Динамикалық стероетип – ( грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.
Инстинкт – ( латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.
Интеллект– ( латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.
Эволюция – ( латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді ) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.
Детерминизм– ( латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді ) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.
Фрустрация – ( латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді ) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.
Антиципация– ( латын тілінен енген «күні бұрын» деген мағынаны білдіреді ) адам текстің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алуы.
Плато – « француз тілінен енген «үстірт жердегі тегістік» деген мағынаны білдіреді ) дағдыға қажетті білімнің уақытша орнығып бекуінің белгісі.
Автоматизм – ( грек тілінен алынған «өздігінен қозғалатын» деген мағынаны білдіреді ) дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды айтамыз.
Доминанта – ( латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді ) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ , күштірек қоздыратын алапты айтамыз.
Адаптация – ( латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді ) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.
Сенсибилизация– ( латын тілінен енген «сезгіш» деген мағынаны білдіреді ) сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.
Синестезия – ( грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді ) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.
Спектр– ( латын тілінен енген «көріну» деген мағынаны білдіреді )
Пигмент – ( латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді )
Диссонанс – ( француз тілінен енген «үйлесімсіз» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымсыз дыбыстарды диссонанс дыбыстар деп атаймыз.
Консонанс– ( француз тілінен енген «үйлесімді» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымды естілетін дабыстарды айтамыз.
Резонанс – ( латын тілінен енген «жаңғыық» деген мағынаны білдіреді )
Кинестезия– ( грек тілінен алынған «қозғалыс түйсігі» деген мағынаны білдіреді ) дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.
Статика –( грек тілінен енген «тіке тұратын» деген мағынаны білдіреді ) денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіретін түйсіктерді айтамыз.