Бақылау жұмыстары:
1. Отбасындағы психологиялық сауаттылық мақсаты?
2. Отбасы жұмысына негізделген ұстанымдар?
3. Қызметтің мобильділігі дегеніміз не?
4. Құзырлылық ұғымының мәні мен мағынасы?
5. Адам құқығы және абыройын құрметтеу?
20 лекция
Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны
(1 сағат)
Жоспары:
1. “Баланың жеке басын дамыту мектебі”
2. “Баланың жеке басын дамыту мектебінің” мақсаттары мен міндеттері
3. “Баланың жеке басын дамыту мектебінің” іс-әрекет мазмұны мен бағыттары
Мақсаты: Баланың жеке басын дамыту мектебінің мақсаты мен міндеттері, іс-әрекет мазмұны мен бағыттарымен таныстыру.
Лекция мәтіні:
1. “Баланың жеке басын дамыту мектебі” 2003 жылы ОҚФ РҚБ “Қазақстан Психологтарының Ұлттық Ассоциациясының ” қызметкрлері (2007ж-ОҚФ ҚБ “Қазақстан психологар ассоциациясына” ауыстырылғаннан кейін) “Баланың жеке басын дамыту мектебі” ұйымдастырылған. Бұл жобаның негізгі мақсаты-тәрбиелеу жағдайында баланың жеке бас даму ерекшеліктерін, қабілеттерінің тиімді қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін, 18 жасқа дейінгі балаларға кәсіби психологиялық көмек көрсету.
Практикалық психология және психотерапия Еуразиялық Институты психологтары 2007 жылы Қазақ психологтары ассогциациясы мамандарымен бірлесе отырып “Баланың жеке басын дамыту мектебі” жұмысының тәржірибелерін жүйелеп жалпылады, сонымен қатар баламен психологиялық және психотерапевтік жұмыстар нәтижесінде отбасылық қарым-қатынас саласында бірқатар зерттеулер жүргізілді.
Сабақтар келесі тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, психодрама, би-қозғалыс психотерапиясы, денелік-жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт-терапия және т.б.
2. “Баланың жеке басын дамыту мектебі” бағдарламасының мақсаты: жекелік ерекшеліктер мен ресурстарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту.
Негізгі міндеттер:
бала мен ата-анасына қатынасына психодиагностика және психокоррекция;
тұлға жекелік ерекшелік мәселесіне психологиялық коррекция жүргізу (агрессивті іс-әрекет, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.);
тиімді қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру және дамыту;
жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;
жас ерекшелік дағдарыстың алдын алу;
соққыдан кейінгі стресстік бұзылыс психотерапиясы;
денелік зорлық психотерапиясы;
шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру;
әдептілік іс-әрекетінің қалыптасуы;
қақтығыстық оқиғаларды болдырмау дағдыларын дамыту;
көсемдік қабілетімен сенімділікті дамыту;
мектепте оқуға психологиялық даярлық;
оқу іс-әрекет мотивациясы және танымдық белсенділікті дамыту;
таным процестерді дамыту (есте сақтау, зейін, қиял, ойлаудың барлық түрлері);
арнайы және шығармашылық қабілетін дамыту;
қызығушылық пен қабілеттің негізінде, кәсіби деңгейде өзін-өзі анықтау;
баланың қабілеті мен жекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, табысқа жету үлгісін қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |