Бақылау сұрақтары: 1. Отбасы татулығы бағдарламасының негізгі қызметімен мақсат, міндеттері?
2. Отбасы татулығы бағдарламасының бағыттары?
3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттілігі?
4. Алдын-алу жұмыстарының түрлері?
5. Отбасы татулығы қызметінің мазмұны?
19 лекция Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама (1 сағат) Жоспары: 1. Мақсаттары және міндеттері; 2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары; 3. Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі 4. Отбасының әлеуметтік мәні.
Мақсаты: Отбасы татулығы қызметінің негізгі ұстанымдары мен этикалық қалыптарымен таныстыру.
Лекция мәтіні: 1. Мақсаты және міндеттері;
Бала және отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, бала және отбасы өмір сүру деңгейін жақсарту;
Отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық-ағарту ұйыммен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;
Биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау;
Баланың биологиялық отбасында нәтижелі дамуын қамтамасыз ету және психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады;
2. Отбасы жұмысына негізделген ұстанымдар нақты “Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы” еңбегінде қарастырылған.
Отбасы жұмысында қажетті жаңалықтар:
Отбасы-бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкіндік орын;
Бала үшін туған отбасы, діңгек болып табылады, сондықтан отбасындағы негізгі жұмыс сәтсіздікті жоюға, алдын алуға бағытталады;
Әрбір жағдайдың бірегейлігі кез-келген ойдан хабар береді, соындықтан көмек беруге икемділік қажет;
Серіктестік - өзара әрекеттестіктің барлық жағының негізгәі ұстанымы;
Қызметтің мобильділігі – отбасымен жұмы жасаудың бірінші нәтижесі;
“Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебінде” психологтың негізгі этиклық қалыптарына келесілер кіреді:
құзырлылық – психолог маман иесі отбасында, әдіс тәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандарта бала және ересекті қорғау үшін қарастырылған сналы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану;
нақтылық және кәсіби жауапкершілік. өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Кез-келген адамға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік ролдерін нақты ажыратып, соған сәйкес қызмет атқарады.
адам құқығы және абыройын құрметтеуі. Психолог индивидтің жеке құқығын, өзіндік анықтауын және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коорекциялық шараларды жүргізер алдында, ол бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және ролдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушліктерді жедел анықтап отырады.
айналаның қолайлы сипатына қамқоршы. Өз іс-әрекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтығысты жауапты түрде шешеді. Шынайы түрде басқа адамның ерекшелігіне мұқият қарайды.
әлеуметтік жауапкершілік. Адамның қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосуда, маман психологиялық білімді көтеруді жариялайды.
Аталған ұстанымдары ескерілуі “Баланың жеке басын дамыту” және “Ата-аналар мектептерінде” жұмысты тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар отбасы татулығына бағытталған маңызды психологиялық жағдайлардың бірі болып табылады.
Психологтың кәсіби этикасы – бұл психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қоғаммен, зерттелінушілермен, сұхбаттасушымен, жәрдем сұрап келген адамдармен қарым-қатынас барысында спецификалық құлықтық, адамгершілік, өнегелілік талаптарды жүзеге асыру болып табылады. Ғалымдардың барлық категориялары үшін маңызды болып табылатын (экспериментальды мәліметтерді жинақтаудағы ғылыми шындық пен әдептілікті сақтау, тексерілмеген мәліметтер негізінде шыққан шұғыл шешімдерді, бөгде адамдардың зерттеу нәтижелері мен көзқарастарын меншіктенуден бас тарту т.б.) әртүрлі этикалық талаптар мен қағида, ережелермен қатар, психолог зерттеу жүргізу барысында зерттелінушінің жекелік қадір-қасиетін, олардың қызығушылықтарын кемсітуші немесе нұқсан келтіруші әдістерді, техникаларды, рәсімдерді қолданбауы қажет.
ХХ ғасырдың аяғында педагогтар мен психологтар үшін маңызды болып табылатын жаңа құбылыс келді. Педология кетіп оның орнына практикалық психология келді. Біраз жылдар өтеннен соң өздерін практик психолог деп атап спецификалық қызметтерін ұсынды. Ол қызметтер баланың оқуға даярлығын анықтау; бизнес жоспарларды психологиялық қамтамасыз ету; кәсіп иелерінің психологиялық сипаттамасымен олардың үйлесімділігін болжау т.б. Бұлар кімдер? Олардың әлеуметтік статустары мен қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны қандай? Индивидуалды және әлеуметтік өмірге әсер ету үшін қандай құқықтарға негізделіп жауапкершілікті мойнына алады?
Адамның “Мен-концепциясы” деңгейінде өз кәсіби әрекеттеріне шектеулер де қойылады. Мысалы:өзіне немесе басқа адамдарға “Мен мұны істей аламаймын, қолымнан келмейді, нашар істеймін немесе біреудің көмегімен ғана емес кәсіби жауапкершілік аумағы да, сондай-ақ “істей алмаймын „ дегенді болдырмауды жоюды кәсіби жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер де жатыр.
Ғасырдың басындағы психолог мамандығының ипайда болуы оқу және еңбек әрекетінде адамдардың индивидуалдылық ресурстарды қолданудыңяғни адам жақсы оқуы және жақсы жұмыс істеуі қажеттілігіндегі, әлеуметтік міндеттермен байланысты болды. Ал бұл еңбек психологиясы тарихымен оқыту психологиясы тарихында жалғастырылып көрсетілді. Соңында психологиялық білімдердің жаңа саласы индивидуалды айырмашылықтар психологиясының пайда болуына жағдай жасады.
Психолог осы кәсіп аумағында бола отырып жекелік дамудың перспективалары сипаттамасындағы, оқу мен еңбек әрекетін жүзеге асыру сәттілігінің нақты көрінуінде бұл перспективалалды анықтау жауапкершілігін мойнына ала отырып, индивидуалдылық өмірдің маңызды сипаттамаларының бьірінен жұмыс істей бастады.
Кәсіби этика-бұл адамның өз кәсіби міндеттеріне қатынасын анықтайтын моральдық нормалар жиынтығы. Еңбек адамдарының еңбек сферасындағы адамгершілік қатынастарының кәсіби этика реттеп отырады. Қоғам материалды және құндылық өндірісінің үздіксіз процесі нәтижесінде ғана дұрыс қызмет етіп, дами алады.
Кәсіби этика мазмұны адамдар арасындағы өзара адамгершілік қатынасын нақты бір түрін және сол кодекстерді дәлелдеу тәсілдерін көрсетуші, мінез-құлық кодекстері болып табылыды.
Кәсіби этика мыналарды зерттейді׃ - ұжымның еңбек қатынасын және әрбір маманның жеке қатынасы׃ - кәсіби міндетін жақсы орындауды қамтамасыз ететін маманның адамгершілік қасиеттері;
- кәсіптік ұжымның ішкі өзара қатынасы және дәл сол кәсіпке тән спецификалық адамгершілік нормалар
- кәсіби тәрбиелеу ерекшеліктері.
Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік педагогтардың 100%-ының (қыркүйек, 2005 жылғы мәлімет бойынша) арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды. Олар:
1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;
2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);
3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;
4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;
5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ ) т.б;
Жоғарыдағы басты қиыншылықтар мен кедергілерді ескере отырып, БҚОПКБА және ҚДИ педагогика-психология кафедрасының жанынан құрылған инновациялық порталдың жұмыстанатын басты бағыттары айқындалды. Мектеп психологтарының қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, өз өтініштерімен облыстық психологтар мен әлеуметтік педагогтар Ассоциациасы құрылды.
Порталдың құрылуына себепкер болған түрткілер: Мектеп психолог-тары мен әлеуметтік педагогтарының облыстық Ассоциациясының ұсыныс-тары мен қажеттіліктері.
Инновациялық портал жұмысының мақсаты:
Облыс мектептеріндегі психологиялық және әлеуметтік қызметті жандандыру үшін уақтылы әдістемелік көмек көрсету, мамандардың кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, мәртебесін арттыру үшін алуан түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу.
3. Қазіргі таңда отбасымен жұмыс істейтін мамандарды даярлау туралы мәселе қатаң қарастырылуда. Отбасылық психологтың білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына қойылатын жеке талаптары бар.
Өз іс - әрекетінде маман иесі психотерапияның стратегиясын құруға және өзіне бағыт – бағдар болатын нақты теориялық түсініктер жүйесінің мазмұнына сүйенуі қажет. Бірақ бұл психологтың интуициялық, шығармашылық мүмкіндіктерінің ролін шектемейді, керісінше, оның іс - әрекетіне нақты болжам жасауға және бақылампаздығының мазмұндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көптеген мамандар отбасының толық құрамымен жұмыс істеуден қашқақтайды, өйткені келеңсіздіктер мен қобалжуды сезінеді.Нақты теориялық бағыттар маманға өз - өзін сенімді ұстауға көмек береді.
Отбасымен жұмыс істеу барысында психолог немесе психотерапевт отбасы мүшелерінің мінез – құлықтары мен қарым – қатынасын түсінуге мүмкіндік беретін теориялық түсініктермен қарулануы қажет. Осыған сүйене отырып, психолог отбасы жүйесіндегі байқалатын қандай да бір ауытқушылықтарды анықтай және талдай алады. Өз кезегінде, дұрыс жүргізілген диагностика психотерапиялық ықпал етудің бағдарламасын құруға көмектеседі . Отбасылық психотерапевт отбасы ішіндегі қарым – қатынасты талдай білуі үшін жан – жақты әрі терең теориялық базамен қарулануы қажет. Жүйелі түсініктер сонымен қатар сипаттау мүмкіндіктеріне ие болады. Басқа түсініктер маманның диагностикалық мүмкіндіктерінің шегін қысқартады. Отбасын жүйелі бағалау үш деңгейлі диагностиканы болжайды. Біріншіден, психотерапевт әрбір отбасы мүшесінің жеке ерекшеліктерін және осы ерекшеліктердің отбасы ішіндегі қарым – қатынасқа қалай ықпал ететінін бағалауы қажет. Сонымен қатар ол отбасының әр мүшесінің психологиялық құрылымының ерекшеліктерін түсінуге көмек беретін психодинамикалық, гуманистік және танымдық – мінез – құлықтық түсініктерді қолдана алады. Олардың отбасыға тұтас құрылым ретінде қандай ықпалы бар екенін түсінуі қажет. Бұл үшін психотерапевт теориялық түсініктердің жетік жүйесін меңгеруі шарт. Баланың туғаннан, өзін басқа отбасы мүшелерінен ерекшелеп тұратын, темпераменті болатынын ұмытпау қажет.
Қандай да бір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасқа ықпал ететінін түсіну үшін, оның темпераментінің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Сонымен қатар, сол отбасы мүшесінің дене құрылымын, интеллектуалды қабілеттерін, отбасының өміріне ену уақытын да ескеру маңызды. Отбасылық психотерапевт барлық психиатриялық және мінез – құлықтық концепциялардың мазмұнымен жақсы таныс болуы қажет. Отбасы жүйесін бағалау үшін отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерін де ескере білуі шарт.
Екіншіден, әрбір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасын анықтаумен қатар, отбасын жүйелік бағыттар негізінде де бағалау керек. Отбасы, әсіресе оның ересек мүшелері балаға үлкен ықпал етеді. Отбасындағы құндылықтар жүйесін бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында ата – аналарымен қарым – қатынасының арқасында меңгереді. Оның құрбы – құрдастарымен және мұғалімдермен қарым – қатынасы белгілі бір себептермен осы құндылықтар жүйесін тарлатады, кеңейтеді немесе өзгеріске ұшырауына ықпал етеді. Отбасы мүшелерінің баланы жеке қасиеттері бар жанды нәрсе ретінде қабылдауға бейім болуы баланың өзі жайлы түсініктерінің қалыптасуына мәнді түрде ықпал етеді.
Диагностикалаудың үшінші деңгейі отбасы мен қоғамның өзара қарым – қатынасын бағалауға бағытталған. Отбасын аралық сфера ретінде қарастыруға болады,бір жағынан оның мүшелерінің жеке қажеттіліктері, екінші жағынан – қоғамның қоғамның талаптары мен мүмкіндіктері шектеп отырады. Отбасы өзінің мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, әлеумет талаптарына сәйкес мінез – құлқын реттеп отыруға ықпал ететін механизм ретінде қызмет атқарады десек те болады.Отбасылық психотерапевт қандай да бір отбасының қандай әлеуметтік ресустарға бағынатынын жеткілікті түрде түсінуі қажет. Жеке жағдайларда отбасы әлеуметке ықпал етуі қажет, әсіресе, мектеп ортасына. Көптеген отбасылар баланың мектепте мінез – құлқының өзгеруіне байланысты немесе үлгерімінің нашарлауына байланысты психотерапиялық көмек сұрап келеді. Соның барысында мұндай ниет олардың тарапынан емес, мектептің тарапынан басталатынын түсінеді. Ата-аналар мектеп балаға жеткілікті түрде қолдау көрсетпейді немесе жоғары талаптар қояды деп шағымдануы мүмкін. Сонымен қатар, олар мектепті баланы қолдайтын әлеуметтік орта ретінде емес, керісінше балаға жағымсыз орта ретінде көреді. Осындай отбасын бағалай отырып, психотерапевт ата-анасы баланы қорғаймын деп, оның мектепке деген қатынасына нұқсан келтіріп отырғанын түсінеді. Қоғамның отбасыға ықпалын жақсы білетін психотерапевт, мектеп қызметкерлерінің осы сияқты отбасыларға көңіл аудара білуіне түрткі жасауға ұмтылады. Ал мүлдем басқа көзқарастағы психотерапевт балалардың мектеп талаптарын орындауына және тек осы балаларды немесе отбасын психотерапиялық ықпалдың нысаны ретінде таңдауды ұсынар еді.
Мұндай бағалаудың маңызды жағы маманның отбасының мүшелеріне оны қоршаған әлеуметтік ортасы қалай ықпал ете алатынын саналы түрде түсіну болып табылады.Бұл отбасын қоршаған әлеуметтік ортаны отбасы мүшелеріне әртүрлі міндеттерді шешуде көмектесетін қосымша ресурс ретінде немесе шешім қабылдауда қиындық тудыратын кедергі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Төменде келтірілген суретте диагностиканың үш деңгейі және психотерапевтің сәйкесінше бағалау жүргізуіне қажетті түсініктер келтірілген. Ортадағы тіктөртбұрыш әртүрлі тұлға теорияларының негізінде мазмұндалған адамның жеке психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Келесі аймақта отбасының жүйелік түсініктеріне сәйкес бағаланатын отбасы жүйесінің ерекшеліктері сипатталады. Сыртқы аймақ отбасының қоғаммен қарым – қатынасын мазмұндайды. Оны әлеуметтік құрылымдық теориялар көмегімен бағалауға болады.