеттер орнайды.
Американдық психолог Э.Эриксон: «Сенімділік – бұл өзіңе сену, өзіңнің қажеттіліктеріңді өзің қанағаттандыру. Бұл сезімбалалық шақта, яғни дүниеге келгеннен 1 жасқа дейінгі аралықта орнайды», - деп көрсеткен.
Егер адам сене білмесе, оған қасындағы тума-туыстарымен, достарымен жақын қарым-қатынас орнату қиынға соғады. Ол өмірден оқшауланып, ығыстырылады. Неғұрлым адамда сенімділік деңгейі төмен болса, соғұрлым оның достары аз, қарым-қатынас деңгейі де өте төмен болады. Бұндай адамдар дос болу, жақсы көру және т.б. сезімдерінтүсінбейді және білмейді.
Отандық психологтар сенімділікті – адамдар арасындағы қарым-қатынас компоненті ретінде қарастырды. Ғалымдар сенімділіктің негізгі 3 түрін көрсетеді:
-ақпарат көздеріне деген сенімділік;
-ақпараттың өзіне деген сенімділік;
-ақпаратты орындаушыға деген сенімділік.
Гештальттерапияда сенімділікті адамның тіршілік ету амалы деп қарастырады. Сенімділік тұлғаның есею процесінде дамиды. Есейе келе адам өмірден тәжірибе жинайды, сонымен қатар адамның өзіне деген сенімділігі арта түседі. Өз-өзіне деген сенімділік – адам өз іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, келбетін өзі құптауы. Ал сенімділік дегеніміз - өзіне және басқа адамға деген сенімділік пен қауіпсіздікті түйсіну тиянақтылығы.