Педагогика кафедрасы



бет2/4
Дата17.11.2016
өлшемі0,96 Mb.
#1932
1   2   3   4

Мақсаты: Этнопедагогиканың пайда болу тарихымен таныстыру, оқушыларға қазақ этнопедагогикасын баяндап, ғалымдардың шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасымен таныстырыру. Халықтың әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі екенін түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік тәжірибесі, жас ұрпақ тәрбиелеу, халықтық қағидасы, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин.

Жоспар: Халықтық әлеуметтік тәжірибесі мен халықтық дәстүрлері педагогикалық ойдың дамуының негізі ретінде. Орта ғасырдағы Орта Азия және Қазақстанның жас ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық педагогикалық дәстүрлерінің мәні туралы. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.

Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдері. (шартты түрде)



Бірінші дәуір

Б.д.д.


Екінші дәуір

Б.д.д.


Үшінші дәуір


Төртінші дәуір

Бесінші дәуір

Алтыншы дәуір

Жетінші дәуір

Сегізінші дәуір

Тас , қола замандары

VII -III ғ.ғ. б.д. V ғ. дейін

VI – IX ғ.ғ. аралығы

X - XV ғ.ғ. аралығы

XV – XVIII ғ.ғ. аралығы

XVIII –XX ғ.ғ. 20 ж. дейін

1920 -1990 ж.ж. аралығы

1991ж. – кейінгі егеменді ел

Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие.


Сақтар мен ғұндардың жауынгерлік тәрбиесі.

Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім тәрбие.

Араб Шығыс мәдениеті,орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой пікірлері.

Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім тәрбие көріністері (жыра

улар поэзиясындағы тәлімдік ойлар).



Қазақстан Ресейге қосылу кезіндегі ұлт азаттық қозғалысымен ағарту

шылық демократиялық бағыттағы тәлім тәрбие.



Кеңестік дәуір

дегі ғылы

ми педагогиканың қалыптасуы.


Тәуелсіз Қазақстандағы қлттық тәлім тәрбиенің өркен жаюы.

Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сәйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте қарапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымында негіздеуінен көп бұрын халықтың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мәнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыңыштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларға арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі халықттың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың рухани- адамгершілікті тұрғыда қалыптасуынаықпал жасайтынын ұмытпау керек.

Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуына есепке алып сипаттау, тарихи- генеикалық тұрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және оның демократиялық сипатына назар аудартады.

Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі Қазақстандықтардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртурлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан әдет- ғұрыптар мен өмір салтары терең із қалдырды.Халықта эстетикалық тәрби берудің өзіндік үлгісі болады. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы. Бұл ең алдымен еңбек құралдарын шебер және сәнді безендіруден, өңдеуден көрінді. Олар ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл- күйді көтеріндей әсем де болуы тиіс еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы тәрбиеленген.

Тәрбиенің мәңгілігі, қажеттілігі, қасиеттілігі жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дәлелденеді. Бұл тұрғыда ерекше қызығушылық туғызытындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, орхон ескерткіштері (VII-VIIIғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және көпқырлығы бейнеленген. Оларда ата- анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдыңда қаймықпау, білуге құмарлық, қарттар мен үлкендерге қайырымды және сыпайы қарым- қатнас және т.б. ойлар айтылады.от

Орхон ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтар да баршылық: бұл болашақ батырлардың жас кезеңдеріне сипаттама, достар мен жаулардың мінезқұлықтық өзгешеліктерін бағалауға ұмтылыстар; халық мүдделі сапалардың тұлға бойында болуы үшін оның тиімді ықпал ету шарттарын қарастыру, мінез құлықты отанға қызмет етуді үйрете отыра, жоғары мақсаттарға бағыттау.

Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың өлмес мұралары арқылы да пікір айтуға тура келеді. Осындай педагогика ғылымына жуықтап келген халық педагогтары барлық кезеңдерде, барлық халықтарда да болады. Олар кейін пайда болып дамыған халықтық негіздегі демократиялық педагогикалық жүйеге жағымды жағдайлар туғызады.

Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзқарастарын көп көңіл бөлді. Тәрбиенің халықтығы, табиғат пен үйлесімділігі идеясын дамытты, халық педагогикасынан мысалдарды халық даналығының бейнеленуі ретінде пайдаланды.

Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен өлшенеді.

Творчествалық күшті халықтан оның өмірінен, халықтық шығармашылықтан және онда көрініс берген тәжірибеден жинақтаған осындай көрнекті тұлғалардың бірі Ш.Уалиханов. Ол өзінің педагогикалық қызметін халық ауызша шығармашылығы туындыларын жинаудан бастады. Халыықтық эпостық поэма «Қозы Көрпеш және Баян Сұлу», қырғыз эпосы «Манас», халықтық әдет-ғұрыптар, жастар мен балалар ортасы дәстүрлері т.б. – мұның бәрі Ш.Уалиханов көрініс тапты.

Халыққа білім беру үшін ең алдымен оның рухын түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметінде Ы.Алтынсарин осы ережені басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармалары халықтық салықтардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге олардың тәрбиелік мәнін айқындауға арналған.

Көрнекті ғалым, ағартушы демократ отбасы және қоғамдық тәрбиенің озық дәстүрлерін ардақтап, сақтау және қажырылқпен дамытуға қызу үндейді.

Халық педагогтары- потриоттар әрекеттерінде ортақтық мол. Халықтың педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары ауммағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттры жайлы ойлары халықтық, талаптары халықтық, көптеген шығармалары ммазмұны халықтық. Халық мақал- мәтенлдерін ол өзіне тірек, сипаттауды керек етпейтін қағида ретінде пайдаланады, олардан өз ойларына дәлелдемелер табады.




Ғалымның аты

Нақылдары, ойлары

1

Я.А.Коменский

«Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді.

2

И.Г.Песталоцци

Тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. «Бала тәрбиесі оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» деген қағиданы ұсынды.

3

К.Д.Ушинский

Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек.

Балаларды өткен тарихпен таныстыру жөніндегі халық қамқорлығы ерекше. Еркіндікке сүйіспеншілік пен рух өн бойын көктей өтетін қазақ халқының батырлар жырлары мақтануға тұрарлық. Олар ерекше шабытты талап ететін дара көріністер. Өткеннің ерліктері аңыз- әңгімелер, жыр- дастандарға өзек болған. Мәселен, ру- тайпалардың ұлыстық дәуірдегі осындай туындыларына Алып батыр, Қорқыт жөніндегі аңыздар, Оғуз, Алпамыс, Күлтегін туралы жыр дастандарды атауға болады.

Олардың бала санасына ықпалы үлкен. Өз отбласы, руы, тайпасы, отанына сүйіспеншіліксіз өткен тарихына мақтанышсыз халық өз этникалық даралығын сақтап қала алмайтын еді. Балаларға батырлар барлық уақытта халықтық жоғары сана мен даралықтарды алып жүруші екендігі жайлы ойдың сіңірілуі осымен түсіндіріледі.

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың халықтық педагогикалық көзқарастары.

2. Ғалымдардың еңбектеріне хронологиялық таблица жасаңыз.

Әдебиеттері:

1. Айдаров I., Орхон ескерткіштерінің тексті, Алматы,ғ, 1990

2. Алтынсарин Ы., Таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы, 1991

3. Арғынбаев X, Қазақ халқының қол өнері, Алматы, 1987

4. Косков Г.Н., Этнопедагогика Чебоксары, 1990

5. Баласағұн, Құлты білік, Алматы, 1995

3-дәріс. Тұлға қалыптастырудағы халықтық педагогиканың негізгі факторлары.

Жоспар: Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас. Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс. Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер, ұжымдар. Халықтық ойындар, жарыстар.

Негізгі ұғымдар: Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбие, халықтық ойындар,

Мақсаты: Отбасында, қоғамдық ортада баланы тәрбиелеуде халықтық педагогиканың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оны жеке тұлға етіп қалыптастыру. Жаңа қоғамның жас отбасыларын қазақ халқының тәрбиелеудің дәстүрлі әдістері жайлы хабардар ету. Балаға өз ұлты мен отанының ерекшеліктері жайлы ақпарат беру.
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолдану – жан-жақты дамытушы фактор болғандықтан, әлеуметтендіру процесі де жүзеге асады.

Жаңылтпаш, ауызша поэзия және тағы басқа халық ауыз әдебиетінің түрлері баланы моральдық құндылықтарға баулып қана қоймай, кішкене кезінде тіл мүкісін болдырмауға қолданылатын құрал.

Халықтық педагогика ғасырлар бойы қалыптасып, шыңдалған сенімді де құнды құрал болып қала бермек. Бұл тәрбие әдісі өз күшін бүгінгі таңда да жоғалта қойған жоқ.

Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар. Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын туғызды. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі.

Жеткіншектің сезім мен санасына ықпал етудің кешендік шаралары оның өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың саналуан түрлерімен сәйкес келеді. Жастардың өмірін ұйымдастырудың жиынтық түрлеріне көптеген салттар мен дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен мерекелерді жатқызуға болады. Өзінің қызметінде міндетті түрде мерекелік сипатқа ие еңбек дәсүрлері барлық халықтарда алдыңғы орында. Күнделікті іске айналған ұжымдық көмек, өзара көмек көмек салтын қалыптастырады.

Халықтық педагогика – халық шығармашылығында көрініс тапқан, тәрбие ісіне тікелей не жанама қызмет ететін халық шығармашылығының тереңінен шыққан тәрбие саласындағы түсініктер, көзқарастар, пікірлер, сенімдер, дағдылар мен тәсілдер.

Көптеген халықтық әдет-ғұрыптар, мейрамдар, салтанаттар өзінің сезімді мәнерімен, эстетикалық реңділігімен жастарға гуманистік тәрбие берудің қолайлы және тиімді құралы болды. Бұған көз жеткізу үшін барлық халықтарға белгілі әдістерді атаса да жеткілікті, бұл – көрсету, үйрету, сенім, ізгі тілек, өтініш, кеңес, мақұлдау, кінәлау, сөгіс, ескерту, көндіру, ант беру, жазалау және т. б.

Халықтық педагогиканың халықтық сана ретінде дамуы, тәжірибелер мен дәстүрлер жинақтауы негізінен қоғамдық тәрбие жүйелері әлі өмірге келмеген тарихи кезеңге жатады. Демек, табиғат және еңбек – халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлар. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті. Табиғаттың эстетикалық ролі мәңгілік, бүкіл әсемдік табиғатқа тән. Жастардың эстетикалық талғамының артуына табиғаттың әсер ететіндігі жайлы әрбір халықтың табиғат сұлулығын пайымдаумен рухтанған жоғары поэтикалық шығармаларынан көрініп тұр.

Осылайша, тәрбиенің мақсаты айқындалып, әлеуметтік тәжірибе, рухани құндылыұтарды сақтау, жаңғырту, тапсыру, бекіту құралы ретінде дәстүрлер алға шықты. Жалпыға ортақтық, бұқаралық, тұрақтылық, әсерлі тартымдылық – дәстүрлерге тән сипат болып сипатталады. Олардың мәні – мұраланған әдет түрлерін өзгеріссіз сақтауы, бұрыннан қалыптасқан өмір салтына өткеннің мәдени мұрасы ретінде ұқыпты қатынас таныту.

Дәстүрлердің күші – ұйымдаспаған жаратылысында. Олар көзқарастар мен тәртіп жолдрын ешкімге күштеп таңбайды, адамды тәжірибелік әрекеттерге итермелегендіктен, түсініктер мен тәртіп қалыптары қарсылықсыз қабылданады.

Тәрбие дәстүрлерін талдауда халық тәрбиенің барлық салалары қатарласа жүзеге асуына қамқор болды, тұлға қалыптастыруды оның барлық құрамдарымен жиынтықта қарастырды және оны тұтас процесс ретінде жүзеге асырды деп тұжырым жасауға алып келді. Мұның даусыздығы халықтың ауызша шығармашылығының кез келген жанрымен дәлелденеді. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар мен мақалдардың поэтикалық формалары мен мазмұнының саналуандығы халықтық педагогика жетілген тұлға сипаттарын анықтай отыра, онымен қатарластыра жетілген тұлға идеалын жүзеге асыру жайлы да қамқор болғанына куә етеді. Мәселен, ауызша поэзияның аса кең тараған түрі әндер мен өлеңдерді алайық. Көптеген әндер балалар мен жасөспірімдерді табиғат пен қоғам жайлы сан түрлі мәліметтермен қаруландырады: тарихи жырлар маңызды тарихи оқиғалар жайлы жалпыға түсінікті хабарлайды, еңбек әндерінде ғана емес, сондай-ақ, мерекелік әдет-ғұрыптық, бесік жырларында, тіпті той-думандарда да басым тақырып болып табылады; өлеңдер жоғары адамгершілік идеалдарды насихаттайды; бұларда күш пен денсаулық және т. б. дәріптеледі. Сондай-ақ, жұмбақтардың ақыл-ой тәрбиесінің тиімді құралы, ал мақал-мәтелдер – адамгершілік тәрбиесі болып табылатындығы белгілі.

Халықтың жекелеген ауызша шығарма жанрларының қызметін анықтап қана қоймай, оларды тәрбие мен өзін-өзі тәрбилеудің нақты міндеттеріне сай жекелеген үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтар арасына бөліп орналастыру атап көрсетуге тұрарлық. Жаңа жұмбақтарды балалар мен жасөспірімдерге көбіне үлкендер хабарлағанмен, жұмбақтар мен өлеңдерді, мәселен, балалар өз ортасында құмарлықпен пайдаланады. Мақалдар көбіне үлкендер арасында кеңінен тараған және балалар мен жастарға тәрбиелік ықпал ету мақсатында хабарланады, үлкендер өз ортасында оларға сирек жүгінеді; әндер, атап айтқанда жастар ортасында аса кеңінен тараған, қарттар ән айтпайды десе де болады.

Тұлғаның қалыптасуындағы ойынның алатын орны. Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының келесі бірі – ойындар. Халық педагогикасы оларды бала өсуі, дамуы мен қалыптасуың факторы ретінде көреді. Осыған байланысты халықтың “Бала өсірген ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаз бала болып ойлайды” деуі осыдан.

Ойын балалар үшін тек жұбаныш пен уақыт оздыру, ойын-сауық пен қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, балалар ойындарын этнографиялық және педагогикалық тұрғыдан талдауға ұмтылған Ә. Диваевтың “Игры киргизских детей” атты мақаласы ғылыми қызығушылық туғызады. Бұнда ол ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, “Соқыр теке”, “Көк сиыр”, “Бөрік жасырмақ” т. б. ойындарының мазмұнын ашады. Сондай-ақ, “Қырғыз жастарының көне ойындары” мақаласында тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары “Қыз қyу”, “Көкпар”, “Аударыспақ” т.б. ойындары жайында мағлұматтар береді. Бұл ойындардың дене тәрбиесін дамытуда алатын орны еркше.

А. Диваев аталған мақаласында ойынның бала тәрбиесіндегі ролін айта келіп, жас өспірімдерді үш топқа бөледі:

1-7 жас аралығы – нәресте

Ежелгі қазақ ойындары

7-10 жас аралығы – бозбала

Қозғалмалы ойындар

15-30 жас аралығы – жігіт

Спорт ойындары

А. Диваев : “Бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтары мен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақ балаларының ойыншықтары мүлдем жоқ. Бірақ антропологиялық көзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз шығармашылық қиялымен туғандықтан, құнды болып есептеледі”.

Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген, тіпті көшіп-қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған.

XXI ғасырдың бірінші жартсында қазақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А. Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын-сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. “Кешкісін біздің үйде бір қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың,әсіресе, түйенің, құланның, бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді” ,– деп таң-тамаша еткен.

Жаңылтпаш ойыны. Бұл ойынды әуелде тілінің мүкісі бар, әр әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогикасының бір саласы. Кішкене кезінде ‘р’-дың орнына ‘и’-ді ауыстырып айтуға байланысты халық үні, әуені әдемі өлеңделіп:


  • Дегенде, ей, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,

Қойыңды мол жусанға жай, Тайқарбай,

Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,

Әй, Тайқарбай, дагенің қай Тайқарбай?

деп балаларға әр дыбысты өз орындарында айтуға дағдыландыру арқылы тіл мүкісін түзетуге көмектескен ойын түрі.

Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканы қолдану – жан-жақты дамытушы фактор болғандықтан, әлеуметтендіру процесі де жүзеге асады.

Жаңылтпаш, ауызша поэзия және тағы басқа халық ауыз әдебиетінің түрлері баланы моральдық құндылықтарға баулып қана қоймай, кішкене кезінде тіл мүкісін болдырмауға қолданылатын құрал.

Халықтық педагогика ғасырлар бойы қалыптасып, шыңдалған сенімді де құнды құрал болып қала бермек. Бұл тәрбие әдісі өз күшін бүгінгі таңда да

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарасмағынасын ашыңыз.

2.Табиғат, қарым-қатынас, тұрмыс терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз.

3. Халықтық ойындардың қандай түрлерін білесіз.

4. Табиғи ықпалдың алатын орны;

5. Бала қалыптасуына бастайтын маңызды әрекет – ойын. Ойыншықтар.



Әдебиеттері:

Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995

Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 1992

Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5 – 26 б.

Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 1993

Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.


4-дәріс. Халық идеалындағы «жетілген тұлға» және оны тәрбиелеудің тәжірибесі.

Жоспар: Халық ұғымындағы тұлға. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның жанрлары, мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде. Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.

Негізгі ұғымдар: Этнос, халық ертегілері, «жетілген тұлға», мақал-мәтелдер, халық ауыз, әдебиеті.

Мақсаты: Қазақ халқының тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы жайлы мәлімет беру. Олардың бала тәрбиесіндегі алатын орны, маңыздылығын түсіндіру. Халық педагогикасының элементтерін шебер пайдалана білуге үйрету. Халқына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту.

Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Және оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан.Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бәрі тәрбиелейді, барлығы тәрбиеледі, бәрін тәрбиеледі.

Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді: сөзі жетілген адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай ақ нақты жетілулер еңбекте, ақыл – ой адамгершілік – құлық, әсемдікке жетілуді қалыптастыруды қамтамасыз ету жайында болды. Жетілген тұлғаның нақты сипаттары тек тілек – сөздер төңірегінде болған жоқ, олар тәрбие тәжірибесімен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының қуатты тұстарының бірі болып табылады.

Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақтылау, толықтыру және жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасында кеңінен мәлім болды.

Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлнрі бар. Дәстүрлі бата – тілектер әсерлі ықпал етуді көздеді. Балалар достарына, есейе келе өзіне, үлкен ағаларына, ата- аналарына, ауылдастарына ант берді. Балалар ортасындағы серттер сөзге, борышқа, достыққа берік болу міндеті сипатында болды. Халықтық пікір анттарға байыпты қарым – қатынасты ұдайы қолдап отырды.

Балалар мен жастар ортасының аса тиімді құралдарының бірі – ойындар. Халық педагогикасы олардың бала өсуі, дамуы мен қалыптасуы факторын көреді. Оның «Бала өсірген ата- ана бала болып ойнайды, бала оқытқан ұстаздар бала болып ойлайды» деді осыдан.

Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру, сауық – сайран мен балалар үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының ден күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәне бар.

Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім – нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары және әдет – ғұрыптарымен,шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамыс бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмірі тәжірибесі сондай – ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткеншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. «Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көші – қон кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын – сауыққа айналдырып әкетеді » - деп жазған екне Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан повесінде».

Өркениетті, мәдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз маңдайына бұйырмаған ата – бабаларымыз жас ұрпаққа ұсыеар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырған. Түз далада не жүйрік – тіл жүйрік! Тілдің әсерлі, ықпалды құдіретіне сенген. Сол себептен де «Ұлы сөзден ұлағат», демекші, халық педагогикасының нәрімен суарылып, өзінің тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан бірден – бір киелі мұра – фольклор.

Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс – тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жырларға қарап, елдің әдет – ғұрпын, ой – санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Сонымен қатар фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы – қасіреті мен мұң- зары, келешектен күткен арман- тілектері айқын көрініс тапқан. Әрбір айтушы – импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік сезімін келелі ой – ниеттерге бастап отырған.

Ғылымда халық поэзиясын «Фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «Фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы И.Ф. Кнафльдің анықтауынша фольклор халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Фольклор шығармаларының ерекшелігі тәрбиелік қасиеті – ол қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінде еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкері көбіне мұрат – мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм дейміз.

Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау бақсылық нанымға, діни әдет – ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс – салт жырлары деп атаймыз. Мұны мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге бөлуге болады.

а) Төрт түлік мал туралы

ә) Діни әдет – ғұрып тудырған жырлар

б) Үйлену жырлары

в) Ұлыс жырлары

г) Бөбек жырлары

д) Жаназалау жырлары

ж) Шешендіксөздер, мақал – мәтел, жұмбақтар.

Тәрбие процесіндегі жас ерекшелікті ескере отыра ұл мен қызды адамгершілік инабаттылыққа, еңбекке, әсемдікке тәрбиелеуде, ұлтымыздың ұлттық мәдениетіне, тіліне, дініне баулуда фольклор материалдарының ролін есепсіз деп айта аламыз.

Қазақ баласының басының көп болғанын тілеген халық неғұрлым көп болса, солғұрлым, байлықтың көзі, бақыттың өзі деп түсінген. Оған халқымыздың аялы перзенті Еркенекті Саршуаш бидің пікірін айтсақ жеткілікті. Әрбір баласы бардың бір ру елде малы бар. Екі баласы бардың екі рулы елде малы бар. Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар. Төрт баласы бардың төбеден салған жолы бар. Бес баласы бардың дес бермейтін күші бар. Алты баласы бардыңалладан басқа несі бар» дегенінен балажанды халық екенімізді көруге болады.

Халқым баурында өсірген балапанының бойынан мінез – құлқында, ақыл – парасатынан, жүріс – тұрысынан ең арғысы тілінен бір мүкіс болиас үшін ойын түрін ойлап тапқан халық – ондай ойынның бірін жаңылтпаш дейді.

Қазақтың жаңылтпаш қазіргі педагогикалық оқу орындарындағы «Дефектология» факультетінің қызметін атқарады. Бұл факультеттердегі арнайы білімі бар ұстаздардың еңбек түрін, әдіс – айналасын біздің қазақтың кез келген жанұясында, ойын – сауығында «жаңылпаш» арқылы баланың тілінің мүкіс болмасын ескерген.

Қазақтың салты бойынша ойын – сауыққа жиналған жастар ән салып, өлең айтуға тиіс. Егер айта алмаса онда жаңылтпаш айту керек. Ойын басқарушы алдымен өзі мәніне келтіріп айтады, сонан соң оны ол қайталайтын болған.

Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақ деген ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жаннды - жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейінін ұштау ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.

Мысалы: арбаны жұмбақ қылғанда, оны адамға тәріздеп ұқсатып былай сипаттайды.

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының

Тимейді үші жерге таяғының

Қолдарын хайуанға арта тастап,

Салады әуезіне баяғының

Қазақ халқының жұмбақтарының күрделі бір тобы – төрт түлік малға, хайуанаттар арналған – ол жұмбақтарды жастарға айтқанда әрбір малдың өзіндік мінез – құлқы, қасиеті, түр сипаты, өзіндік жасайтын қызметі суреттеледі. Жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой өрісін, білімін тереңдететін, әр бір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жан – жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда халқым баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет