33)Оқушылардың дене және экологиялық тәрбиесі
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
• мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Экологиялық тәрбие беруді арнайы бір жүйе арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жүйеге белгілі бір мазмұн, әдіс, оқыту құралдары, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру формаларымен бірге жалпы педагогикалық ұстанымдарды енгізу керек. Жүйеде әрбір элементтің мазмұны, әдісі, оқыту құралы, оқыту формасының өзіндік қызметі, орны болуы тиіс . Бірақ олардың ішіндегі ең басты, шешуші элемент – оқылатын материалдың маңызы. Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде өз туған өлкесінің табиғатын оқып үйренуінің өзіндік мәні бар. Экологиялық білім беру жүйесінде оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін мұғалімнің атқаратын рөлі ерекше.
Табиғатты қорғау жұмыстары, айналаға сүйіспеншілікті қалыптастыру, соған баланы кішкентайынан баулу мектепке дейінгі мекемелерден басталғаны абзал. Халық қазынасы болып табылатын табиғат байлығы сол елдің бүгіні мен жарқын болашағы үшін барынша тиімді әрі ұқыпты пайдаланылуы керек.
Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаны сауықтыру экологиялық білімді ғана емес, экологиялық тәрбиеге де қатысты. Демек, қоғам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас мәселесін шешу – мемлеттік іс. Ал оны жүзеге асыру әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына күшті де қуатты болып өсуіне ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғарғы оқу орнындағы теориялық жеке тәжірбиелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай оқу тәрбие міндеттерін шешуде рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Мақсаты салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |