Мектеп ауласында 10 терек және 5 шырша өсіп тұр. Теректердің саны шыршалардың санынан неше есе артық?
Сандарды еселік салыстыру немесе екі санның қатынасын табу(2-түрі);
Спорт алаңында 8 ұл және 4 қыз бала ойнап жүр. Қыз балалар ұл балдарға қарағанда неше есе кем?
Санды бірнеше есе арттыру(тура формасы);
Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды?
Санды бірнеше есе арттыру(жанама формасы);
Бүркіт 30 жыл жасайды. Бұл тасбақаның жасынан 10 есе кем. Тасбақа неше жыл жасайды?
Санды бірнеше есе кеміту(тура формасы);
Ботаның салмағы 35 кг, ал қаздың салмағы одан 7 есе кем. Қаздың салмағы неше килограмм?
Санды бірнеше есе кеміту(жанама формасы);
Ботаның салмағы 35 кг. Бұл қаздың салмағынан 7 есе артық. Қаздың салмағы неше килограмм?