3 этап. Қарттық шақ. Қортынынды этапта клиент өнімді қарым-қатынас стратегиясын саналы түрде таңдай отырып, басқалармен өз қарым-қатынсаын құруды үйренеді. Этаптың бұл кезеңінде психологтың қолджауын сезіне отырып, адам кәрілік тұлғаның бағалылығын иемденеді.
Психологиялық түзетудің 3 этапы 5 сатыдан тұрады: қарым-қатынас қиыншылығын ұғыну; өнімсіз қарым-қатынас стилінің өткен тәжірибесін ұғыну; қарым-қатынас қиыншылығын ұғыну; шындық бейне”менді” ұғыну; эмоционалды ұмтылыстың орындалуы; өнімді қарым-қатынастың стратегиясы мен позициясын ұғыну.
Психологиялық түзету курсын түгел немесе үзілді-кесілді сұлба арқылы өтуге болады. Клиент өз бетімен өмір сүріп, жұмыс істей алуға қабілетті екендігін сезінгеде ғана кездесу жүргізіледі. Ал егер клиент өзінің өмірлік ситуациясын анықтауға, жаңа сатыға өтуге көмек қажеттілігін сезінсе, онда психологпен байланыс қайта орнатылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Психологиялық түзету процесінің негізгі мақсаты?
2. Қарым-қатынас процесіндегі түзету әдістерін ата?
3. Психологиялық түзету процесінің бірінші этапын ата?
4. Жауапкешілік этапының негізгі мағынасын түсіндір?
5. Психологиялық түзету неше этаптан тұрады?
№ 23-24 дәріс Тақырып: Рефлексия тиімді қарым-қатынас жасау потенциалы.