Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы, ерекшелігі. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы, жетістіктері. Мектепке дейінгілердің психикалық дамуы



бет119/142
Дата26.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#114828
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары
5 апта КБЕУ, 5 апта КБЕУ, КТП ИКТ 3 класс (2), Документ
Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы, ерекшелігі. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы, жетістіктері. Мектепке дейінгілердің психикалық дамуы.

Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы жане психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кнздн жармасу қимылдары дами басталады. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтыладі, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлемін жәнс түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын шереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практйкалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшселенуіне бастауына алыт келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қймылдары інтериоризацияланады көріп қабылдауға ауысады. Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапаиым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрскеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуслсіз заттардың болатыны баиқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылықа ие болады. Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігінің сиптаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденцисы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қайта жанғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдына ала болжап қоймаса да, осы қмиылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдсйі қайталауға нәресте қабілетті болады.

Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы, жетістіктері.



Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде / 3 жастағы кезі / бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б.Гудинаф өзінің еңбектерінде бөбек жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы- бөбек/3 жас / жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге бөбек аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі / 1 жасқа толғанда / баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға “тұсау кесу” дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші себебі: әр заттыңөзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттыңқандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісінтүсіне бастайды. Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оныңқарапайым ойындары мен балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі / сызу не үй салу т.б. / Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтардың сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның бейнасі екеніне мән бере алмайды.

Мектепке дейінгілердің психикалық дамуы.



3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет