«Педагогика және психология» кафедрасы 5В050300 – «Психология» мамандығына арналған «Этнопсихология» пәні бойынша емтихан



бет3/5
Дата25.12.2021
өлшемі110 Kb.
#105121
1   2   3   4   5
Байланысты:
АБДРАХМАНОВА А

Ұлт және ұлтаралық қатынас

Этнос – сыртқы түр-келбетінің ұқсас белгілері, қалыптасқан мәдениеті мен ортақ тілі, мінез-құлық қағидалары және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипаты қасиетін көрсететін және басқа этностардан ажыратылатын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениет құрауыштары. Бұлар өзіндік ерекшелігі бар этностық мәдениетті құрайды. Этностың белгісі – мәдени құндылық.

Этностың қалыптасып, оның одан әрі сақталуы үшін, сол этностың белгілі бір жер аумағы және ортақ, бірлескен экономикалық өмірі болуы шарт. Адамдарда басқару – тайпалардан ерекшеліп тұратын ортақ тіл қалыптасу үшін, олар ұзақ уақыт бір қауым болып, етене жақын тұруы керек. Ал мұның өзі бәріне ортақ бір өңірде тұрғанда ғана мүмкін болатын құбылыс.

Түркі әлеміндегі қазақ халқының қалыптасуына негіз болған, этногенетикалық туыстықтың тамыры көне дәуірлердің басталады. Қазақ ұлтын құраған Қазақстан мен Орта Азия шегінде біздің заманымызға дейін өмір сүрген сақ, үйсін, қаңлы, түркі, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат, т.б. көптеген ру-тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры тереңде жатқан тарихи дамуының нәтижесінде 15-17 ғасырда оның қазіргі ұлттық аумағы қалыптасты. Қандай қиыншылықтар мен шапқыншылықтар болса да, қазақтар өз тілін, туып-өскен жерін сақтап қалды, этностық құрауыштарын дамыта түсті.

18 ғасырдың басынан бастап (үш жүз жылға жуық уақыт) қазақ халқының тарихы Ресей империясымен байланысты болады. Уақыт талабына қарай, қилы кезеңдерде бұл қарым-қатынастар әр түрлі бағыттарда дамыды.

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшелігін жазу. Қазақстанда 120-дан астам ұлттар тұрады. Орыс, неміс, түрік, өзбек, қырғыз, күрт, тәжік, әзербайжан, башқұрт, ұйғыр, татар, казак, т.б. ұлттар тұрады. Орыс, казак, немістер хрестиян діндерін ұстайды. Түрік, өзбек, қырғыз, қазақ, ұйғыр, тәжік, татар, т.б. мұсылман дінін ұстайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет