ПОӘК 042-14.1.01/01-2013
|
Баспа . № 1 от 03.09.2013
|
Бет -
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
|
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18.30.1.37/03-2014
|
«Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
(оқу әдістемелік материалдар)
|
№ 1-басылым 03.09.2014
|
«Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Cемей – 2014
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 28.08.2014
п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 04.09.2014ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 «05» 09.2014ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2014ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2014ж. басылымның орнына)
МАЗМҰНЫ
Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
Пәні бойынша дәрістер кешені.
Пәні бойынша практикалық сабақтар кешені
Пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар
«Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару» пәні бойынша негізгі түсініктер
(глоссарий)
Активті оқыту әдістері (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);
Әдiстеме /методика/ - 1) бiр нәрсенi практикалық орындаудың әдiстерiнің, тәсілдерінің жиынтығы; 2) қандай да бiр ғылымды оқытудың әдiстерi туралы iлiм.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Бiлiм беру - қoғaм мүшелеpiнiң aдaмгepшілiк, интеллектуалдық мәдeни жәнe дeне дaмyы мен кәciби білiктiлiгiнiң жoғapы дeңгейiнe қoл жeткiзyдi мaқcaт eтeтiн үздiкciз тәpбиeлey мeн oқытy пpoцeci. Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Бiлiм берудi информатизациялау - білім беру жүйесін микропроцессорлық техникаға негізделген ақпараттық ӛніммен, құралдармен және технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың комплексі.
Белсендiлiк - әлеуметтiк және психикалық белсендiлігiнiң турi: жеке адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының қарқыны. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды
Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.
Білім беру технологиясы - қатысушылардың комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағдарлаудағы және коррекциялаудағы мұғалімдер мен 20 оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі. Б.Б.Т. кіретіндер: мақсаттық бағытталғандық, сүйенетін ғылыми жүйесі, нәтижені бағалаудың ӛлшемдері, нәтижесі, қолданудағы шектеуліктер.
Гуманизм (лат. Gumanus – адамгершілік) – дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.
Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.
Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі.
Дамытып оқыту - оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.
Дарынды балалар –жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар.
Дәстүрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы. Түрлері: интегралды сабақтар, аукцион, парламенттегі дебаттар, ойын, саяхат, музыкалық-театрландырған, сайыс т.б. сабақтар.
Дәстүрлі оқыту - ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі тусініледі. Ол Я.А.Коменский белгілеген дидактика принциптеріне негізделіп XVIII ғ. қалыптасып, дүние жүзінің мектептерін де осы күнге дейін оқытуды осылай ұйымдастыру басым болып келеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты ролді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменскийдің, Н.Пестолоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы құрайды.
Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі.
Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Жаңашыл – мұғалімдер – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.
Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология
Жеке адам (тұлға) /личность/ - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ол өзінің өмір жолын таңдай алады. Тұлға -қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тарихы, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі.
Жекелеген әлеуметтік шарттар: нақты мемлекеттік және қоғамдық институттардың әрекеті бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру ұйымдары, өнерпаз шығармашылық педагогикалық бірлестіктер;
Жекелік факторлар: педагогикалық инноватиканы жасаушылардың және насихатшылардың тұлғалық ерекшеліктері.
Имидж (бейне, тұлғаның фасадтық бөлігі, оның сыртқы эффектісі) – арнайы бағытталған қалыптастырушы бейнесі, танымдылық, эмоционалды-психологиялық тұрғыдан өзгеге әсер ету үшін қолданылады.
Инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық ұсу мен бәсекелестiк қабiлетiлiгi үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды және ӛнім түрлерiн ұндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына ұңгiзуге бағытталған қызмет.
Интуиция (сезу) – объективті шындықтың екінші белгісін көрсетуде ойлаудың ерекше түрі
Кәсіби қабілеттер - адам тұлғасының жеке психологиялық сапаларын тәрбиелеуде өзгеретін, тұрақты қатынас
Кәсіби намыс – адамның өз-өзіне және қоғамның оған деген қатынасын ашады
Кәсіби стресс – күрделі еңбек жағдайында физиологиялық және психологиялық реакцияларда көрінетін көп өлшемді феномен
Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі.
Қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланыстың күрделі түрі.
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды. «Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі.
Мәдениет – қоғамның белгілі бір тарихи дамуының белесі, шығармашылық күш пен адам қабілетінің өмір мен шығармашылықта көрініс табуы, материалдық және рухани әлемнің бірлігі
Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттерге ситуация шешімі жауабының бірнеше жолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың оперативтіәдісі.
Мұғалім – оқушыларға сабақ беретін оқытушы, ұстаз. Ол педагогикалық қабілеттілігі, психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің мықтылығы сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл табыса алу қабілетімен де ерекешеленеді.
Мұғалімнің кәсіптік әлеуметтендірілуі - мұғалімнің кәсіптік ортаға енуі; педагогикалық тәжірибені меңгеруі, педагогтар қауымдастығының стандарты мен құндылықтарын игеруі, жинақталған тәжірибені белсенділікпен жүзеге асыруы.
Мінез-құлық мәдениеті – адамшылық қарым-қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез-құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол – адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады. Құқықтың моральдан айырмашылығы: біріншіден, қоғам мойындаған адамгершілік талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілген мінез-құлық ережелерінің орындалуын мақұлдау немесе айыптау) өлшенеді. Мінез-құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, адамдармен күнделікті қарым-қатынасына, білім өресіне, көрген –түйгеннен алған үлгі -өнегесіне байланысты.
Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес.
Оқыту әдiстерi - бұл мұғалiм мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының мiндеттерiн шешуге бағытталған өзара бiрлескен iс-әрекетiнiң тәсiлдерi.
Оқыту технологиясы /педагогикалық технология/ - дидактикадағы бағыт, оптимальды жүйелердiң принциптерiн анықтаудың және жасаудың, алдын-ала сипаттамалары берiлген қайталауға келетiн дидактикалық процестердi конструкциялауды ғылыми зерттеу аясы.
Өзін-өзі жетілдіру – жеке идеяларды ұғу, онымен өзіңді салыстырып, өзіңді өзгертуге тырысу
Өзін-өзі сендіру – бұл әрдайым өз-өзімен дауласу, түрлі жоспарларды және қойылған мақсатқа жету анализі
Пассивті оқыту әдістері – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);
Педагог–жаңашыл – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.
Педагогикалық әрекет - оқу пәнінің мазмұнына сай келетін, сабақ жайында оқу кеңістігінде жүзеге асатын мақсатқа жетуге бағытталған біртұтас психофизикалық процесс
Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.
Педагогикалық біліктілік – ол іс- әрекетке деген дайындық және іс- әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагоги калық біліктілігі бірлесе педагогикалық шеберлікті айқындайды. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі оның мамандығына, дипломына , сапасына сәйкес анықталады.
Педагогикалық жүйе – адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы.
Педагогикалық зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.
Педагогикалық инноватика - Педагогикалық жаңа енгізулер (инновациялар) - мақсатты бағытталған өзгерістер, олар білім беру мекемесінің әрекетіне жаңа, салыстырмалы тұрақты элементтерді енгізеді, сөйтіп оның дамуына және қызметіне тиімді әсер етеді. Педагогикалық жаңа енгізулердің тарауының факторлары:
Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда бейнелену ерекшеліктьерін аңғару және қажетті нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер етудің мүмкін болатын әдіс- тәсілдерін орынды қолдана білі қабілеттілігі болып табылады. Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс- әрекетті тез меңгеріп кетеді. Болашақ шебер педагогтың кәсіби қалыптасуы, оның педагогикалық қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады.
Педагогикалық қарым- қатынас шеберлігі – педагогикалық шебер мұғалім кім- кіммен болса да жақсы қарым- қатынас жасай білуі тиіс. Қарым- қатынас адамдармен , ұжыммен, топпен, жекелей түрде де болуы мүмкін.
Педагогикалық мамандық – адамзаттың өмір сүре бастауын өзінің мамандығымен басқа адам тұлғасын қалыптастыруды басқару өнері болып табылатын әрекет түрі.
Педагогикалық ойлау – бұл ұстаздың кәсіби ақылы және практикалық шығармашылығы, этикалық нормалардың сапалығы, ғылыми білім, педагогикалық технология, тұлғалық сапалардың оқу-тәрбие процесінде көрініс табуы
Педагогикалық позиция – жағдай, ой арқылы оқытушының студентке көзқарасы және олармен қарым-қатынас барысында бағыты анықталады
Педагогикалық такт - педагогикалық үдерістің моральдық реттеушісі ретінде оқытушының құлықтық-психологиялық қасиеттеріне негізделеді және кәсіби компетенттілікті танытудың деңгейі болып табылады.
Педагогикалық талап – студенттің тәрбиеленуі кезіндегі тәртібіне қойылатын ұсыныс
Педагогикалық техника- өз- өзін басқара білу және педагогикалық мәселелерді шешу процесі барысында өзара әрекеттестік жасай алу қабілеттіктерінен тұратын, мұғалімнің жүріс- тұрысының ұйымдастырылуының ерекше формасын көрсететін педагогикалық шеберліктиің элементі.
Педагогикалық технология – бұл жеке қасиеттердің көрінуі мен мәдени-әлеуметтік мөлшердің үйлесімділігі және баланың өмірге деген көзқарасын, өмірмен қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында, балаға әсер етудің кәсіби негізделген педагогикалық шеберлік бөлігі
Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұүмыс істеу ерекшеліктерінеп , әдістемелік тәжірибесіне, жаңашыл әдістерін кеңінен пайдалануға үлкуен мән беру болып табылады.
Педагогикалық тұлға – ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек.
Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарғы органы – педагогикалық кеңес.
Педагогикалық шебер мұғалім – педагогтың берілген уақыт аралығында тиімді нәтижеге жетуінде көрінетін, балаларды үнемі түсінетін, ұғатын, өзгелердің пікірін тыңдайтын, өзгелерді сыйлайтын шебер адам. Педагогикалық шебер мұғалім болу өте қиын. Ол үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету керек.
Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өзіндік басқаруының ролін көтеруге тырысуы т.б.
Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өмірге, түрлі іс- әрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру;
Педагогикалық шебер мұғалімнің сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыруы;
Педагогикалық шеберлiк - кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның қасиеттердің комплексі. Оның элементтері: гуманистік бағытталғандығы; кәсіптік білімдері; педагогикалық қабілеттері; педагогикалық техника.
Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.
Педагогикалық шеберлік - өз жұмысын жетік білетін және балаларды жақсы көретін әрбір педагогқа тиімді жоғары әрі тұрақты жетіліп отыратын тәрбие мен оқудың өнері
Педагогикалық шеберлік деструкциясы – бұл тұлғаның психологиялық құрылымда пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация болып табылады. Педагогикалық шеберлік деструкциясының пайда болуы және дамуы іс- әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация мен педагогикалық позицияға негативтьі әсер етеді. Педагогикалық шеберлік деструкциясының дамуын детерминациялайтын факторлардың көп болуын объективті және субъективті деп бөлуге болады.
Педагогикалық шығармашылық - саналы және интуициялық интеграция үрдісі, сондықтан оқытушымен педагогикалық суырып-салмалылықтың игерілуі маңызды технологиялық сәттердің бірі болып табылады.
Педагогикалық ықпал - мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.
Педагогикалық ықпал етудің тәсілдері – бұл тәрбие әдісін толықтырып, тәрбиеленушінің тәртібін реттейтін тәсілдер
Педагогикалық іскерліктер оқытушының кәсіби бағытының қалыптасуына, педагогикалық техниканың жетілуіне көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық эмпатия – ол гректің «empatheia» , әсерленулерге ортақтасу, жаңашырлық, адамның әсерленуіне ортақтасу барысында сол адамның ішкі әлеміне еніп кету болып табылады. Эмпатия ұғымдарына түсініктемелер берген ғалымдаро қатарына В.Дильти, К.Юнг, У.Е.Мелибруда, Х.Хекхаузен т.б.
Рефлексия – ойлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, адам танымының өз-өзіне, ішкі жан дүниесіне, психикалық ерекшеліктері мен жағдайына бағытталуы, өз-өзіне есеп беруге бейімділік.
Сабақ - оқытудың мiндеттерiн, яғни бiлiм беруiн, тәрбиеленуiн және дамуын шешуге жүйелi түрде қолданатын белгiлi бiр уақыт аралығында тұрақты құрамдағы мұғалiмдер мен оқушылардың iс-әрекетiн ұйымдастырудың формасы. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеудің 5 түрі (типі) бар: жаңа оқу материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау және жүйелеу сабағы; аралас сабақ; бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы.
Сөз – белгілі бір мағынаға ие, заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі формасы. Мысалы: сөзі мірдің оғындай, сөзі бір жерден шықты, сөзінің жаны бар.
Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды.
Тактикалық шеберлік – ол қандай да бір мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері, міндеттер жүйесі болып табылады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде педагогикалық шебер мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс:
Талап – педагогикалық ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі. Іс -әрекетке итермелейтін талап (кесімділік дәрежесіне қарай -өтініш, тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге тыйым салатын талап (нұсқау, сәйкес бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.
Тәрбие – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
Тәрбие –жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.
Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.
Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Теория – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.
Тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады т.б.
Тұлға – 1) –дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.
Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті, адамдар ара қатынасының түрлі мағынасында қолданылады.
Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.
Эмоционалды тұрақтылық – жеке тұлғаның ұғымы психологиялық тұрақтылық ұғымымен ерекше үйлесім табады.
Этика (әдеп) – мораль, мінезділік, олардың философиялық пән және идеологияның бір түрі ретінде қоғамдағы орны мен нормалары мен мінездік ережелірдің жиынтық жүйесі
2. «Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару» пәні бойынша дәрістер кешені.
«Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару» пәні бойынша дәрістер кешені.
1-тақырып Мектепке дейінгі педагогика ғылымы.
Мектепке дейінгі педагогика –мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым.
Мектепке дейінгі педагогиканың дамуы, қалыптасуы.
Мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы, сапасы.
Мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі педагогика пәнін оқытудың мақсат-міндеттерімен таныстыру, теориялық түсініктерін тереңдету, негізгі педагогикалық ұғымдарды түсініп, тәжірибеде қолдана білуге, мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын айқындап, ғылыми жүйесіндегі орнын нақтылай білуге үйрету.
Мектепке дейінгі педагогика пәні мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық және психологиялық жағынан мазмұны жа жалпы педагогикадан өзгешелеу. Бұл кезеңде бала ағзасының дамуы тез, үдемелі болғанмен, әлсіз де нәзік, кінәшіл келеді. Алайда бала осы шақта қимылдауды, ойлауды, сөйлеуді меңгере ьастайды. мектепке дейінгі педагогика пәні алты жастақа дейінгі балаалрды үй-іші мен балабақшада өмір талабына сай жетілдіру процестерін зерттеп, оларды оқыту мен тәрбиелеудің ең тиімді әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ, балабақшадағы тәрбие жұмыстарын жан-жақты ұйымдастырудың теориялық, тәжірибелік жақтарын, ойын, оқу, еңбек әрекетттерін, күн тәртібін, бөбекжай (ясли) мен балабақша тәрбиешілерінің ата-аналарымен өткізілетін жұмыстарының түрлерін де қарасытарады.
Адамзат қоғамы ылғи да тәрбие мәселесіне мән берді. әлеуметтік функцияда тәрбие, аға ұрпақтың іні ұрпаққа қалдырған дүниетанымы, білімділігі, іс – тәжірбиесімен қалдырған. Сондықтан да, аға ұрпақ қандай білім алса, келер ұрпаққа берер тәжірбиесі соғұрлым мол болады. Ең бастысы адамға әсер ететін ол тәрбие. Тәрбиені адам қоршаған ортадан, айналасындағы қоғамнан алады.
Педагогика – адам тәрбиесінің заңдылықтары, өсіп келе жатқан ұрпақтың ең бірінші алдыға қоятын мақсаты тәрбие мәселесі. Педагогикада жетекші мәселенің бірі тәрбие. Тәрбие ұзаққа созылған процесс. Сондықтан да адам өмір бойыбиеленеді.
Педагогиканың дамуы ерте кезден басталған. Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер етуші әлеуметтік құбылыс. Ең алғаш ( Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель) тәрбиелеу мен қоғамның талаптарын біріктіру секілді философиялық пікір айтты. Ең алғаш пеадгогика философиялқ система туралы пікір ретінде қалыптасты.
Европада ортағсырларда педагогика тәрбие мәселесіне діни көзқараста болды. Педагогикаға деген көзқарас ең алғашқысында субективті болды.
Одан кейін ол обьективті көзқарасқа ие болды. Оған деген дифференцианальдық ғылым. Педагогика ғылым ретінде қалыптасуына Я. А. Коменский (1582-1670) үлкен ат салысты.( «Ұлы диадактика» 1632 ж, «Аналар мектебі» 1633ж).
Я.А. Коменский тәрбиені ерте жастан бастап жанұяда берілуі тиіс деген пікір айтты. Я.А. Коменскийдің «табиғи ойлау» тәрбиесі, кішкентай балаларды жан – жақты дамытуға Ж.Ж. Руссо (1712-1778) және И.Г. Пестолоцци (1746-1827).
Швейцарияныың педагогі И.Г.Пестолоцци – ең алғаш сөзінің қарапайым элементтік білімдерін ұсынды. Алғашқы рет ана тілі, арифметиканың методикасын ұсынды. Мектепке дейінгі « балалар класын» ұсынды.
Мектепке дейінгі балалар білім мен тәрбие мәселесіне өз еңбектерін арнаған неміс педагогі Ф.Фребель (1782-1852), ағылшын социалист – утописі Р. Оуэн( 1771- 1858), итальян педагогі М.Монтессори (1870-1952).
Ф.Фребель оқыту мен тәрбие мәселесіне ұйымдастырап мекеме ашты, ол алғаш рет бала – бақша деген ұғым енгізді. Дидактикаға, ойын мен ақыл – ойдың дамуына көп көңіл бөлді. Бірақ, Фребельдің бір қателігі болды. Ол мектепке дейінгі діни идеологияны ұсынды.
Р. Оуэн адамды қайта тәрбиелеуге болады деген пікірді ұсынды. К.Маркс пен Ф.Энгельстің пікірін құптамады.
Сонымен қатар М.В Ломоносовтың, А. Н. Радищевтің, Н.Н. Новиковтың, А.И. Герценнің, Л.Н. Тлостойдың, Н.И. Пиорговтың т.б. мектепке дейінгі педагогикаға қосқан үлестер зор.
К.Д.Ушинский бүкіл әлемдік педагогикамен психологияға ХІХ ғасырдың ортасында халықтық педагогикаға өз үлесін қосты.
Атақты марксистік педагогиканы Н.К.Крупская мен В.Луначарски екеуі әр жастағы мектеп ойындарын құрады.
А.С. Макаренко (1888-1939) ұжым туралы еңбегі, тәрбие, балалар ойны сияқты көңіл бөлді.
Мектепке дейінгі педагогиканың ең маңыздысы ол баланы 1 жастан 6 жасқа дейін тәрбиелеу мәселесін қарастырды.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы кезде игерген баланың рухани байланысы өмір бойына із қалдырып, оның дұрыс жетілуіне негіз болады. Сол себептен де мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындарында мамандар даярлау ісіне ерекше көңіл бөлінеді. Айтылған ой-аікірлер ауызша толықтырылып, ойды жүйелеп тиянақтау үшін оқушыларға сауал қойылады, оны төмендегідей сызба үлгілер арқылы дәлелдеп көрсетеді:
1. Мектепке дейінгі педагогика ғылымы нені оқытады?
2. Бұл жастағы баланың ерекшелігі қандай?
Сонымен корыта келе, мектепке дейінгі педагогика пәні - мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы, тәрбиесі, оларды оқыту және оның заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогиканы оқи отырып, мектепке дейінгі жастағы баланың психологиялқ, физиологиялық даму ерекшелдігін, адамдармен қарым-қатынасы, адамдар өмірі, айналасы, табиғат туралы алғашқы түсініктерінің калыптасуы туралы мағлумат алады. Сондай-ақ негізгі педагогикалық ұғымдармен танысып, олардың айырмашылығын ажыратып, тәжірибеде қолдана білгуге жаттығады. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысымен танысып, оның зерттейтін мәселелерін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |