Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»


) Мектеп жасында отансүйгіштік пен интернационализмге, діни төзімділік пен толеранттылыққа тәрбиелеу



бет35/65
Дата25.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#199238
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ

50) Мектеп жасында отансүйгіштік пен интернационализмге, діни төзімділік пен толеранттылыққа тәрбиелеу.
Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, олардың өмір салтына, көзқарастарына, құндылықтарына деген төзімділік белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Бұл – халықтың сана сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі.
Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.Толеранттылыққа тәрбиелеу - ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта.Ізгілікті қоғамда білім мекемесі тәрбиеленушінің бойында өзара бір-біріне, ата-анаға, айналасындағыларға деген сыйлы қатынасты, жасы үлкен адамдармен жас балаларға қамқор болу, көмек беру, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау ниетін тәрбиелеуі тиіс. Мұндай тәрбиенің іргетасы отбасында, мектеп қабырғасында ұлттық тәрбие беру арқылы қалыптасады.
Патриотизм - өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Сондықтан қай елде патриот­тық тәр­бие жоғары болса, сол елде саяси тұ­рақ­тылық пен экономикалық даму өрістейтіні белгілі. Патриотизмге тәрбиелеудің үлкен ор­та­сы – мектеп екені белгілі. Ондағы жос­­пар­лы тақырыптық сабақтармен қатар, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар патриотизмге тәрбиелеудің бір бағыты болып отыр. Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. оқушының бойына патриоттық сана-сезімді қалыптастырып, дамыту сатылы, кезеңмен жүргізілуі тиіс. Бастауыш сынып оқушыларына отбасына, туған жеріне, қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру керек болса, орта буын оқушыларына кіші Отан туралы, оның тарихы мен даму кезеңдері, тарихи тұлғалары, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер туралы түсінік беріп, Отан-Ананы құрметтеуге, ұлтжанды, елжанды болуға, Отан үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен ерліктерін әрдайым үлгі ете білуге үйрету қажет.
Діни төзімділікті қалыптастыра білу өте маңызды болып табылады. Діни төзімділік – кез келген дінді еркін ұстану құқығын тану, жат дінге төзімділікпен қарау, оның өмір сүру құқығын тану.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – адамның әртүрлі ұлттар мен нәсілдердің өкілдеріне құрметпен қарауы, олардың мәдениетін, тарихын, ұлттық қадір-қасиетін құрметтеу. Әртүрлі ұлт өкілдерін шақырумен әңгімелеу, әңгімелесу, оқу, сахналау, ертегілерді талқылау, диафильмдер, фильмдер көру, ұлттық мәдениеттер фестивалі сабақтары, сабақтар-КВН, викториналар, аукциондар өткізу, ұлттық қонақ бөлмелерін ұйымдастыру және т.б. - бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу тәжірибесінде қолдануға болатын жұмыс түрлері. Жұмыс түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және мұғалімнен де, студенттерден де әртүрлі дайындықты талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет