Педагогика кафедрасы


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет3/10
Дата09.11.2016
өлшемі2,22 Mb.
#1349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Білім беру барысындағы тұлғалық қатынас пен дербестік қатынастың айырмашылығы неде?

2. Білім беру саласындағы дағдарыс дегеніміз не?

3. Әлеуметтік фрустрация дегініміз не?

4. Білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық теориясының мәні неде?

5. Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде?

6. Аксиология дегеніміз не?

7. Әлеуметтендіру ұғымын қалай түсінесіз?

8. Білім беру саласындағы құзіреттілік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде?

9. Білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттың маңыздылығы неде?



Әдебиеттер

1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с.

2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.

3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005.

4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст.

5.Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с.


Модуль 2.

Жеке тұлға оның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы проблемалары.

Тақырып 5.Кәсіптік білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны.

Мақсаты: Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын және ғылыми-педагогикалық білімдер саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының маңыздылығын, рөлін ашып көрсету.

Жоспары:

1.Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы.

2.Кәсіби білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны.

3.Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңыздылығын түсінуі.



Негізгі ұғымдар: мұғалімдік кәсіп, мамандық, кәсіпті таңдау, кәсіпті таңдау мотивтері, педагогика тарихы.

Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida» - бала, «gogas» - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу - адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған.

Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтық кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған

Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті.

Саналы түрде еңбек құралдарын дайындау процессінің күрделенуіне байланысты жас ұрпаққа ол тәжірибені арнайы үйрету үшін қауымдағы ақсақалдар, жастары ұлғайған адамдар шағын әлеуметтік топ құрып балаларды еңбек құралдарын, тұрмысқа қажет заттар мен әшекей заттарды жасауға үйретіп, оларды қоғамдық өмірге дайындау және тіршілік ету үшін еңбек іс-әрекетімен айналысқан.

Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған.

Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы сандар, әріптер, жазулар б.э.д. 2500 жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде жаза алатын адамдар өз білімдерін жас буындар арасындағы таңдаулы балаларға меңгертіп отырған.

Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ-ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады.

Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып отырған. Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар, ата-ана міндеттері мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынас ережелері, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды ажырата білуге байланысты ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі.

Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алатыны анық.

Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті. Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астраном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алады. Оның «Әлуметтік этникалық трактаттар», «Бақытқа жету жолдары», «Азаматтық саясат», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» сияқты еңбектері әлі күнге дейінпедагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады.

Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды педагогикалық идеялар Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат та-түрік», Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік», Ибн Сина рубайлары, Әбу Райхан әл Бирунидің тарихи тәлімдік, матиматикалық пікірлері, әл – Хогрезмидің төрт ғасырдан Еуропа елдерінде оқу құралы ретінде қолданылған «Ал- Джебр» еңбегі, Фирдеусидің «Шахнамасы», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуни хикметі» тағы басқа тәлім- тәрбиелік еңбектері жастарды білім ғылымға шақыруға, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас.

Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипсты болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болыцсымен –ақ ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиешілік міндет те жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді қамтитін болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінін рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр.

Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке дайындалуын объективті қажеттіліктері анықталады деуге болады. Педагогиканың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына XIIV ғасырда өмір сүрген чех педагогы Я.А. Коменскийдің қосқан үлесі өте зор. Ол мектептерге арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педагогикалық еңбектер жазып оқытудың сынып – сабақ жүйесі жасаған адам. Қазіргі кезде сынып сағат жүйесі, каникулдар, оқыту процестері осы педагоктың атымен тығыз байланысты. Жалпы педагогикалық ғылымның дамуында, жетілуінде И.Г. Песталоции, Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, В.А. Сухомлинский сынды педагоктар есімдері ерекше орынға ие.

Кәсіби білім беру саласындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының рөлі мен орны. Еліміз егемендігін алып, мәртебеміздің жоғарлануға бағытталған шағында жас ұрпақ тәрбиесіне барынша аландау, білім беру сапасын жоғарлату қазіргі өмір талабы болып отыр. Осыған орай педагогикалық парадигмалардың жаңару жағдайында болашақ педагоктарды даярлау саласына көптеген өзгешеліктер енгізуде. Жоғарғы білім беру стандарттарының мазмұны қайта қарастырылып, үздіксіз білім беру бағытында «Қазақстан Республикасының жаңа формациялы педагогына үздіксіз білім беру тұжырымдасы», «Қазақстан республикасының жоғарығы педагогикалық білім беру тұжырымдасы» жасалған. Орта білім беру саласындағыдай кәсіптік білім беру саласында да жаңа буын оқулықтары, оқу құралдары, оқу бағдарламалары жазылуда. Ақпараттық заманның тез өзгеруіне байланысты жоғарғы оқу орындарындағы оқулықтардың да мазмұндарың жиі жаңартуда қажет етеді.

Болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндермен қатар әлеуметтік – гуманитарлық пәндердің де алатын орны ерекше. Ал тікелей ұстаздыққа байланысты білімдермен қаруландырытын және прпктика жүзінде іскерлік пен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық пәндердің маңызы зор. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының мақсаты- болашақ мұғалімдерді педагог қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздығымен таныстыру және олардың бойында педагогикалық қызметке қажетті педагогикалық бақыттылықты, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады.

Бұл пәннің негізгі міндеттері:

- қазіргі дүниежүзілік білім беру кесенесінде білім берудің әлеуметтік- эканомикалық мәнін ашып көрсету;

- мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру;

- студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің шығармашылық сипатына саналы түрде мүмкіндік туғызу;

- әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері шыңдап іске асыруға жағдай жасау.

Педагогикалық мамандыққа даярлауда студеттердің жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең алдымен өздері тәрбиелі болуға тиісті. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі треинингтер мен саулнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде зерттеуге үйрету көзделеді.

Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық. Мұғалімдікті тандаған адам басқаларға үнемі үлгі -өнеге көрсете алу керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен,ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киінген киімі, жүріс –тұрысы,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді,жарасымды болуы шарт. Осыдан талаптарға сай даярланған болашақ ұстаздар тұлғасы жаңа сапалы деңгейлерге көтеріліп, жылдан жылға дамып,бәсекеге барынша қабілетті,қоғам болашағына елеулі үлестерін қоса алатын,кәсіби құзіретті болуы өте маңызды.

Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында қарастырылып отырған пән негізінде білім берудің әлеуметтік сипаты, мұғалім еңбегінің қоғамдық мәні, жас мамандардың қоғам болашағы алдындағы жауапкершіліктері қарастырылады.

Қазіргі нарықтың эканомика жағдайында қоғамдық,өндірістік қатынастардың сипаттары өзгеріп,жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда оның бәсекеге қабілеттілігі,шығармашылығы заман талабына айналуда.

Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін, тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.

2004 жылы қабылданған және бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғарғы кәсіби білім берудің (бакалавриат) Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты» маманның құзіреттілік модулі негізделген. Бұл стандарт бойынша жоғарғы оқу орның бітірушілер тұлғасына қойылатын негізгі талаптар анықталған.

Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады. Тек осыдан қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің шыңына қол жеткізе алады.



Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңызын түсіну. Болашақ кәсіпті тандау адам өміріндегі ең күрделі қадам және маңызды шешімдердің бірі. Адамның өзіне ұнайтын, өмір бойы айналысатын кәсібін дұрыс тандай білу үлкен жауапкершілікті талап ететін манызды іс. Дұрыс тандалған кәсіп адам өмірінің мәнін, табыстылығын анықтайды. Кәсіпті тандауда адам өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін,ерік- жігерін, бейімділіктерін, икемділігін ескеру керек. Кәсіптік қабілеттерді дамыту ешқашанда кеш болмайды, бірақ оны мектеп жасынан бастаған жөн.

Адам өмірінің маңызды құралдарының бірі- еңбек. Еңбек арқылы адам өзінің ішкі әлеуетін іске асырады, қоғамның, Отанның дамып өркендеуіне өз үлесін қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс тандау адамның бақытқа жету жолының бірі. Өйткені тек ұнайтын іс қана адам бойында өмірге деген құлшынысын оятып, жетістіктерге жетуге ынталандырып, қанағаттандыра алады. Өзіне ұнайтын іспен айналысқан адам ондай істен ешқашан жалықпайды, керісінше үлкен шабытпен шұғылданып, рахатқа бөленеді. Осы айтылған пікірлерді ұлы адамдардың ойларымен негіздей кеткен абзал.


Тақырып 2. Жеке тұлға педагогиканың мәселесі ретінде. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея.
Мақсаты: студентердің қазіргі білім беру кеңістігіндегі жеке тұлға мәселесі және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Жоспар:

1.Жеке тұлға ұғымы, жеке тұлғаның педагогикадағы сипаттамасы.

2.Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея.

3.Әлемдік білім беру кеңістігінде қажетті көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері.

4.Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, жалпы адамзаттық құндылықтар, ұлттық құндылықтар,көпмәдени тұлға, толеранттылық.

Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы.

Адам мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.

Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.

Даралық- адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап.

Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға- адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына, жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы. Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады, бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде маңызды роль атқармайды.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев т.б ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген.

Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.

Жеке тұлға- индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды менгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық қаситтері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:

-әр адам жеке тұлға бола алады.

-жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты жеке тұлға ұғымы қолданылмайды.

-жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі.

-тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады.

Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар:

- белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы);

- бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі);

- әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі.

Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы- әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады:

- іс-әрекетте;

- басқалармен қарым-қатынаста;

- өзіне деген қатынаста.

Белгілі психолог К.К.Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның иерархиялық құрылымын қарастырған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның кез келген сапасында туа біткен (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша жеке тұлғаның құрлымында сапалар 4 топқа немесе иерархиялық деңгейге бөлініп қарастырылады.

4-ші, төменгі биологиялық құрлымы, оған темперамент, адамның жас және жыныстық ерекшеліттері жатады, бұнда ешқандай әлеуметтік қасиеттері жоқ;

3-ші, құрлымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар арқылы қалыптасқан психологиялық процестер (сезімдер, қабылдау, қиял, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік) ерекшеліктері жатады;

2-ші, тәжірибелік деңгейге тұлғаны оқыту арқылы қалыптасқан білім, білік, дағдылары, әдеттері жатады;

1-ші, жоғарғы деңгей, тәрбие арқылы қалыптасқан (сенімдері, дүниетанымы, көз қарастары, қызығушылықтары, тілектері, мақсаттары, әлеуметтік ұстанымдары, құндылық бағыттары, моральдық принциптері ) әлеуметтік бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге қатынасын көрсетеді.

Жеке тұлғаның өзегі - оның «Мен»- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен»- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке «Мен»-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды.



Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея.

Жеке тұлға дүниедегі бар нәрсені сол дайын түрінде қабылдап қана қоймай, өзіндік саналығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның өзгеруіне, қоғамның дамуына әсер ете алады.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты адамдар жер шарының әр бұрышындағы кез келген ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық жаңалықтарды біліп отыруларына мүмкіншіліктері бар. Соның нәтижесінде адамның дүние танымы да кеңейе түсуде.

Әр жеке тұлғаның дүние танымы дегеніміз адамның дүниеге, қоғамдық қатынастарға, табиғатқа, өзіне деген көз қарастар жүйесі, оның бағыттылықтарының формасы. Ал адамның дүние танымы арқылы оның құндылықтары, өмірлік идеалдары мен ұстанымдары байқалады.

Өзінің дүниетанымы негізінде әрбір тұлға қоғамдық қатынастарға араласады. Бірақ адамдар бірі-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Дүниеде көп мәселелер адамдардың бірлесіп шешім іздестірулерін қажет етеді. Сол сияқты тек адамдардың ғана бірлесуі емес, халықтардың бірігуін емес, мемлекеттердің бірігуін қажет ететін мәселелерде бар. Сондықтан қазіргі таңда адамдардың планетарлық көлемде ойлай алуы маңызды мәселеге айналып отыр.

Мысалы экологиялық апат мүмкіндігі, ядролық қауіптер, жұқпалы індеттер барлық адамдардың, барлық мемлекеттердің, барлық дүниежүзілік қауымдастықтың күштерін жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін жұмылдыруды қажет етеді. Яғни бұның өзі жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтаудың маныздылығын көрсетеді.

Барлық адамдарға ортақ бейбітшілік, адам құқықтары, экология, ашаршылықтың болмауына кепілдік, денсаулық т.б. құндылықтардың қажет екендігі сөзсіз.

Ал мұндай жалпыадамзаттық құндылықтар өз бетінше кездейсоқ қалыптаса алмайды, оны жүйелі тәрбие түрінде ұйымдастыру қажет. Ол үшін жас ұрпақ тәрбиесінде мынандай міндеттердің орындалуы маңызды орынға ие:



  • дүниежүзілік қарама-қайшылықтар қалай болмасын әр адамға әсерін тигізеді, ондай қайшылықтарды шешуге ат салысуда әр адамның үлесін ескеру;

  • жалпы адамзаттық мәселелерді шешуде ұлтаралық, халықаралық, мемлекетаралық байланыстарды нығайтудың қажеттілігін түсінулерін қамтамасыз ету;

  • жер бетіндегі бейбітшілік үшін, қоршаған табиғатты сақтау үшін ғылым мен мәдениеттің, барлық елдердің, адамдардың өзара ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы тарихи тағдыр біріктірген көпұлттық, көп конфессияланған мемлекеттердің бірі. Әр халықтың өз мәдениетін толыққанды дамытуы, тілі мен діні пайдалануы сияқты мәселелер мемлекеттік заңдармен реттелген. Сонымен қатар Ұлттық мәдени орталықтар, Республика Президенті жанындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы, түрлі қоғамдық бірлестіктер мемлекеттің тұрақты назарында дамып келеді.

Халқымыздың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны жүйелі түрде жас ұрпаұ санасына сіңірмей жан-жақты жетілген ұлжанды, отан сүйгіш ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес. Әр адамның құндылықтарды меңгеруі, тіпті адамның дүниемен байланысы, оны тануы нақты бір ұлттық жағдайда қалыптасады, яғни ұлттық белгілері болады.

Бұл орайда мынандай үлкен мәселеге көніл бөлу қажет. Егер жас ұрпақ бойында өзінің тіліне, ұлттық дәстүрлеріне, мәдениетіне деген сүйспеншілік болмаса оларды жалпы адамзаттық мәселелерде ойландырып толғандырмайды. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы», «Жоғары мектеп студеттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы», «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ мамандарды тәрбиелеу тұжырымдамасы» жасалып іске асырулуда.

Бұл бағытта жастар бойында ұлттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты көптеген зерттеулер жүргізіп, ұлттық тәрбие мәселелерін шешуге өз үлестерін қосып жатқан Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, Р.Төлеубекова, С.Ғаббасов, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Ж.Наурызбай, З.Әбіліова т.б. көптеген отандық ғалымдарымыздың орны еркше.

Ұлттың болашағы- оның ұрпғы. Олай болса жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың дүние танымдарының дұрыс қалыптасуына әсер ететін ұлттық бағыттағы іс шаралар жүйелі жүргізілуі қажет. Жас жас ұрпақа ұлттық тәрбие беруде ұл адамдардың құнды ой пікірлерінің, қанатты сөздерінің ұлттық рухтың күшейе түсуіне ықпалы зор:

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындық белгісі.

Б.Момышұлы

Өзінің елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды. Д.Байрон.

Қазақ халқының тарихында зиялы жастардың ұлт мүддесін қорғау үшін қуғын-сүргінге де ұшырап кеткені өшпейтін өкініш. Бірақ ол тоталитаризм саясатының салдары болған. Ал қысқа болса да күреске толы ғұмырларында «адамшылдық тұқымын шашқан» А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды ағаларымыздың өмірлері қазіргі жастар үшін өнеге, еліміз үшін үлкен ерлік. Олардың еліміз үшін қиын қыстау кезінде халық санасына сепкен «адамшылдық тұқымдарын» көктетіп, өңдеп, гүлдендіріп, жемістерін жинайтын қазіргі жастар. Олардың өз ұлтына деген сүіспеншіліктері, отан үшін отпен қан кешкендері, қазақ елінің еркіндігі жайлы армандары халқының өткен тарихында да, келешегінде де құнды ұлттық мұра ретінде сақталады. Сондықтан жастардың ұлттық дүние танымдарының дұрыс қалыптасуы, және соның негізінде жалпы адамзаттық дүние танымды қалыптастыру қазіргі педагогикалық ғылымның көкейкесті мәселелерінің бірі.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет