Тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастар
Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қосүн, қоссөз, қостіл).
Императив немесе әміршіл ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Ортақтасу партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады. (Отыр! Тұр! Әкел!). Сонымен, әміршіл ортақтасу – басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.
Қоғамдық қарым-қатынастарда императивті ортақтасудың өз орны бар. Мысалы, әскери қатынастар, төтенше жағдайлардағы бастықарым-қатынасызметкер қатынастары, қиын-қыстау, зілзала, операция кезіндегі қатынастар. Осындай салаларда императивтік ортақтасуды пайдалану нәтижелі әрі қолайлы.
Сонымен қатар мүндай ортақтасуды мүлде қолдануға болмайтын салалар да баршылық. Ең алдымен ортақтасудың бұл түрін достар және жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану ыңғайчыз әрі нәтижесіз. Бұйрық, тиым көмегімен ұстаздар мен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң, оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары, қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың ішкі құндылығы бола алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |