Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»


Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар



бет63/65
Дата25.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#199238
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ

98. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.
Қазіргі заман талабына сай ғаламдану кезеңінде мұғалімдерге қойылатын талаптар:
----Біріншіден, бұрын оқулықтар мен бағдарламалар ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән менталитеттерін ескермей, оқыту мен тәрбие үрдісі орталықтан басқарылды. Соның нәтижесінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтарға нұқсан келтірілді, өз ана тілін ұмытқан ұрпақ пайда болды. Оның орнын толтыру оңай шаруа емес. Сондықтан бүгінгі әрбір ұстаз Абайдың, Ыбырайдың, Шоқанның, Мағжанның, т.б. қазақ зиялыларының педагогикасын оқып үйреніп, жаңа заманға лайық «этнопедагогика» мен «этнопсихология» ғылыми негіздерін тезірек меңгеруге тиіс.
---Екіншіден, кешегі педагогикадағы жақсы үрдістерді ысырып тастамаған абзал.
---Үшіншіден, жер шары бүкіл адамзат үйі екенін естен шығармай, дүниежүзілік хабарлар кеңістігінің мүшесі болып, «Интернет» жүйесіне ену қажеттілігі туып отыр. Біздің республикамызда барлық мектеп компьютерленуде. Мектептен барлық мұғалімдер компьютер тілін үйреніп, сабақтарында пайдалана білуге қол жеткізуі керек. Бұл – уақыт талабы ғалам талабы, ғаламдану талабы.
---Төртіншіден, мамандар өзара араласып, ақылдасып атқарған істің жемісті болатыны белгілі. Ендеше, жаңа оқулықтар оқыту әдістемесі мен дидактикалық материалдар даярлау барысында ғалымдар мен ұстаздар бірлесіп еңбек етсе, олардың сапасы да талапқа сай болары сөзсіз.
---Бесіншіден, мұғалімдер ынтымақтастық педагогикасы қағидаларын өз ісінде басшылыққа алулары тиіс. Ең бастысы, мұғалім өзінің өмірімен, білімімен, зерделілігімен, салауат-тылығымен, яғни барлық ісімен үлгі болатын тұлғаға айналуы қажет.
---Алтыншыдан, оқу мен тәрбие егіз екенін бір сәтте естен шығармаған жөн.
Келешектің, біліктіліктің бастамасы киелі шаңырақ-мектепте. Ондағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді. Яғни ұстаз -үнемі үздіксіз «ізденуші». Әр ізденістің өз олжасы бар, ол алдымен ізбасарлыққа, содан соң із ашарлыққа үйретеді.
Бұл, сөз жоқ, мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті, жанқиярлықты талап етеді.

Қорыта айтқанда, өмірде мұғалімнің жасаған істері артында мәңгі-бақи қалуына игі әсер ететін ұстаздар қауымы мәңгі жасап, рухы ешқашан төмендемесін десек, өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана, ол заман талабына сай мұғалім болады деген пікірді тұжырымдаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет