Педагогика және психология кафедрасы Шеберлік сағатының тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау»



бет1/2
Дата16.01.2020
өлшемі401 Kb.
#56000
  1   2
Байланысты:
МАСТЕР КЛАСС



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ





Педагогика және психология кафедрасы

Шеберлік сағатының тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау»



6В01301-Педагогика және психология

Оқытушы: п.ғ.к., доцент Акрамова А.С.

Алматы, 2019 ж.

Шеберлік сағатының тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау»



Мамандық, топ: Педагогика және психология
Шеберлік сағатының мақсаты: Педагогикалық қызметтің басты мақсаты — жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Даму мен оқу – Студенттерді тәрбиелеу үдерісін психологиялық қамтамасыз ету. денсаулығын қорғау мақсатында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.

Міндеттері:

Ø Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламаларын енгізуде педагогикалық – психологиялық қолдау көрсету;

Ø Білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне қажетті психологиялық көмек беру;

Ø  Әр бір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Негізігі ұғымдар: шеберлік, инновация, оқыту, білім беру және т.б.

Шеберлік сағатында қолданылатын әдістер: әңгіме, сұрақ-жауап, интербелсенді әдістер, проблемалық оқыту әдісі.

Шеберлік сағатының көрнекілігі: мультимидиялық аппарат, слайдтар, сызба плакаттар, перфокарта, карточкалар.

Техникалық құралдар: мультимидиялық аппарат

Шеберлік сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.



ІІ. Мәліметтерді түсіндіру.

  • Қатысуын тексеру;

  • тақырыпты баяндау

  • негізгі ұғымдарға түсінік беру.

  • тапсырма беру.

  • Бағалау.


Жоспары:

  1. Отбасының қызметі мен міндеттері.

  2. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың аспектілері

  3. Психологиялық-педагогикалық қолдау 



Мазмұны.

Ұлттық білім жүйесі кез келген-мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Әрбір мемлекеттің және оның азаматтарының өсіп өркендеуі тікелей білім беру жүйесінің тиімділігіне тәуелді. Қазіргі таңда көптеген білім беру ұйымдары қағидаларын ұстанатын дәстүрлі білім беру жүйесі негізінен біріздендірілген оқу-тәрбиелік мақсаттарға жетуге және сәйкес бағдарламаларды жүзеге асыруға шоғырланған. Яғни, бұл әрекет «қалыпты» білім алушылардың «қалыпты» қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттылған. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының стратегиялық мақсаты білім беру процесіне барлық қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл барлық білім алушылардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктерінің жағдайына қарамастан нәтижелі әлеуметтенуін қамтамасыз етуді білдіреді. Берілген міндет балаларды кез келген кемсітушілікті жоятын және кедергісіз оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 1-бабы, 21-4 тармақшасында инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс деп көрсетілген. Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ол бірқатар сұрақтармен, оның ішінде білім алушының әлеуметтік сипаттағы немесе психофизикалық жағдайының ерекшеліктерімен шартталған болуы мүмкін. Әлеуметтік факторлардан туындаған білім беру қажеттіліктері тілдік сипаттағы оқыту қиындықтарымен (мигрант отбасының балалары, қазақ немесе орыс тілін меңгермеген оралман отбасылардың балалары), сабаққа қатысуымен (шалғай аудандар, ауылдарда тұратын халық), отбасының материалдық жағдайымен (табысы төмен отбасылар) және т.с.с. байланысты болуы мүмкін. Алайда, педагогтар арасындағы жоғары алаңдаушылықты психофизикалық дамудағы кемшіліктерден болған ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар тудырады. Олар келесі сұрақтарды уақытында шешуді талап етеді:  дамудағы бұзылыстарды анықтау;  психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру;  тәрбиелеу мен оқытудың арнайы жеке түзету бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; 4  оқу процесін арнайы медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдаумен (арнайы педагог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медициналық қызметкер) қамтамасыз ету;  студенттерді ары қарай дамыту үшін танымдық мүмкіндіктер мен нақты оқу жетістіктері бойынша студент мен оның ата-аналарына қойылатын талаптар мен ұсыныстардың сәйкестігін тұрақты қадағалау;  білім беру ортасын ыңғайлы, ерекше кеңістіктік және уақыттық ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Қазіргі заманда білім беру ұйымының алдына түзете әсер етудің мазмұны мен әдістерін анықтау, балалардың ерекше қажеттіліктеріне байланысты білім беруге жағдай жасау міндеттері қойылуда. Осыған орай ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процесіне нәтижелі қосу мәселесін шешудің бір жолы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық консилиумдарды (ППк) жүйелі түрде жүргізу болып табылады. Білім беру жүйесін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ баланың білім беру қажеттіліктерін және жеке ерекшеліктеріне білім беру ортасын бейімдеу жолымен отбасының жігері мен педагогтар, психологтар, логопед, дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, медициналық қызметкерлердің әрекетін бірыңғай қызмет ететін алгоритмге біріктіруді көздейді.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан қазіргі таңда сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді меңгеріп, педагогикалық білімін жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, ақыл-ой және шығармашылық әлеуеті қалыптасқан, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл мұғалім қажет.



Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. 256 Орта мектептердегі білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда: • Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; • Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу; • Студент ға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жанжақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс. Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде студент ның ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - "міндетті, студенттер", екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалык, төртінші - шығармашылық. Ендеше студенттер білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесушіоқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді.

 Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.

Орта білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру қажеттігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасында айқындалып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты. Бұл қазіргі басымдықтарды ескеретін жаңа білім стандартын, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, оларды жүзеге асырудың бағыттарын айқындайтын әдістемелік қызметті жаңарту  қажеттігін анықтайды.  Сондай-ақ ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылдың 13 қаңтарындағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұнын жаңарту, мектеп студент ларының функционалдық сауаттылығын дамыту міндеттері белгіленіп отыр.

Функционалдық сауаттылық білім берудегі жаңа басымдықтарды айқындайды: алынған білімді өмірден практика жүзінде қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің көзқарасын негіздей білуді қалыптастырады.Жеке тұлғаның функционалдық сапаларын белсенділік, шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдай білу, өмірде өзін-өзі дамытып іске асыра білуді қалыптастырады.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни студент дан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп студент сы.Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр.

Баланың өмірі ортаның күрделі ұйымдастырылған, әртүрлі формасы мен бағыттары бойынша ағыммен өтеді. Табиғатынан бұл орта әлеуметтік, өйткені ол баланың құрбыларымен, әр жастағы балалармен, педагогтармен, ата-аналармен, өзге ересектермен әртүрлі қарым-қатынас жүйесін ұсынады.

Мазмұны бойынша бұл орта эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық, тұрмыстық және т.б. болуы мүмкін. Бала өмірдің барлық жағына қатысты көптеген әртүрлі таңдаулар алдында болады: қалай оқу және ересектермен қандай қарым-қатынас құру, құрдастарымен қалай сөйлесу, қазіргі және өзге талаптарға, ережелерге қалай бағытталу, т.б. Көмекке өздерінің әлеуметтік, кәсіптік немесе жеке айқындамаларымен балаға әртүрлі қолдау бере алатын ересектер ұсынылады. Ең алдымен бұлар – педагог, ата-ана және психолог.

Сол себептен, психологиялық-педагогикалық қостау түсінігін ашу мақсатында өзара қарым-қатынас, әріптестік, жағдайлар құру, көмек, қызмет бағыты, объектімен жұмыс сияқты ұғымдар қолданылады.

Психологиялық-педагогикалық қолдауды бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

- балаға жеке білім беруде көмек пен қолдау көрсетуге қабілетті педагог-психологтың кәсіптік қызметі сияқты;

- білім беру міндеттерін шешу кезінде балаға рухани дербес таңдау жасауға көмектесетін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттер кешенін құрайтын үдеріс сияқты;

- жетекші мен жетеленушінің өзара іс-әрекеті сияқты;

- студент лардың оқу жетістіктерін қамтамасыз етуде педагог, психолог, және т.б. мамандар әрекетінің дәйекті кезеңдерінің қатарын құрайтын технология сияқты;

- мақсатты, мазмұнды, үдерісті және нәтижелі элементтердің өзара қарым-қатынасын мінездейтін жүйе сияқты.  

Соңғы жылдары психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориясы мен практикасының жіті дамуы білім беру мақсаты туралы ұсынымды кеңейтуге  байланысты болды. Бұл мақсатқа тәрбиелеу, дамыту мақсаттары, бала денсаулығын физикалық, психологиялық, психикалық, рухани және әлеуметтік қамтамасыз ету енеді.

Қолдаудың негізі келесі ұстанымдардан болады: 

1. Ізгілендіру -  бала мүмкіндігіне сенуге болжанған.

2. Жүйелі тәсіл – біртұтас жүйе ретінде адам түсінігіне негізделген.

3. Кешенді тәсіл- бала дамуын қолдауға бағытталған. 

4. Баланың жеке мүмкіндігіне, оның даму қарқынына сәйкес қолдаудың мазмұнын, формаларын және тәсілдерін болжайтын баланың жеке және жас ерекшеліктерінің есебі

5. Білім беру үдерісінде баланы қолдаудың үздіксіздігі.



Психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл мектепалды даярлық үдерісінде әрбір баланың табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметті-психологиялық және педагогикалық жағдайлар құратын толық, жүйелі ұйымдастырылған қызмет.

Психологиялық-педагогикалық қолдау объектісі болып білім беру үдерісі (оқу-тәрбие үдерісі) табылады.

Қызмет пәні – бала қатынасының жүйесі ретінде бала дамуының жағдайы:

·                       әлеммен;

·                       айналасындағылармен (ересектер, құрбылар);

·                       өзімен өзі.

Қазіргі таңда Қазақстан ең бір өзекті мәселелерінің бірі- студенттердің білім алуға деген құштарлығының төмендігі немесе оқуға деген мотивацияның жоқтығы. Студенттердің оқуға деген мотивациясының жоқтығы көптеген себептермен түсіндіріледі. Соның ішінде: білім алуға деген жалқаулық, іш пыстырарлық  өмір, әлеуметтік –тұрмыстық жағдайы, ата-аналарымен және достар арасындағы түсінбеушілік т.б.Кейбір студент ЖОО-на білім алуды өздері үшін емес  ата-анасының  нұсқауымен немесе өмірінің міндетті бір бөлігі ретінде қарайды . 

Бір-бірімен бәсекелесіп ата-аналарының, мұғалімдерінің көзінше үздік болуға тырысса, 2-3 курска келгенде олардың оқуға деген ынтасы кеміп, ЖОО-на тек ата-аналарының, оқытушылардың ескертпелерінен қаймыққаннан және достарымен болу үшін келетін тәрізді. Және де қазіргі интернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқа да жағдайлар студенттердің сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белігілі. Осындай кезде студент білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Осыдан «студенттердің білім алуға деген қызығушылығын қалай арттыруға, ынталандыруға болады?» -  деген сұрақ туады. Бұл мәселенің шешімін оңай табады деп айтуға келмес. Студенттердің оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін психологиялық , қоршаған ортасын жақсы білу керек деп ойлаймын.

Сонымен бізді мазалап отырған сұрақтардың бірі студенттердің оқуға деген мотивациясының артуына не істеуге болады?  Оқытушы білім беру саласындағы  көтеріліп жатқан осы өзекті мәселені өзгерту  үшін не істей алады?

Мотивация мәселесі отандық және де шетел психологиясында ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Х. Хеккаузеннің «психологиялық зерттеу аймағында осы мотивация мәселесі сияқты кең әрі жан-жақты мәселе табылмас» деген Бұл мәселені зерттеп, сырын ашуға адамзат баласының көптеген ғалымдарын толғандырған. Онын бірі америкалық психолог Бенджамин Блум.

Осы жерде Блум таксономиясының білім игеруге бағытталған 6 қадамынатап өтсек болады.

Таксономия (грек тілінен аударғанда орналасу, құрылыс, тәртіп және заң) деген мағына береді.

Таксономия – олардың белгілі бір құрылымдағы бірізділігін құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

6.  Бағалау

5. Жинақтау

4. Талдау.

3.Қолану

2. Түсіну

1. Білу, тану

Алдымен студенттердің оқуға  талпындыру үшін  білім алуына  қолайлы жағдай жасау. Студенттердің оқуға деген  мотивациясының жоғарлауына топтағы көңіл күйдің жақсы болуы көп әсер ететіні айтпасада түсінікті. Біз әр студентке дәріс барысында жеке тұлға ретінде қарап оның ойын, пікірін ескеріп сабақ өткізсек студент да өзінің білім алуға деген көзқарасын өзгертері сөзсіз.                 

Мұғалім алдын ала сабақтағы өзінің рөлін нақты белгілеп алу керек. Ол дегеніміз студенттер өз  білімінің  шекарасын аңықтауға үйрету, студенттермен өзекті сұрақтар көтеріп сол сұрақтардың шешу  жолдарын талқылау, студенттерге өзін-өзі бағалауды және бақылауды сеніп тапсыру. Осындай жолмен білім беру арқылы студент өзін жеке тұлға ретінде сезініп алдына мақсат қойып білім алуға және өзекті сұрақтарды шешуге өзінше талпынады , ұжымдық жұмыс істеуге үйренеді. Өзгенің пікірін тыңдап және өзінің пікірінің  маңызды екенің түсінеді. Осындай жағдайлар студент ның оқуға деген мотивациясының жоғарлауына себеп болады.

Білім беру үдерісінің психологияландыру: мұғалімдер, студенттер, ата – аналадың психологилық  мәдениетін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін сіздерге бірнеше психотерапия әдістерімен таныстырып өтейін:

Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді.

Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өзіс- тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.

Сабақта қолданған әр жаңа иновациялық әдіс-тәсіл сабақ беру барысына тың жаңалық әкеліп студент лар бойына  қызығушылық пен құлшыныстың әкелетіні рас. Студент ны білім алуда өз алдына мақсат қойып сол мақсатқа жету үшін не істеу керек екенін , қандай жолдары бар екенін  түсіндіру керек. Студенттерге   дайын күйдегі білімді бермей керісінше , олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.

Сонымен ортақ пікірге келсек, шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті.

Сабақта қолданылған стратегиялар студент ларыма өздерінің, бір- бірінің ой­пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды.

Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.

Оқу әрекетінде студенттерге неғұрлым көбірек бостандық пен өз бетімен әрекеттенуге жол берілсе,соғұрлым оған студент лардың қызығушылығы арта түседі. Белгілі бір әрекеттің нәтижелігіне қызығушылықтың тәуелділігі де өзгереді: бастауыш сынып студент сы әдетте өзі сәтті жүзеге асыра алатын, оңай әрекетке қызығады, кейін олардың қызығушылығы қиындықтарды жеңуге де бағытталады. Бастауыш сынып студент лардың негізгі қызығушылығы оның өмірінің мазмұнымен, үйдегі, мектептегі әрекетімен анықталады .

Сабақтағы топтық жұмыс кейде назардан  сырт қалып қоятын студент ларды ұжымдық жұмысқа кірістіріп, өздерінің  сол топтың бір белді мүшесі бола алатынын көрсетті. Студент лардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыратын басты факторларының бірі деп мен өз жұмыстары мен сыныптастарының жұмыстарын өздері бағалауы деп айтсам артық болмас еді.

Қорытынды. Жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсында мынадай тұжырымдар жасадық: - студент лардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады; - қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды; - қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы студент ларды шығармашылыққа баулиды; - студент ларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор; - қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдісамалдар өте мол, студент лардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз студент ларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Соның бірі орыс тілді мектепте қазақ тілін оқытуда қолданылған шығармашылық тапсырмалар, студент лар өздері ізденеді, тілге деген құрметі артады, әр тақырыптың мәні ашылып, талданады, қазақ 53 халқының салт-дәстүрімен таныстырылып, сыйластыққа үйретеді, пәнге деген қызығушылықтары да арта түседі деп ойлаймыз. Сөзімді қорыта келе қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі. Сондықтан шаршамай, талмай жұмыс жасайық!

Әдістемелік нұсқау. Ұсынылған материалдарды студенттер толық меңгеру үшін төмендегідей мәселелерге басым көңіл бөлуі керек: Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - студент тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра, тапсырмаларды, ықшамсабақтарды құрастыру.

Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.Заман талабына сай білім беру студент лардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және студент ның қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат студент ға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.



Тапсырма:

1.Осы шеберлік сабақтан тыңдаушыларыммен өткізілген дәрістер маған не берді, мен не алдым немесе мен өзгердім бе?



2. Педагогикалық ұстанымым мен шешімімге анықтама беріңіз




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет