35)Тәрбие принциптері Жеке тұлғаны дамытуға дамытуға тәрбиенің гуманистік бағыты принципі
Тәрбие процесінің принциптері - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекше-лігін танытады. Педагогикалық процестің жалпы прин-циптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр.
Тәрбие процесі сүйенетін принциптер Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципі тәрбиешіден мына міндеттерді орындауды талап етеді
1)өз тәрбиеленушілерінің жеке темперамент ерекшелік-терін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін қырағы танып, жақсы білу
2) ойлау бейімі, тұлғаның бағыттылық мотивтері, қызығушылықтары, өмірге, еңбек етуге көзқарасы, құндылықтар пайымы, өмірлік жоспарлары т.б. сияқты аса маңызды сапалардың қалыптасу деңгейінің қаншалықты болғанын және болатынын анықтай білу;
3) тұлға дамытудың әсерлі түрін біртіндеп күрделендіре отырып тәрбиелік іс-әрекеттерге әрбір тәрбиеленушіні тарту;
4) дер кезінде мақсатқа жетуге кедергі болатын себептерді анықтап, олардан арылу, ал егер дер кезінде сезіп, жою мүмкіндігі болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты тәрбие тактикасын ауыстыра білу;
5) тұлғаның өз белсенділігіне көбірек сүйену
6) тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен байланыстырып, өзіндік тәрбиенің мақсат, әдіс, форма-ларын таңдауға көмектесу;
7) тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін дамытып, оған жетекшілік етіп, ұйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.
Бұл талаптардың бірлікті түрде іске асырылуы жас және жеке ерекшеліктеріне үстірт қарамай, процестердің тереңнен дамуына, себеп-салдарлы қатынас заңдылық-тарына сүйенуге тәрбиешіні міндеттейді. белгілі жүйені құрайды.
Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрын да, қазір де көптеп саналады. Әлбетте, олардағы принциптердің сипаты, жекелей міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске түседі. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:
тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;
тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;
тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;
тәрбие гуманизациясы;
тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;
тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.
Тәрбиеші қазіргі заманғы оқушылардың білім деңгейінің жоғарылығын ескере отырып, өзі де жан-жақты дамып отыруы керек, яғни өз мамандығы төңірегіндегіні ғана біліп қоймай, сонымен қоса саясат, өнер, мәдениет саласындағы білімдерді жинақтап, өз тәрбиеленушілеріне өзін адамгершіліктің жоғары үлгісі ретінде, адамдық қадір-қасиеттің, құндылықтың таратушысы ретінде танылуы тиіс.
Тұлғаның сыртқы көрініс, әрекеттерінен оның ішкі мінез-құлқын түсіну өте қиын, осыдан тәрбие мақсаты әрқашан іске аса бермейді. Тәрбиешіге тәрбиеленушінің өзі көмектесуі қажет. Тәрбиеленушіні дос, көмекші, одақтас етіңіз. Бұл түпкілікті сапаларды түсініп, болжаудың ең қысқа, анық жолы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |