Педагогика және психология факультеті



бет16/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

Қарастырылатын мәселелер:
1. Л.С.Выготскийдің психикалық даму теориясы.
2. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің кезеңмен
қалыптасу теориясы.
3. Сана мен іс-әрекеттің біртұтастық қағидасы.
_______________________________________________________________________
1. Л.С.Выготскийдің психикалық даму теориясы. 20-30 жылдары Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы қалыптасты. Выготский Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс процесінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене оытрып, еңбек- адамның құралмен істейтін әс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адамның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық әрекетінде белгілерді ( сөзді, цифрды т.б. ) пайдалануы негізінде мүмкін болған.
Адамның дамуы оқыту арқылы барлығын игеру процесін де жүзеге асады. Оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдері меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Л. С. Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Выготский былайынша тұжырымдады: “... баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі- әлеуметтік, кейін- психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді”. “Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі қажет”.
Бала тілінің дамуында маңызды рөл атқарады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, мінез-құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатын көрсеткіш ым-ишарат тарихы.
Сонымен, барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготскийдің адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формлары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Әлеуметтік мінез-құлықтың генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан шығарған дәстүрлі психологияға қарама-қарсы. Л.С.Выготский жоғары псизикалық функциялар алдымен қарым-қатынастар ретінде қалыптасады да, тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп көрсетті. Л.С.Выготскийдің теориясына сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады. Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет