Педагогика кафедрасы


-тақырып Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы



бет2/3
Дата27.12.2016
өлшемі1,57 Mb.
#6100
1   2   3

2-тақырып Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.

Шет елдердегі қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің тарихи дамуы.(Я.А.Коменский, Г.Пестолоций, Р.Оуэн, Ф.Фребель)

Ресейдегі алғашқы балабақшалар (Л.К.Шлегер, А.С.Симонович, Е.Н.Тихеева.)

Қазақстандағы алғашқы балабақшалар. Қазіргі ҚР да қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.мектепке дейінгі ұйым типтері және олардың ерекшелігі.



Мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихымен таныстыру. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі қалаған ғалымдар мен көрнекті педагогтардың ой-пікірлеріне теориялық тұрғыдан өздігінен талдау жасау және оны тәжірибеде колдана білуге дағдыландыру. Өздігінен ізденіп, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.
Ғылыми педагогика дамытуды бастаған ұлы славян педаогы Ян Амос Коменский( 1592-1670). Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беруге үлкен көңіл бөлді. Коменский феодалдық езгіге қарсы шыққан, католик дініне қарсы шыққан ағартушы, ол дінге сенетін адам еді, бірақ шіркеудің адам күнаһарлығы туралы ойларын жоққа шығарды. Табиғи жан иесі ретінде адам үнемі дамуда болады деп есептейді. Коменский тәрбие арқасында қай және қандай баланы болса да адам етіп шығаруға болады деп атап көрсетті. Табиғи дарындылық принципін негізге ала отырып оны табиғат пен адам даму заңдылықтарының жан – жақтылығы жалпыға бірдей ортақтағы деп түсінген Коменский жас кезеңдерін талдады. Адам дамуды кезеңдерін сипаттай отырып, ол солардың ішіндегі 6 жылға созылған біріншісіне ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша дене шапшаң өсіп сезім организмнің жедел даммитын бұл кезеңде кішкентай балалар педагогикалық қабілет бар өз тәрбиеленушілерін сүйеті дана адамдар басқаратын ана мектептерінде, яғни отбасында тәрбиеленуге тиіс. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру туралы « Ана мектебі» деген атты еңбегі мектеп дейінгі тәрбие жөнінен дүниежүзінде 1-ші бағдарлама құралы болды. Коменскийдің балалардың денсаулығына мұқият қамқор жасауға шақырды. Ол әйелдің жүкті кезіндегі өмір салты туралы бір қатар маңызд бастамалы нұсқаулар берді. Жаңа туған сәбиді күтіп бағу жөнінде, оның тамағы мен киімі, режимі және т.б. туралы халық тәрбиесімен өз заманындағы медецинаға сүйенетін ұсыныстар жасады. Коменский «балалардың денесі өсіп – дамуы үшін жағдай жасауға тиіс. Балаларға орынсыз шек қоймау керек. Қайта керісінше басын тік ұстап отыруы қажет. Осы және басқа дағдыларды іскерліктерді игеру тек қана ойын түрінде асырылуға тиіс. Ал ойын балаларды дамытудың негізгі құралы» , - деді Коменский.

Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға Швейцарияның аса көрнекті ғалымы Генрих Пестолоцци(1746-1817) үлкен үлес қосты. Халықтың жағдайын жақсаруын армандай отырып Пестолоций бұған дұрыс тәрбие және жалпыға бірдей білім беру нәтижесінде қол жеткізуі мүмкін еді. Оның көзқарасының утопиялығы: білім берудің өзі халық бұқарасының жақсы өмір сүруіне кепілдік береді деген бұлдыр сенімде болды.

Пестолоций табиғи дарындылық принциптері басшылыққа ала отырып, ол педагогтан балалардың жас мүмкіншіліктерін және ерекшеліктерімен санасуды талап етті. Пестолоций оқыту процесін балалардың қабылдау ерекшеліктерін есепке ала отырып, құрылуға тырысушылардың бірі болды. Балалардың қабылдау ерекшеліктерін есепке ала отырып, ол оқыту процесінде бөлшектерден бүтінге, жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге бірте – бірте көшуді соның өзінде үздіксіздікті дәйетілікті сақтауды ұсынды.

Пестолоций тәрбие жүйесінің алдына барлық балалардың дене еңбек адамгершілік ақыл – ой жағынан үйлесімді даму міндетін қойды. Ол бала үшін неғұрлым тән табиғи қозғалыстарға негізделген «элементарлық гимнастика» жүйесін ұсынды.



Р. Оуэннің кішкентай балаларға арналған мекті Роберт Оуэн (1771—1858) аса көрнекті социал-утопистердің қатарында болды. Ол капиталистік құрылысты қатал сынға алды және өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнатылу қажеттілігін жариялады.

Оуэн жұмысшы балаларын мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиелеуде тұңғыш талпынысты ойдағыдай жүзеге асырды. Басқарушы, ал содан соң Нью-Ланарктегі (Шотландия) мақта жіп фабрикасының иесі болған Оуэн жұмысшылардың тіршілігін жеңілдету үшін бірқатар шаралар жүргізді: жұмыс күнін 10,5 сағатқа дейін (14—16 орнына) қысқартты, 10 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа қабылдауға тыйым салды, жалақыны көбейт-ті, жаңа үйлер салды. Ол капиталистік құрылыстың кеселдерінен азат, та-за жаңа адамдардың қалыптасуына үлкен көңіл бөлді. Ол Нью-Ланаркте ұйымдастырған «Мінез-құлыққа арналған жаңа институт» осы мақсатқа қызмет етуге тиіс болды, бұл институтқа 1-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін ясли 3-тен 5 жасқа дейінгі «кішкентап балалар үшін мектеп», 5-тен 10 жасқа дейінгі балалар үшін бастауыш мектеп кірді, «Жаңа институтта» жұмыс істейтін жастар үшін сабақтар жүргізілді, жұмысшылар мен олар-дың семьялары үшін лекциялар және мәдени ойын-сауықтар өткізілді.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ХХ ғасырдың басында Еуропада неміс педагогы Фридрих Фребель (1782-1852) мектепке дейінгі тәрбие теорияның кеңінен таралды. Фребельдің педагогикалық жүйесінің қарама қайшылығы болды. Фребель тәрбиені адам тумасынан болатын инстикттердің дамуы деп есептеді: 1. іс-әрекет 2. таным 3. көркемдік 4. діни.

Тәрбие мақсаты баланың бойында әуел бастан Құдай берген барлық адамға тән қасиеті анықтап білу. Табиғи дарындылық принципіне нақ осындай түсінік берді. Ол тәрбие табиғаттың бергеніне ештеңке қоспайды. Тек өзінің бойындағы қасиеттерді дамытады деп есептеген.

Мектепке дейінгі тәрбие орасан зор маңыз бере отырып, оны ойынды дамытудың негізгі деп санады. Баланың дене мен психикасының жағынан қалыптасуында оның үлкен роль атқаратындығын көрсетті. Баланың табиғи ерекшеліктерін сүйеніп, Фребель баланың іс - әрекеті және басқа балалармен араласуындағы қажетсінулерін қанағаттандыру үшін, оны құрдастарының қоғамында тәрбиелеу керек деп санады. Ол бұл идеяны педагогикалық жағынан терең негіздеді. Бұл бүкіл дүниежүзінде жаппай қабылданды. Ол дидактикалық ойындар мен алуан түрлі сабақтардың жүйесін құруды бастады. Оларды жүргізу негізіндегі әдістемелік нұсқауларға талдау жасады.

Балабақшаның алғашқы келуі шет елдерде ағылшын педагогы Роберт Оуэн (1771-1858) есімімен байланысты. Ол 1802ж пролитарист балабақшаларында қоғамдық тәрбие беретін мектеп балабақша алып « қоғамдық тәрбие ғана жан – жақты дамыған адамды қалыптастыруға мүмкіндік береді.»

Кейіннен неміс педагогы Фребель 1837 жылы мектепке дейінгі мекеме ұйымдасдастырып, оны балабақша деп атаған. Осындай шет елдік тәжірбиелердің негізінде Ресейде ХІХ ғасырдың 60 жылдары төлемақылы жеке адамның меншігіндегі ең алғашқы балалар бақшалары дүниеге келе бастады. 1- ші балабақша 1859 ж Гельсингфорста; 2- ші 1863 ж Петербургте, 3- ші 1863 ж Гельсингфорста Седмиградский,; 4-ші 1866ж Петербургте «Детский сад» журналының редакторы Симонович ашқан бағытта жүргізілген кейбір балабақшаларда Фребель жүйесімен жүргізілген. Фребельде мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әсіресе, Ресейде неміс әйелдер тұратын немесе әйелдер семинарларын Германияда бітірген Фребель балабақша тәжірбиесімен таныс, орыс әйелдері ашқан балабақшаларда бұл жүйе үлкен орын алған. Фребель жүйесі көптеген сын пікірлерге ұшырағандықтан басқа балабақшалар өздерінше ізденіс жасар Ушинскийдің, Толстойдың ой пікірлеріне сүйене отырып жұмыс жасаған. Мысалы: 1863-1869 жж Люгибельдің Симоновичтің балабақшаларда тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде уақыт жүйесіне шек қоймай, балалардың дербес әрекетіне сүйікті ісіне мүмкіндік жасап, жыл мезгіліне байланысты тәрбие жұмысының мазмұнын өзгерістер енгізіп отырған. Сол кезде ақпараттар Симоновичтің ақылды, тиімді деп жариялаған. 1866-1870 жж Воронеж, Иркуртск, Москва, Петербург т.б. жерлерде меншікті (балабақша) төлем ақылы балабақша ашыла бастады. Мектепке даярлау ісін алғаш балабақша жолға қойған. Мысалы: 1869ж Иркутскіде, Москвада. 18722 ж Тулада балабақша мектеп тәріздес ашылған балабақшаларда тәрбие жұмысын ойынмен аяқталатын сауат ашу, жазу, шет тілдерін үйрету т.б. тәрбие жұмыстарымен мектеп дейінгі жүзеге асырылған.

Швейцариядағы балалар бақшаларының жұмысымен алдын ала танысқан, XIX ғасырдың 60-жылдарда-ғы қоғамдык-педагогикалық қозғалыстың көрнекті қайраткері Аделаида Семеновна Симонович (1840—1933) 1866 жылы ерімен бірлесіп Пе-тербургте интеллигенция балаларына арналған ақылы балалар бақшасын ашты және Россияда мектепке дейінгі тәрбие жөнінде «Балалар бақшасы» деген тұңғыш журнал шығара бастады. Балалардың ерекшеліктерін зерт-тей отырып, ол Фребель жүйесі бойынша баланы дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес екендігіне көзі жетті де К. Д. Ушинский ұсынған халықтық тәрбие идеясын қолдана бастады.

А. С. Симонович былай деп есептеді: 3 жасқа дейінгі балалар анасы-ның белсене қатысуымен семьяда тәрбие алуға тиіс, ал 3-тен 8 жасқа де-йінгі тәрбиелеуде семьяға бала бақшасы көмектесуі қажет.

Балалар бақшасына «семья мен мектеп арасын байланыстырушы зве-но» ретінде карай отырып ол, балалар бақшасы балаларды мектепте оқуға даярлауға тиіс, деп жорамалдады. Оның пікірі бойынша, балалар бақшасындағы оқу ойындық сипатта болуға тиіс. Мектепке дейінгі жоға-ры жаста жай арнаулы класта неғұрлым жүйелі даярлау енгізіледі. Ойын ойнап жүріп, бала бір мезетте орнықтылыққа дағдыланадьі, әліппемең, жазумен, санаумен танысады. Жай кластағы оқу мектептегі сабақ балаға қуаныш беретіндей етіп құрылуға тиіс.

Балалар бақшасы жұмысының табысты болуы көбіне-көп тәрбиешінің жеке басына байланысты, ал А. С. Симонович оған зор талаптар қойды. Оның айтуына қарағанда, «балалар баулаушысы» білімді, ширақ, сергек, көңілді, қатаң, бірақ кекшіл емес, талап қойғыш, бірақ қазымыр емес болуға тиіс. Ол балалардық табиғатын тани білуі тиіс. А. С. Симоновичтің пікірі бойынша, балалар бақшасының сипаты мен бағыты баулаушы-ның ақыл-ой және адамгершілік жағынан даму дәрежесіне байланысты,

А. С. Симоновичтің қызметі орыстың мектепке дейінгі педагогикасын дамытуға дұрыс әсер етті.



Елизавета Николаевна Водовозова (1844—1923) мектепке дейінгі педагогика саласында К. Д. Ушинскийдің жолын қуушы болды. «Есі кіре бастағаннан мектеп жасына дейін-гі балаларға ақыл-ой және адамгершілік тәрбие беру» деген өз еңбегінде ол Фребель жүйесін сынға алды, оның кемшіліктерін көз жеткізе көрсетті және балалармен оқу мен ойын өткізуге арналған өзі талдап жасаған тамаша әдістерді ата-аналарға, балалар бақша кызметкерлеріне ұсынды.

Е. Н. Водовозова балалар үшін бірқатар кітаптар шығарды, олар жиі кайта басылып отырды. Оның «Европа халықтарының өмірі» деген кітабы-мен Володя Ульянов гимназияда үздік оқығаны үшін наградталды.

Өзінің педагогикалық жүйесінде Е. Н. Водовозова К. Д. Ушинский тұжырымдаған халыктық принципті дәйекті түрде жүргізді. Ойын таңдау мен оқуды жоспарлауды, ол балалардың өмірі кызық та мазмұнды бо-латындай, орыс дәстүрлері рухында құрылатындай етіп жүзеге асырды, айналадағыларға деген ынтаны оятып, қанағаттандырды. Ол ұсынған балалардың серуендеу, экскурсиялар мен бақылау, творчестволық іс-әре-кеті, дене жаттығулары, халықтық қимыл ойындары, балалардың шамасына қарай еңбек етуі жөнінде және т. б. программалары да осы мақсатқа қызмет етті. Барлық оку бірте-бірте күрделене түсетін жүйеде орналастырылды.

Е. Н. Водовозованың бағдарламаларында ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесіне үлкен орын берілді. Ақыл-ой дамуының құралы ретінде таби-ғатпен танысуға көп көңіл бөле отырып, оның мазмұнына қоршаған өмір-мен, халықтың еңбегімен және тұрмысымен танысуды енгізді. Оның адам жөніндегі 60-жылдардағы прогрестік идеялардың әсерімен калып-тасты. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегД ұсыныстары балалардың бойын-да еңбек сүйгіштікті, тілек-талабын басқару іскерлігін қалыптастыруға бағытталды.

Е. Н. Водовозованың әлеуметтік және педагогикалық көзқарастары өз заманы үшін прогресті болды, ал «Балаларға акыл-ой және адамгершілік тәрбиесін беру» атты оның еңбегі Россияда балалар бақшалары тәрбиеші-лерін даярлау кезінде негізгі кұралдардың бірі болды„

Луиза Карловна Шлегердің (1863—1942) педагогикалық қызметі 1882 жылы басталып, ал 1905 жылы Москва кедейлерінің балалары үшін тәрбие шараларын жүргізетін «Сетлемент» және «Бала еңбегі мен тынысы» қоғамдарының белсенді қатысу-шысына айналды. Москваның жұмысшылар тұратын шет аудандарының бірінде балалар бақшасы ашылып, онда Л. К. Шлегер және қоғамның басқа мүшелері ақысыз жұмыс істеді. Олар Фребельдің дидактикалық материалын қайта қарап, балалардың өмір жоспары деп аталып жүрген тәрбие жұмысының негізі етті, онда сол кезде кең тараған еркін тәрбие теориясына үстемдік берді, ойын мен сабақ үстінде балаларға толық ер-кіндік жасалды. Алайда көп ұзамай-ақ олар балаларға ұйымдасқан түрде ықпал ету элементтерін орнатуға мәжбүр болды, ал одан соң ұсынылған деп аталатын және тәрбиешінің жоспары бойынша жүргізілетін міндетті сабақтарды енгізе отырып халықтық балалар бакшасының жұмысын жоспарлауға іс жүзінде көшті. Сонық өзінде тәрбие жұмысы қандай да бірыңғай программаға немесе мақсатқа біріктірілмеді.

Л. К. Шлегердің бірқатар еңбектерінде («Кішкентай балалармен әңгі-ме өткізуге арналған материалдар», «Балалар бақшасындағы практика-лық жұмыс» және т. б.) мектепке дейінгі балалармен әңгіме өткізуді ұйымдастыру методикасы, балаларды зерттеу, жеке-дара жұмыс істеу, се-зім органдарын дамыту үшін арнаулы жаттығулар колдану жөнінде ба-ғалы ақыл-кеңестер бар. Л. К. Шлегер мектепке дейінгі теорияны дамы-туға елеулі ықпал жасады. Ол кеңестік мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен практикасын дамытуға ат салысты.



Елизавета Ивановна Тихеева (1867—1943) мектепке дейінгі тәрбие проблемасымен 1907 жылдан бастап айналыса бастады. Ол 1913—1917 жылдары мектепке дейінгі тәрбиеге жәрдемдесетін Петербург коғамының балалар бақшасын және сол ко-ғамның мектеп комиссиясын басқарды. Е. И. Тихеева К. Д. Ушинскийдің жолын қуушы және оның идеяларын насихаттаушы болды, балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп программа-ларының үйлесімділіғіне жәые сабақтастығына ерекше көңіл бөлді.

Өз еңбектерінде («Ана тілі және оны дамыту жолдары», «Қазіргі балалар бақшасы, оның маңызы және жабдықталуы» «Римдегі балалар үйлері, олардың теориясы мен практикасы» және т. б.) ол өзінің мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытты, сонымен қатар М. Монтессоридің жүйесін мықтап сынға алды. Е. И. Тихеева балалар үйлеріндегіге қарағанда, балалар бакшасындағы атмосфера кеңілді болуға тиіс, бұл ойындарды, жандандыра сөйлеуді және жұмыстың коллективтік түрлерін кең пайдаланған жағдайда мүмкін болады деп есептеді.

Еркін тәрбие теориясын жақтаушыларға қарама-қарсы ол былай дел пайымдады: баланың өсіп жетілуінде жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттер жетекші орын алады; білім-тәрбие беру жұмысына, оның мазмұы мен формаларын жалпы түрде анықтай және тәрбиешіні егжей- тегжейлі шектелмейтін перспективамен қаруландыра отырып, бағыт берерліктей бағдарламаны пайдалану қажеттігін көздеді. Е. И. Тихеева тәрбиешінің жеке басына жоғары талаптар қойды. Ол балалар бақшаларында тәрбиеленушілер күн сайын таңертең ыстық тамақ ішуге, әрбір балалар бақшасының өз кішкене бағы немесе ауласы болуға тиіс деп есептеді.

Сезім органдарының дамуы үшін Е. И. Тихеева жасаған дидактикалық материалдар жүйесі, балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру жөніндегі ұсыныстары қазіргі заманғы балалар бақшалары-нық жұмысында да пайдаланылуда. Ол тіл дамыту методикасын талдау жасауға көбірек үлес косты. Оның тіл дамыту жөнінде ұсынған көрнекі материалы мен кұралдары қазірде де мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста пайдаланылуда.


3-тақырып Балаларды мектепалды дайындыққа бейімдеу әрекетінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

Жоспары:

Бейімдеу әрекетінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

Балаларды мектептегі оқуға қалыптастыру мезгіліндегі олардың психикалық қасиеттерін өлшеудің шкалалары

Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгендегі моральді-этикалық сипаттамасы бар ең негізгі талаптар


1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Шетелдік және отандық жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциональдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдейді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындады. Осыған сәйкес қабылданған жаңа стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында және мектепалды даярлық топтарында балалармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың мазмұны көрсетілген.

Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:

- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;

- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, жалпы бүтіндей педагогикалық үрдістерге бағытталуы қажет және негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;

- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделу деңгейі бала жетілуіне түрткі болатын педагогикалық шаралар жайлы нәтижелер жасауға болатынын сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.

Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды.

Оның қолданылуын қажет ететін негізгі мынандай мәселелерді атап көрсетуге болады:

І. Психологиялық-педагогикалық үрдістегі диагностика негізінде мектепке даярлықты қалыптастыру. Тәрбиешілер мен мұғалімдер үнемі оқу үрдісін бағалап, орындап және жоспарлап отыруы тиіс. Ол бүтіндей топты немесе жеке баланы мектептегі оқуға бейімдеуде, оқытудың алғы шартын өткізу барысы және нәтижелері жайында ақпараттарды қажет етуі тиіс.

П. Мектептегі оқуға балаларды бейімдеуде, оқытудың алғы шарттары мен дамуының жеке ерекшеліктерінің диагностикасы. (балаларды бағалау). Тәрбиешілер мен мұғалімдер өз уақытында өздері балалардың даму деңгейін үнемі бағалап отыруы қажет.

Ш. Дамудағы артта қалудың түрлі формаларының диагностикасы және оларды түзету жұмыстары дамуда артта қалудың екі негізгі түрі ерекшеленеді: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстары мен байланыстары және клиникалық психологиялық немесе медициналық диагностиканы, терапеяны қажет ететін, негізінде дені сау балалардың дамуындағы жағымсыз сыртқы немесе ішкі міндеттермен байланыста уақытша артта қалуы және жағымсыз мінез-құлықтары. Теориялық диагностика негізінде бұл жерде екі міндетті шешу қажет: ерекше педагогикалық шараларды қажет ететін жағымсыз мінез-құлықтарды түзету жұмыстарын қолдану арқылы қалыпқа келуге көмектесу және күшейту тенденциясы байқалған (профилактикалық шараға қарамастан) балаға қатысты шешімге келу мақсатында диагносикалау мен артта қалу профилактикасы мақсатында дамудың жағымсыз ішкі және сыртқы жағдайларды өз уақытында анықтай білу.



2. Психологтар өздерінің үйрету диагносикасының жұмыстарын саналы түрде, Л.С.Выготскийдің «үйрету кезінде баланы зерттеу» деген принципіне сүйеніп, оны психодиагностиканың тіліне аударғанда, «оның үйретуін талдап, баланы диагностикалау» дегенді білдіреді, яғни даму немесе үйрену үрдісін модельдеу және үйрету барысында талдау. Оқу әрекетінің диагностикалық талдауында екі аспект бар: қабілеттілік аспектісі және ұғыну аспектісі. Алдын-ала және соңғы тесттерді қолданып оқуға кетірген тырысуларын салыстырып және осылардан алынған жетістіктерден нәтиже шығарып, баланың интелектуалды қабілеттілігін білуге болады. Үйрету диагностикасы екі бағытта дамуы керек: әр түрлі заттарды ұғынуға қолданылатын үйретуді шығаратын әдістерді өңдеу керек және сонымен қатар, тек баланың оқуға деген интелектуалды қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге оқудың мотивациясын, араласа істеуін және т.б. ұғыну қабілеттілігін диагностикалауға болатын әдістерді қолдану. Осылармен бірге (баланың білімді ұғып алуының жеке ерекшеліктерін, ептілігін және т.б.) оқыту үрдісінің өзін адекватты бейнелей отырып әдістерді өңдеу керек.

С.Л.Рубинштейн және оның шәкірттері, ойлау психологиясына байланысты ойларын эксперименталды зерттеулерінде көрсете білді. Осындай диагностика балалардың мектептегі оқуға бейімделуінің потенциалды мүмкіндігін, сол сияқты оқу мәліметін жеке ұғып алу қасиетін көрсете білу керек, өйткені оны үйретуге таратқан тырысуларын, сонымен бірге, баланың жеке басын дамыту кезіндегі мақсатында көрсеткен көмегі туралы да пікір айту үшін, осындай тәсілдермен диагностикалаудың жаңа аспектілері пайда болады. Іздену экспериментінің өту барысында үйренудің тесттегі қосымша, мектепке баратын балада үйрену фазасындағы өзгергіштіктердің өлшемдерінде, алдын-ала және соңғы зерттеу тесттеріне қарағанда жоғарғы көрсеткіш байқалады. Түзету шараларын дұрыс таңдаудың маңызды алғы шарты, жағымсыз мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын психодиагносикалық тұрғыда анықтау болып табылатынын айтты.

Оқуға бейімделу үрдісінің тиімділігін диагностика негізінде салыстыру оқу үрдісіне бейімделу, оқу бағдарламасының өту барысының орындалу нәтижелері жалпы тиісті ақпараттарды қажет етеді. Осындай ақпарат оқу үрдісімен басшылық жасайтын, педагогтарға, кеңесшілерге (әдіскерлерге), балабақша меңгерушілері мен мектеп директорларына қажет. Олар балалардың оқуға бейімделуін, мектептегі жағдайға баланың қалыптасуын салыстырудың стандартты тәсілдерін жасауға тиіс, ол өте маңызды міндет, оның шешімі жолында психологтар мен оқытушылар және әдіскерлермен бірге жұмыс жасау қажет.

Балаларды мектептегі оқуға қалыптастыру мезгіліндегі олардың психикалық қасиеттерін өлшеудің төрт түрлі шкаласы бар.

1. Атаулар шкаласымен өлшеу кезіндегі жіктемесі сапалы белгілер бойынша жүргізіледі. Мысалы, «дене шынықтыруға қызығушылықтарын», «музыкалық қызығушылықтарын», «математикалық қызығушылықтарын» дифференциялауға болады. Мысалы, балаларда дене шынықтыруға қызығушылықтары айқын көрінетін болса, баланың осы қасиетіне тиісті ойлар жинағының көмегімен жүргізіледі.

2. Рангілі шкалада, топтар мен сыныптарды иерархиалық баспалдақтар бойынша орналастыруға болады, мысал ретінде бағалар шкаласын келтіруге болады. Рангілі шкалада шкалалардың жеке мағаналары арасындағы арақашықтықтар бірдей болмауы мүмкін, сондықтан оқушының үлгерімінің жақсаруына психометрия тұрғысында орта бағалар және орта баға көмегімен түрлі сыныптар арасындағы оқушылар үлгерімін салыстыруға жол берілмейді.

3. Интервалдар шкаласында тек сандық топтастыру ғана бола алады, өйткені шкала мағыналары арасындағы ара қашықтықтарды өлшеу сәйкес бірліктерімен анықталады. Мұндай шкалалар психометрикалық деп те аталады. Ең танымал интервалдар шкаласы, ол бағалаудың стандартты шкаласы болуы мүмкін, мысалы, педагогтар практикасында психометрикалық тұрғыда сенімді мәліметтерді беретін психодиагностикалық әдістер аз кездеседі.

4. Психометрикалық шкаланың басқа түрі ол пропорционалды шкала болып табылады. Интервальдар шкаласына қарағанда ол тіпті нолге тең. Мысалы, бойды өлшеу, шкалада нолге тең болса да, бірақ бойы нолге тең адам болмайды. Өлшеу жүргізілетін шкаланы таңдау, оның зерттеуінің әдіснамалық қиындықтары мен проблема сипаттамасына байланысты.

Диагностикалық әдістерді құрау мүмкіншілігіне өлшеудің бара-бар стандартты шкалаларын қолдану қажет. Психометрикалық шкалаларды жасауда, балалардың алғашқыдағы ішкі орналасуын қалыпты орналасуға қайта құру қажет.

Диагностика негізінде балалардың дамуын, мектепке жетілу жағдайларын талдауда, психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер жасалынады және олардың негізінде балалардың белгілі бір талаптарды орындау барысында іс-әрекеттерінің психикалық жүйелі даму жолы және деңгейі жайлы нәтижелер жасауға болады. Педагогикалық диагностика бөлімінде әрбір диагноз мынандай көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс:

а) мектепке баратын балалар тобына берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын, баланың жеке басының дамуының актуалды деңгейі жайлы салыстырылған мәліметтерден;

ә) осы жастағы балалардың дамуындағы жеке айырмашылықтар жайлы мәліметтерден;

б) алдыңғы жас кезеңдеріндегі дамуы жайлы мәліметтерден (даму детермикациясы);

в) болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден: дамуы үшін қажет ететін нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы жағдайларды анықтау (өзгерістер аспектісі).

Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, мектеп жағдайларына жетілдіру үшін педагог пен психологтар арасында әрбір баланың оптималды дамуы үшін ең жақын жолды іздестіріп, ортақ мақсатпен анықталатын серіктестік қатынасы орнығуға тиіс. Осындай әдістемелік принциптен психодиагностикалық әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды келіп шығады. Педагогикалық нәтижелерді жасауға мүмкіншілік беретін әдістерді жасау қажет. Психодиагносика педагогикалық үрдістермен тығыз байланыста болып, психодиагностикалық диагноз негізінде құрылатын мектепке баратын балалар дамуының педагогикалық стратегиясын қарастыруда жауапкершілікті болады.

Психологиялық диагностика – жеке баламен немесе топтың психологиялық даму күйін немесе деңгейін, қасиеттерін, мектептегі оқуға бейімделуін, мектеп жағдайларына қалыптасуын нақты бағалау үшін теорияны, әдістемені және әдісті қарастырумен байланысты арнайы білімдерді психодиагностикалық бағалаудың объектісі ретінде психология балалардың түйсінуімен басталып және бір-бірімен өзара әрекеттескенде сонымен бірге, қарым-қатынас үстінде пайда болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық үрдістерге дейін болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепке баратын балаларға, мектептегі жағдайларға сәйкес мынандай психодиагностикалық жұмыстарды жүргізу қажет:

- мектепке баратын балалардың психологиялық (танымдық, интелектуалды және т.б.) дамудың динамикасын зерттеу. Әр бала үшін жылдық немесе айлық дамудың көрсеткіштері кіретін психодиагностикалық карта болуы керек.

- әр баланың психикалық және мінез-құлық дамуының жеке ерекшеліктерін, орта стандарттан, нормадан, жағымды немесе жағымсыз жаққа ауытқуын анықтау.

- Мектепке баратын балаларға, мектептегі оқуға бейімделудің және тәрбиелеудің жетістіктерін анықтау мақсатында, практикалық мінездеменің негізінде, дамуға психологиялық эксперименттерді қамтамасыз ету.

- балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігін, бейімделуін және қалыптасуын анықтау, олардың өз уақытында дамуына шаралар қабылдау мақсатында жүргізілуі.

- балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған әдістерді таңдап алу мақсатында, тәрбиеші, мұғалім мен ата-аналар үшін бала психологиясының күйі туралы жан-жақты хабардар болуы қажет.


3. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:

1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.

2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.

3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.

4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.

5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.

Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың, зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады. Егер оның жеке көрсеткіштері нормадан жоғары болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан жоғары болады, ал керісінше, егер оның жеке мәліметтері нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалып қояды.

Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.

Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады.

Психодиагностиканың негізгі құралы – тесттер. Олардың көптігіне байланысты, мынандай негізгі бөліктерге бөлінеді: жеке және топтық (ұжымдық), вербальды және вербальды емес, сапалылығы мен саны, альтернативті мен градуальды, жалпылама және арнайы тестер. «Тест» ағылшын тілінен аударылған мынандай мағананы білдіреді: «тексеру», «сынау», «сыналу».

Интеллект тесттерінің арасында өз уақытында әйгілі Стенфорд шкаласы қолданылды. Сонымен бірге, Д.Векслер шығарған шкалалар кеңінен пайдаланылды. Бұл шкалалар әртүрлі жастағы балаларға арналған, олар жеке қабілеттерді және оның ұқсастығына, арифметикалық әрекеттердің шығарылуына, вербальды есептерді шығаруға, сонымен бірге, есте сақтауға, аяқталмаған суреттерді аяқтауға, конструкциялауға бағытталған. Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларға Д.Векслердің шкаласы көп қолданылады. Балалардың үлгерімін тексеруге пайдаланылатын тесттер арқылы, көптеген психологтардың мәліметтерінен оқудың табыстылығын алдын ала білуге болады.

Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет. Көптеген жеке тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зерттелген. Жаңа шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттер басқа жастағы балаларға қолдануға болмайды.

Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады.

Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа ізденістермен жетілдіріп отыру – теорияның жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады.


4-тақырып. Мектеп жасына дейінгі баланың жазу мен оқуға дайындығын қалыптастыру.

Балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.

Жазуға үйретудің негізгі міндеттері. Баланы мектепке даярлау барысында басты назар аударатын негізгі сәттер.
Жоспар:

1.Балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.



  1. Жазуға үйретудің негізгі міндеттері.

  2. Баланы мектепке даярлау барысында басты назар аударатын негізгі сәттер.

1. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.

Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі.

Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.

Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.

2. Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:

* фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;

* қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;

* ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту;

* есте сақтау қабілетін дамыту;

* жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;

* парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.

Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:

1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);

2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);

3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);

4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар, доппен ойын және т.б.);

5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.);

6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмеген тигізеді.

Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.

Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады:

1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру;

2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;

3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу);

4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.

5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру [3].

Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет. [4].

Баланы оқу мен жазуға үйрету - мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар мен біліктерді бала мектепке келіп, алдына оқу мен жазудың нақты мақсаты қойылғанға дейін игере алады. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке даярлау барысында игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады дегіміз келеді.

Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?

Көптеген ата-аналар дайындық дегенді баласы оқу, санау және жазуды білсе болды деп біледі. Шындығында, бұл тек басы ғана. Мектепке дайындық сіз бен біз ойлағаннан да, әлдеқайда маңызды әрі күрделі мәселе екен. Негізі мектепке барғанға дейін теория жүзінде баланың оқи алуы, жаза білуі, санай алуы міндетті емес. Алайда, тәжірибе жүзінде мұның бәрін білгені өзіне пайдалы, өйткені оқудың қарқынына ілесу қиындап, бала «алдыңғы қатарлы» құрдастары арасында өзін қолайсыз сезінуі мүмкін. Бала өзін «ақсаусақ», қолынан ешнәрсе келмейтін оқушы ретінде сезінбес үшін, ата-аналарына мектепалды даярлыққа айтарлықтай мән беруге тура келеді. Сондықтан да, ерінбестен баламен даярлық сабақтарын өткізіп, үлкен жауапкершілік таныту не болмаса қолайлы уақыт пен ақша тауып, оны кәсіби мамандарға – дайындық курстарына (өзіңіз баланы апаратын мектеп ішіндегі курстар ең қолайлысы), баланы ерте бастан дамыту мекемелері немесе жеке педогогтар мен психологтарға тапсырған дұрыс болады. Әйтсе де есіңізде болсын, мектепке дайындық бірден жасала салатын нәрсе емес, оны кезең кезеңімен іске асыру керек!

3. Баланы мектепке даярлау барысында сіз басты назар аударатын негізгі сәттер:



  • Жалпы ой-өрісін дамыту (баланың таным көкжиегін кеңейтудің ең озық тәсілі — онымен «өмір жайлы» әңгіме жүргізу, кітап оқу және оны талдау);

  • әріптер мен сандарды, геометриялық кескіндерді және түстерді, оңға/солға, үлкен/кіші, кең/тар түсініктерін үйрену және т.б.;

  • мүмкіндігінше – оқи білуді (ең болмағанда буынға бөліп оқу)  және санауды үйрету (ең болмағанда10-ға дейін);

  • міндетті түрде кіші қозғауыштарды дамыту, яғни, сүйектер мен саусақтардың икемділігін дамытуға арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға да, сондай-ақ тілді дамытуға да қажет болатын дүниелер (бала миынының құрылымында бұл екі орталықтың орны бар). Дәлірек айтқанда, баланың көбірек сурет салуы, конструктормен ойнауы, бірнәрсені жасауы, жапсыруы, ұсақ заттармен, мысалы, моншақ, тиын, сіріңке, тісшұқығыш сынды заттармен  жұмыс істеуді  меңгеруі керек, олардан картина немесе аппликация, тіпті олардан әр түрлі тізбектер жасап үйренуі керек, мұның бәрі оларды бір нәрсені істеу үшін, ұзағырақ отырып айналысуға үйретеді;

  • есте сақтау қабілетін жаттықтыру – яғни, әндер мен тақпақтарды жаттауды үйрету (мектепте болатын ертеңгіліктер мен жиындарда баланың жарқырап көрінуіне септігін тигізеді, бұл оның мектептегі өмірінің дұрыс жолға бағытталуына көмектеседі);

  • сараптауды, жіктеуді дұрыс меңгеруге жаттықтыру – бұл баладан бір оқиғаны айтуды, яғни ең алдымен не болғанын, одан кейін қандай жағдай орын алғанын (себептік-жалғаспалы байланыстар) сұрау, түрлі картина бөліктерінен бүтін нәрсе құрастыру, заттарды қандай да бір белгілеріне қарай орналастыруды, жинақтауды тапсыру.

Алайда, баланың үйренуі оның мүмкіндіктері мен психикалық жетілуіне сәйкес келмейтінін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, оның үйрену қабілеті баланың танымдық белсенділігінің жоғарылығы деп айтуға болмайды, көп жағдайда ата-аналар өз баласына біліммен толтыру қажет бір ыдыс қана деп қарайды. Расында, «оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» дегендей, баланың жарқырай жануға дайын тұрған шырақ екенін, оны тек тұтату қажеттігін ескере бермейміз.

Оның үстіне тұтас беттегі тақпақты жатқа айтқан бала жақсы оқушы деп бағаланғанымен, шын мәнінде ол мектепке дайындығы бойынша, психологиялық, тұлғалық, қарым-қатынас тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық жағынан әлсіз, тіпті дайын емес те болуы мүмкін. Дәлірек айтсақ, білім қорынан басқа  балаға: коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды меңгеру,ияғни, өзі тұратын қоғамда қабылданған, күнделікті өмірдегі моральдық-адамгершілік қағидаларды пайдалана отырып, өз ортасымен түсінісе, араласа білуі керек;


5- тақырып. Мектеп алды даярлық тобында тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу.

Жоспарлаудың педагогикалық негіздері.

Тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны.

Тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алудың формалары.



Мақсаты: Студенттерді жоспарлаудың педагогикалық маңыздылығымен, құрылымымен таныстыру. Педагогикалық жоспарлау негізінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
Мектепке дейінгі балабақшада білім-тәрбие жұмысын жоспарлау мектепке дейінгі педагогиканың маңызды шаралары Балалармен тәрбие жұмысын жоспарлауда мектепке дейінгі педагогикабаланың жеке басын тәрбиелеумен дамытудың негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Тәрбие дамудың шешуші фактоы болып табылады. Тәрбие процесінде баланың білімдері, дағдылар мен іскерлікті, іс-әрекет тәсілдерін, адмгершілік нормалары мен ережелерін бағалай білуді игеру жүзегеасырылыдады. Тәрбие мазмұны оның мақсатына сай іріктеледі. Сол арқылы тәрбие бағарламалық сипатқа ие болады. Демек, оны жоспарлауға болады. Балаларға ықпал жасаған кезде тәрбиеші алуан түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Оларды балаларды тәрбиелеу мен дамытудың, олардың жеке ерекшеліктерін жалпы заңдылықтарын білу негізінде жоспарлайды.

Педагогикалық жұмыстың жоспары белгілі бір уақыт ішінде балалармен жүргізілетін нақты міндеттерін, формалары мен міндеттерін айқындайды. Бұл педагогикалықпроцеске ұйымдасқан сипат береді. Тәрбиешінің жұмысын мақсатты әрі нәтижелі етеді. Баланы тәрбиелеуде ересектердің басшылық рөлін күшейтеді.

Педагогикалық жұмысты жоспарлаудың негізгі мақсаты балалар бақшасында тәрбие бағдарламасының әрбір жас топтарында орындалуын қамтамасыз ету.Бұ лмақЖоспарлау сатқа жету үшін бірқатар талаптарға жауап беруі керек.


  1. Жоспарлау балаларға жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының идеялық бағытталуын қамтамасыз ету керек. Тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны баланың өмірді ұйымдастыру формалары педагогикалық ықпал жасау әдістері мен тәсілдері қоғамдық тәрбиенің баланың жан-жақты жарасымды дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, сұрыпталады да жочспарда бейнеленеді.

  2. Жоспарлау тұтас алғанда қандайда бір топтағы тәрбие процесін ұйымдастыруға көмектесетін болуы тиіс.

  3. Жоспарда тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны менәдістерін балалардың қол жетерлігін ескере отырып, олардың іс-әрекеттерін бірте-бірте күрделендірудікөздеу қажет.

  4. Егер жоспар шынында нақты болса, оны басшылыққа алуға болады.

Тұтас алғанда мектепке дейінгі жәнеәрбір жас топтарының ж9мысын жоспарлаудың тікелей негіздері болып табылады. Оның мазмұны белгілі уақытқа арналған білім тәрбие жұмысының жоспарында одан әрі нақтылана түседі.Балалар бақшасында оқытудың негізгі формасы – оқу сағаттары болып табылады. Қандайда бір әдіс арқылы ұсынған оқу-сағаттарының жүйесі жоспарда нақты жайларды балалардың даму дәрежесі мен қарқынын ескере отырып белгіленеді. Сонымен жоспарда оқытудың мазмұны оны ұйымдастыру формалары негізгі әдістері мен тәсілдері бейнеленеді.

  1. Мінез-құлық пен мәдени өмірлік дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жоспарлау – жеке баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, балалармен жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысы процесінде :оқу сағаттарында, ойында жүзеге асырылады (адамгершілік тәрбиесі жеке жоспарланбйды).

  2. Балалар ойынына басшылықты жоспарлау.

Балалар ойынына басшылықты толық жоспарлау тәрбиешілерден ойынды жақсы білуді сондай-ақ өз тобының балалары қандай кімнің-кіммен ойнағысы келетіні ойында балалалардың қаншалықты тәуелсіз екендігі қандай ойыншықтарды артық көретінін т.б. жөнінде хабардар болуды талап етеді. Ойын жастан жасқа қарай дамитынын білу керек.

Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау.

Балалалар бақшасындағы мерекелерді жоспарлау. Ата-аналармен жұмысты жоспарлау. Балалар бақшасындағы білім-тәрбие жұмысын моспарлау бірін-бірі өзара толықтыратын міндетті 2 формада толықтырады.

1). Балалар бақшаның жылдық жоспарында.

2). Тәрбиеші жұмысының күнтізбелік жоспарында. Бұл 6-12 күнге арналған.
6-тақырып. Балалардың дене тәрбиесі.

Мектеп алды даярлық тобында балалардың дене тәрбиесінің теориялық негіздері.

Мектеп алды даярлық тобында балалардың дене тәрбиесінің міндеттері.

Дене тәрбиесі құралдары. Қимыл -қозғалас белсенділігі.



Мақсаты: студенттердің мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесін берудегі теориялық алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Студенттердің мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі туралы түсініктерін бекіту, балабакшадағы дене тәрбиесінің мақсат-міндеттерін және оны ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Мектепке дейінгі шакта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүйек-бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезедде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады.

Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал етеді: қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі; жағымды мінез-құлық белгіле-рі қалыптасады. Балалар құрбы-кұрдастары коллективінде әрекеттенуді үйренеді; оларда шыдамдылық, дербестік, белсенділік, инициатива, жол-дастық, өзара көмек сезімі және т. б. қасиеттері калыптасады.

Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері — олардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді шынықтыру, қимыл және мәдени-гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.

Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді, ана сүтін керек етеді, ұзақ уақыт өздігінен қозғала алмайды. Бала өмірі толығымен оның денсау-лыгын сақтау жэне нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту жөнінде қамқорлық жасайтын адамға байланысты.

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі, гигиенаның қажетті ережелерін орындау, балалардың біршама қимыл белсенділігі — міне, осының бәрі оның көңіл күйінің көтеріңкі болуына, куаныш сезіміне бөленуіне игі әсерін тигізеді. Дені сау баланың ұйқысы қатты, тәбеті жақсы болады. Күн тәртібін бала тәрбиесінің дұрыс әдістемесімен ұштастыра отырып орындау балалардың шаршап-шалдығуын болдырмайды.

Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты— бала ағзасын шынықтыру. ІІІынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру ағзаға сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін қалыптастырады.

Дене тәрбиесінің елеулі міндеті — балалардың қимыл дағдыларын, іскерлігін, дене күші сапаларын калыптастыру.

Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан түрлі белсенді қимыл іс-әрекеті сүйек-бұлшық ет системасының дамуы-на, балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін тигізеді, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.

Мектепке дейінгі балаларда негізгі қимыл (жүру, жүгіру, секіру, өрме-леу, лақтыру) ерте бастан қалыптасады. Алайда тәрбиелеу процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана балалардың дамуы неғұрлым толық дәрежеде болады. Қимылдың өмірге қажетті негізгі түрлеріне коса мектепке дейінгі балалар бұлшық еттің белгілі бір топтарын (қолдың, аяқтың, кеуденің) нығайтуға бағытталған жаттығуларды орындайды.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде баланың организміне белсенді түрде жан-жақты әсер ету мақсатымен колданылатын дене жаттықтыруларының белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ол дене тәрбиесі жөніндегі оқу сағаттарын, қозғалмалы ойындарды, таңертеңгілік гимнастиканы мақсатты ұйымшылдықпен пайдаланудан, оондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларын және балалардың өз бетімен қимыл жасайтын ойындарын кеңінен қолданудан тұрады.

Мәдени-гигиеналык дағдыларды тәрбиелеу баланың денсаулығын нығайтуға бағытталады. Сонымен бірге ол маңызды адамгершілік міндетті — мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді — камтиды.

Балалар мәдени-гигиеналық дағдыларды үлкендердің басшылық етуімен үйренеді. Ол басқа балалармен бірге қолын жууға, төкпей-шапшай тамақ ішуге, киімін таза ұстауға, түрлі заттарды ұқыпты сақтай білуге дағдыланады. Оның бойында өзін-өзі билеушілік, жинақылық, ұқыптылык, құнттылық сияқты қасиеттер қалыптасады, үлқендер мен құрдастары ара-сында әдепті болуға, оларды құрмет тұта білуге тәрбиеленеді.

Дене тәрбиесінің барлық міндеттері балалар бақшасының тәрбиелік-білімдік жұмысының барысында бірыңғай шешіліп, балалардың бірка-лыпты нығайып, өсуін қамтамасыз етеді.

Дене тәрбиесінің шарттары қоғамда дене тәрбиесі мемлекеттің ана мен балаға деген әрдайым өсіп отыратын қамқорлығына, әлеуметтік жағдайының, халықтың әл-ауқатының артуына негізделеді.

Балалардың дұрыс нығайып, өсуі үшін гигиеналык жағдай туғызу, дұрыс тамақтану, қимыл және ағзаны шыныктыру жөнінде шараларды камтитын ғылыми жағынан негізделген балалардың күнделікті күн тәртібін міндетті түрде орындап отыру кажет. Сонымен бірге медициналық қызметкерлер тарапынан үнемі бакылау орнатылып, қажетті профилактикалық және емдеу жұмыстары, мақсатты тәрбие жұмысы жүргізілуі тиіс. Мектепке дейінгі балалар мекемесі мен отбасы арасындағы тығыз байланыс — балалардың дене бітімін дұрыс дамытудың маңызды шарты.



Мәдени-гигиеналық калыптастыру шарттары мен тәсілдері. Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың табысты болуының негізгі шарттары қатарына жақсы жағдайдың туғызылуы, аиқын күнделікті күн тәртібі мен үлкендер тарапынан басшылық болуы жатады.

Жақсы ұйымдастырылған жағдай дегенді таза, біршама кең, барлық күн тәртібі элементтерін (жуыну, тамақтану, ұйқтау, оқу және ойнау) іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтары бар белмелердің болуы деп түсінеміз.

Жағдайдың тұрақты болуының, күнделікті қажет бұйымдардың тұратын және қолданылатын орнын білудің сәбилер үшін маңызы ерекше.

Күнделікті атқарылатын гигиеналық процедуралардың бір уақытта атқарылуын күн тәртібі қамтамасыз етіп отырады, мұның өзі мінез-құлық мәдениеті дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына себін тигізеді. Оларды орнықтыру ойындарда, еңбекте, оку сағаттарыпда, тұрмыста жүзеге асырылады.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үлкендердің — ата-аналардың және тәрбиешінің басшылығымен іске асып отырады. Сондықтан мектепке дейінгі балалар мекемесі мен отбасы тарапынан қойылатын талаптар өзара толық келісілген болуы қажет.

Мектепке дейінгі балаларда нақты, көрнекі-бейнелеп ойлау басым. Осыған байланысты оларда гигиеналық дағдыны қалыптастырудың табысты болуы үшін к ө р с т у және түсі н д і р у керек.

Бақылау әсіресе дағдыны қалыптастырудың бастапқы кезеңінде маңызды. Онан әрі тәрбиеші қимылдың мүқият және шын ықыласпен орындалуын тексереді. Қажетті бақылаудың болмауы балалардыи теріс дағдылануына әкеп соқтырады.

Мектепке дейінгі балалар еліктегіш келеді, сондықтан дағдылардың калыптасуына үлкендердің жеке басының ү л г і с і н і ң тигізетін ролі үлкен. Тәрбиешілер мен ата-аналардың сыртқы пішіні, олардың мінез-қүлқы балаларға үлгі болуы керек. Дағдыларды тәрбиелеуде балалардың өздерінің жақсы үлгілеріне де сүйену керек. Алайда, тәрбиеші жаксы өнегені пайдалана отырып, әдептілік керсетуге, балаларды бір-біріне қарсы қойып алмауы тиіс.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу ісінде педагогикалық б а ғ а берудің, яғни баланың мінез-құлқы, жекелеген іс-әрекет жөніндегі педагогтың ұнамды немесе ұнамсыз пікірінің ролі орасан зор. Педагог өзінің жұмысында жағымды бағаны көбірек пайдаланады: құптайды, көтермелейді, мақтайды. Құптау балалардың бұдан кейін де солай істеуге, тіпті одан да жақсы істеуге деген талпынысын тудырады. Егер балалар қандай да бір ережені орындағанда қате жіберетін болса, педагог оларға қалай жасау керек екенін айтады, ескерту жасауға немесе кінәлауға асықпайды.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеуде ойын тосілдері ерекше роль атқарады. Оларды пайдалана отырып, тәрбиеші балалардың күнделікті өмірде үйренген дағдыларын бекіте түседі.

Дағдыларды қалыптастыруда балаларға жеке-дара қатынас жасау маңызды. Бұл міндеттің күрделі, жүйелілікті, табандылықты, талғампаздықты және төзімділікті қажет ететіндігін есте сақтау қажет. Балаларға берілетін барлық нұсқау олардың әдетіне айиалатын іс-әрекеттерге дұрыс көзкарас тудыратын достык лебізбен, байсалды түрде айтылуы керек.

Күн тәртібі ұғымы және оның тәрбиелеудегі маңызы Күн тәртібі дене тәрбиесінің табысты болуының маңызды шарты. Күн тәртібі дегеніміз іс-әрекет пен демалыстың алуан түрін уақыты мен кезекпен қарай тиімді болуды көздейтін ғылыми жағынан негізделген өмір тәртібі.

Режимге қойылатын талап балалардың жасына қарай психофизиологиялық ерекшеліктерге, тәрбиелеу міндеттеріне, жағдайға байланысты анықталып отырады.

Режимге қойылатын негізгі талап — балалардың жас ерекшеліктерін есептеу.

Рсжимді орындау процесінде балалардың денсаулығы жағдайын, олардың психиялық даму дәрежесін ескеру керек. Денсаулығы осал немесе сырқаттан айыққан балалардын ұйктайтын уақыт және таза ауада серуендеу мерзімі ұзартылады, тәрбиелік-білімдік жұмыстар мазмұнына да кажетті өзгерістер енгізіледі.

Келесі талап — режимнің тұрақтылығы: дер кезінде тамақтану, оқу, ойнау, ұйқтау. Ол балалардың кайталанып отыратын құбылыстарға дағдылануына көмектесіп, балалар жөн-жосыққа, тәртіпке үйретіледі. Режим-нің бұзылуы балалардың денсаулығына және олардың мінез-құлқына теріс әсер етеді: олар қызынып, қыңырлыкка салына бастайды, олардың арасында ұрыс-керістің болуы да мүмкін. Режим белгілегенде жыл мерзімдері ескеріледі.

Дұрыс жасалған режимнің гигиеналық және педагогикалык маңызы үлкен. Ол күн сайын қайталана отырып, балалардық ағзасын белгілі бір ырғаққа үйретеді, іс-әрекетінің алмасып отыруын (ойын, сабақ, еңбек) камтамасыз етеді, сөйтіп жүйке жүйесін шаршаудан сақтайды. Режимнің орындалуы мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптасуына, ұйымшылдық пен тәртіптілікке тәрбиелеуге көмектеседі. Режимнің дәл орындалып отыруы балалардың уақытты сезіну сезімін тәрбиелеп, олар уақытты бағалай бастайды.

Мектепке дейінгі балалар өздерінің дұрыс дамуы үшін қажетті күн тәртібі тек үлкендердің басшылығымен ғана орындай алады. Әрбір жас шамасына қарай бөлінген топта дұрыс күн тәртібінің болуын тәрбиеші ұйымдастырады. Ол күн тәртіп талаптарды үйренуінің алғашқы қадамынан бастап белгілі бір дербестікке жеткенге дейін балаларды күн тәртібін орындауға үнемі үйрете береді.

Балалардың дене бітімі дұрыс дамуы мен тәрбиеленуінің қажетті шарты отбасында күн тәртібінің сақталуы болып табылады. Бұған ата-аналардың көзін жеткізу және режимді ұйымдастыруда оларға кемек көрсету қажет. Тәрбиеші ата-аналарды баласы келіп жүрген топтағы режиммен танысты-рады, оларға балалардың үйде болатын кешкі сағаттардағы және дема-лыс күндеріндегі режимін ұйымдастыруға кемектеседі. Семьядағы режимді жасауда семьяның жағдайын және баланың мүмкіндігі мен ынта-ықыласын ескеру кажет. Балалар бақшасы мен отбасы тарапынан бірдей талап қойған жағдайда ғана дені сау баланы тәрбиелеуге болады.

Балалардың таза ауада болуыпың оның дене құрылысының дамуы үшін үлкен маңызы бар. Серуендеу — бала ағзасын шынықтырудың ең бастапқы және неғұрлым оңайға түсетін құралы. Ол баланың сыртқы ортаныц қолайсыз әсеріне, әсіресе, салқын тиюден болатын ауруларға тәзімділігі мен көнбістігін арттырады.

Серуенге шыққанда балалар ойнайды, көп қозғалыста болады. Қимыл зат алмасуын, қан айналымын, газ алмасуын күшейтеді, тәбетін жақсартады.

Серуендеу баланың ақыл-ой тәрбиесіне әсер етеді. Олар айналадан көптеген жаңа нәрсені көреді және біледі: үлкендердің еңбегі, транспорт, көшеде жүру тәртібі жөнінде және т. б. түсінік алады. Бақылау арқылы олар табиғат маусымына байланысты өзгерістер ерекшеліктерін білетін болады, түрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды байқайды, қарапайым тәуелділіктерді анықтайды. Байқау оларды білуге, түрлі сұрақтардың жауабын табуға құлшындыра түседі.

Мұиың бәрі балалардың байқағыштығын дамытады, айналадағылар женіндегі ұғымын кеңейтеді, ой мен қиялын оятады.

Серуендер адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Тәрбиеші балаларды туған қаламен, оның көрікті орындарымеи, көшелерін көгалдандырып, сәулетті үйлер салып, жолдарды асфальттап жүрген үлкендердің еңбегімен таныстырады. Осыдан келіп, еңбектің ұжымдық сипаты мен маңызы: барлығы да біздің адамдарымыздың жайлы, әдемі және куанышты тұруы үшін екендігі атап көрсетіледі. Айналадағылармен танысу балаларды туған қалаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге көмектеседі.
7-тақырып. Балалардың ақыл- ой тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.

“Ақыл –ой тәрбиесі”, “Ақыл- ой дамуы” ұғымдарына анықтама.

Ақыл- ой тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.

Ақыл- ой тәрбиесінің құралдары мен шарттары.

Мектеп алды даярлық тобында балаларды оқыту үрдісі және ерекшеліктері.

Ақыл- ой тәрбиесінің негізі – сенсорлық тәрбие.

“Сенсорлық тәрбие”, “Сенсорлық даму” ұғымдары.

Мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі жастағы ақыл- ой тәрбиесінің мазмұнымен таныстыру, Ақыл- ой қабілетін, дағдысын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін, дамыту жолдарын тәжірибеде пайдалана білуге үйрету.

Акыл-ойдың дамуы — бүл, баланың жасына, тәжірибенің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады. Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді. Мектепке дейінгі баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз етудің оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар.

Баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік ортаның ыкпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процесінде тілді, сонымен бірге қалыптаскан ұғымдар жүйесін игереді. Соның нәтижесінде мектепке дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай, оны қарым-катынас кұралы ретінде еркін пайдаланады.

Мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарымқа-тынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда, ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, кұрастыру) процесінде жүзеге асырылады.

Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.

Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі керсеткіштері — білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, творчестволық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептейді.

Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуді дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мумкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Психология мен педагогика акыл-ой тәрбиесі міндеттерін тиімді шешу жолдарын табу: бір жағынан, баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және, екінші жағынан, ағзаны жалпы қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау үшін мектепке дейіигі шактағы ақыл-ой дамуының мүмкіндіктері мсн заңдылықтарын зерттеумен шұғылданады.

Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интеллектуальдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды камтиды.

Балаларды мектепке дайындауда акыл-ой тәрбиссінің ролі ерекше үлкен. Білім қорын игеріп, ақыл-ой белсенділігі мен дербестігін дамыту, интеллектуальдық іскерлік пен дағдыларға ие болу — бұл мектепте табысты оқыту үшін және алда тұрған еңбек қызметіне даярлау ушін маңызды алғы шарттар.

Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламларында мектепке дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелсудің мынадай міндеттері белгіленген. Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды калыптастыру, танымдық психикалық процестерді; түйсінуді, қабылдауды, сақтауды, қиялдауды, ойлауды, сөйлеуді дамыту: білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту; интеллектуальдың іскерлігі мен дағдыларын дамыту; ақыл-ой әрекетінің карапайым тәсілдерін қалыптастыру.

Қоршаған өмір жайлы ұғымдарды қалыптастыру. Бала мектепке дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасады.

Алайда тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді олар үстіртін, көбінесе жақсақ болуы мүмкін. Бала «бұлтты—мақта», ал «жұлдыздарды—электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады.

Балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту, оларды ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу оқытушының міндеті болып табылады. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, кәлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу және т. б.) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондай-ақ ол кейбір табиғат кұбылыстары, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары жайлы білім алады. Өлі табиғат кұбылыстарын өсімдіктердің , жәндіктердің , хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойыида дүние жайлы ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.

Танымдық психикалық процестерді дамыту. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті танымдық психикалық процестерді — түйсінуді, қабылдауды, есте сақтауды, киялдауды, ойлауды, сондай-ақ сейлеуді дамыту болып табылады.

Қоршаған дүниені тану түйсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын қоршаған болмысты тану мүмкіндігі соғұрлым мол болады. Сондықтан да балалар бакшасында сенсорлық тәрбиеге көп көңіл белінеді.

Мектепке дейінгі шақта тіл дамытудың ролі ерекше. Адам ана тілін өзінің ойын айтуға және өзгенің айтқанын түсінуге пайдаланады. Сейлей білу балаға заттарды немесе құбылыстарды тікелей кабылдау арқылы ғана емес, сондай-ак болмыс туралы білімдерін жанама түрде алуға мүмкіндік береді. Балалар бакшасында сездік корын көбейту, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, байланыстырып сейлеуді дамыту сияқты міндеттер шешіледі.

Мектепке дейінгі балалардың саналы есте сақтауы қалыптасады, есте сактау ауқымы ұлғаяды; мұның міндеті есте еркін сақтауға жаттықтыру, оны пайдалы білімдермсн толыктыру болып табылады.



Білуге құштарлықты және акыл-ой кабілетін дамыту. Білуге құштарлық — балаға тән касиет. Ол қоршаған дүниеге деген белсенді қызығудан, олардың бәрін қарап көруге, ұстауға, қозғалысқа келтіруге ұмтылуынан көрінеді. Кәптеген сұрақтар да білуге құштарлықты байқатады. Тәрбиеші балалардан шыкқан сұрақ-тарға дер кезінде жауап беруге тырысып, жауапты өз бетінше.іздестіруге бағыттай отырып, балдырғандардың білімге кұмарлығын қолдайды. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеті балалық әуестенушілікті, ақыл-ой талпынысын дамыту және олардың негізінде тұрақты танымдық ынтаны қалыптастыру.

Тәрбиеші осы сапаларды дамытуға көмектесу үшін балалардың ақыл-ой кызметін осылайша үйымдастырады. Саналылыкты дамыту үшін жылдам жауап кайтаратын, күрделі емес мәселелерді тез шешетін ойындар өткізеді, акыл-ойдың сыншылдығын дамыту үшін, балалардын өз жүмыстарын жауаптарын талдауға тартады. Мектепке дейінгі балалардың акыл-ой тәрбиесінің міндеттерінің бірі интеллектуальды іскерлік пен дағдағдыларды дамыту дамыту, яғни ақыл-ой қызметін: заттарды тексеру, олардың нақты, накты емес белгілерін ажырату, өзге заттармен салыстыру және т. б. сиякты қарапайым әдістерін калыптастыру болып табылады. Бүл іскерлік пен дағдьглар таным әрекетінің кұрамды элементтері болып табылады, олар баланын білімді ойдағыдай игеруіне көмектеседі.

Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі ойын, оку, еңбек, тұрмыс іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Баланың іс-әрекеті неғұрлым алуан түрлі болған сайын, оның тәңіректегі тануы мен танымдық қабілетінің дамуы да жан-жақты болып келеді. Іс-әрекеттің барлық түрінде де ол іскерлікті үйренеді, белгілі бір карым-қатынасты игереді, тіл үйренеді. Дұрыс бағыттағы басшының ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталған педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттырады.

Төңіректегілермен таныстыру Балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы —қоршаған болмыс: адамдар, заттар, табиғат, коғамдық құбылыс болып табылады. Айналадағы дүниемен араласу арқылы баланың көзқарасы кеңиді, оның танымдық процестері дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесі кұралдарының бірі ойын болып табылады, ойын балаларға тәи іс-әрекет, ойын үстінде бала қоршаған болмысты бейнелеп, өз білімін анықтайды, оны жолдаста-рымен беліседі.

Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әр түрлі әсер етеді: сюжетті-рольді ойындар айналасындағылар жөніндегі түсінік-терді кеңейтеді және тілдік қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі; драмалау ойындары көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды және тіл белсенділігін арттырады; құрылыс-құрастыру ойындары құрастыру қабілеттерін арттырады және геометриялық фигуралар мен кеңістік қарым-катынастары туралы білімін кеңейтеді. Тәрбиеші ойынның мазмұнын байытып, дұрыс ұйымдастырса, ол баланың ақыл-ойын дамытуға зор әсерін тигізетін болады.

Ойын үстінде балалар білім алмасып, ойынның әр түрлі жағдайдағы нұсқаларын ойлап табады. Ойынды бақылай отырып, тәрбиеші оның кейбір ұғымдарын нактылап, жаңа рольдерді, ойын әрекеттерін, жағдайларын ұсынады, сөйтіп ба-лалардыц ой-өрісіи кеңейтеді. Ойын үстінде балалар алдын ала ойын тақырыбын белгілейді, жоспарын талқылайды, қандай құралдар әзірлеу кажеттігін ойланады, оларды әзірлейді, ойын ережелерін тағайындайды. Бұл балалардан ақыл-ой белсенділігін және максатты талап етеді, және оларды калыптастыруға көмектеседі.



Енбек процесінде заттардың практикалық тексеруі болады: бала заттардың тек сырткы қасиеттерімен және сапасымен танысып коймай, қызмет процесінде ұшыраған өзгерістерімен де танысады: сабын көбіктенеді; қазылған топырақ жұмсақ борпылдақ болады; дымқыл құмды кұрылысқа пайдалану оңай және т.б.

Табиғатта істелген еңбек балаға себеп-салдарлы байланысты анықтауға мүмкіндік береді, құбылыстардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін ұғынуға кемектеседі; өзінің тікелей бақылауы негізінде ол ойын ко-рытып, қорытынды жасайды: өсімдікке су кұйылмаса, ол қурап қалады: күн жақсы түскен жүйекте өсімдік тез, ал көлеңке жерде баяу өседі; күзде өсімдіктер жеміс және тұқым береді, көктемде олардан жаңа өсімдіктер өсіруге болады.

Еңбек, ойын және тұрмыстық қызмет балалардың ақыл-ойының дамуына үлкен әсер еткенімен ақыл-ой тәрбиесінде жетекші роль окытуға беріледі. Оқытудың артықшылығы — оның максатты бағытталуында. Окыту жүйелі, жоспарлы түрде жүзеге асырылады, сол арқылы білім мен дағдыны жинақтауда белгілі бірізділік және беріктік қамтамсыз етіледі.

Мектепке дейінгі балаларды акыл-ойға тәрбиелеуде окытуға жетекші роль беріледі, өйткені оқыту барысында акыл-ой тәрбиесінің барлық міндеттері комплексті түрде шешіледі. Ол балаларға дәйекті білім беруді, оны нақтылауды және жүйеге келтіруді, таным процестерің ойлау белсенділігін дамытуды қарастырады. Оқыту байқағыштықты, білуге кұштарлықты, сол сияқты ақылдың талаптанушылық, зеректілік, сыншылдық сияқты қасиеттерін дамытуға жағдай жасайды.

Оқыту дене, адамгершілік, еңбек және эстетикалык тәрбиені ойдағыдай жүзеге асыру үшін де қажет. Балалар бақшасында балалар мәдени-гигиеналық дағдыларға, негізгі қимылдарға үйретіледі, олар мәдениетті, мінез-құлық ережелерін игереді, олардың моральдык қасиеттерді, еңбек, бейнелеу, құрастыру, музыкалық іскерліктері мен дағдылары калыптасады.

Балалар бақшасыида оқыту мектептегі оқытуды ойдағыдай жалғастырудың маңызды алғы шарты болатын себебі, балалар білім, іскерлік және дағды жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен бірге олардың бойында оқу кызметі негіздері де қалыптасады.

Мектепке дейінгі дидактиканы дамытуға Александра Платоновна Усова зор үлес қосты. Өз зерттеулерінде ол балалар бақшасының тәрбие процесіндегі білім беру жүмыстарының ролін көрсетіп, мектепке дейінгі балалардың оқуына және оның қалыптасу ерекшеліктеріне сипаттама жасап, окытудың мазмұны мен әдістемесін ашып берді.

Балалар бақшасындағы оқыту мазмүны, ұйымдастыру формалары мен әдістері жағынан мектептегіден өзгеше болады. Мектепте окушылар ғылыми білімдер, негіздерімен қаруланады. Балалар бақшасының міндеті — мектепке дейінгі балаларға айналадағы заттар мен қүбылыстар жөнінде қарапайым, бірақ ғылыми тұрғыдан нақты білім беру болып табылады. Мектепке дейінгі балалар алатын білім мектептегіге қарағанда шамалы болса да, бұл білім мен дағдылар бөбектің келешекте өсіп дамуына зор әсерін тигізеді. В. Ф. Одоевский мсктепке дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын ғылымға дейінгі ғылым» деп атаған еді. Балалар бақшасында оқытудың мазмұнына айналадағы заттармен, олардың арасындағы карапайым байланыстармен, өзара қарым-қатыпастармен, бақыланатын қүбылыстардың негізгі себептерімен танысу кіреді. Оның мақсатына балаларға білім мен дағдылар беру ғана емес, оларды игеру тәсілдерін де үйрену жатады. Балалар бақшасы мен мектептегі оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі. Мектепке дейінгі оқытудың пегізгі формасы — арнайы ұйымдастырылған оқу сағаттары, оның мектептегі сабаққа қарағанда үзақтығы, құрылымы, балаларға қойылатын талаптар дәрежесі жағынан айырмашылығы бар. Балалар бақшасында үйге тапсырма берілмейді, баға қойылмайды: игерілген білім дорежесі жаңаны түсіндіру барысында тексеріледі.

Мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістер жағынан да ерекшеленеді. Мүнда көрнекілік әдістер үлкен орын алады, дидактикалық ойындар мен ойын тәсілдері кеңінен колданылады. Жаңа матсриалдарды игеру негізінен белсенді қимыл процесінде: заттармен күрделі кимылдар жасау, әр түрлі ойындар, сурет салу, құрастыру арқылы жүргізіледі. Алайда, мектептегі сиякты, балалар бақшасындағы оқыту да бағдарламалық сипатта болады: бағдарламаның толық орындалуы, білім мен іскерлікті барлық балалардың игеруі торбиеші үшін міндетті болып табылады. Оқыту процесі де ол мектептегі сияқты дидактикалық принциптерге сүйенеді.

Оқыту екі жақты процесс. Ол тәрбиешінің де, балалардың да белсенді қатысуымен ғана табысты болады. Мүнда тәрбиеші жетекші роль атқарады: ол жаңа материалды айтып қана қоймай, оны үйретеді, балалардың танымдық әрекетіне ықпал етіп, оған басшылық жасайды.

Окытудың нәтижесі білімді, іскерлік пен дағдыларды үйренуден де, сондай-ақ баланың жеке басында әрекет барысында болатын өзгерістерден де көрінеді.



Оқу әрекетібаланың білім, іскерлік пен дағдыны,қимыл тәсілдерін игерудегі өз бетінше істейтін әрекеті.

Дидактикалық принциптер дегеніміз оқытуды ұйымдастыру кезінде тәрбиеші басшылыққа алатын негізгі-қағидала. «Дидактикалык» деген термин гректің «дидактикос», яғни «үйрететш» деген сөзінен шыққан.

Оқыту процесінде тәрбиеші әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланады. Оқыту әдістері тәрбиешінің жұмыс әдістері, осының арқасында балалар білімді, іскерлікті, дағдыны игеретін болады, сондай-ақ олардың таным қабілеті дамиды. Тәсіл әдістің бір бөлігі.

Тәрбиеші оқуда пайдаланатын оқытудың негізгі әдісін анықтай отырып, оның тиімділігін көтеру үшін алуан түрлі тәсілдерді пайдаланадьі. Мысалы, балалардың көктем туралы білімдерін, жүйеге келтірудің негізгі әдісі ретінде әңгімелесуді пайдалана отырып, оны әр түрлі тәсілдермен: жапырағын жайған бұтақтарды көрсетумен, жұмбақ шештірумен, өлеңдер оқумен толықтырады. Сурет салуды оқытуда тәрбиеші көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың эмоциялық кәңіл күйін туғызу үшін өлең оқиды. Оқыту әдістері көрнекі, ауызша айту, практикалық және ойын әдістері болып бөлінеді.

Мектепке дейінгі оқытуда көрнекілік әдістері үлкен орын алады. Оларды пайдалану көрнекіліктің дидактикалық принципіне сай келеді және баланың ойлау ерекшеліктерімен байланысты. Балаларға жаңа білім түсіндіруде көрнекілік әдістері кеңінен колданылады. Оған табиғи объектілерді (заттарды, құбылыстарды), көрнекі құралдарды (суреттерді, тұлыптарды,) модельдерді, үлгілерді және басқаларды керсету жатады. Оқытудың техникалык құралдарын қолданудың маңызы үлкен.

Ауызша айту әдістері. Көрнекі әдістер сөзбен тығыз байланысты болады, көрсету түсіндірумен сүйемелденеді. Түсіндіру арқасында балалардың кабылдауы анықталады. Мектепке дейінгі балаларды окытуда көрсету мен түсіндіру әрқашан бірдей орын ала бермейді: «кейде көрсету көбірек орын алады, ал екінші жағдайларда түсіндіру негізгі орынға ие болады. Бұл балалардың жасына, олардың қимылды немесе жаттығуды игеру дорежесіне байланысты. Көрсетудің орнын бірте-бірте сөзбен түсіндіру ала бастайды, тәрбиеші кимылды қалай орындау керегін айтады немесе жай естеріне салады. Ол үнемі түсіндіру тәсілдерін пайдаланып отырады: оку басталарда тапсырманың мазмұнын түсіндіреді, керсету барысында әрбір кимылға түсінік береді. Түсіндіру айқын, балаларға ұғымды, әсерлі болуы керек.

Практикалық әдістер. Балалардың алған білімдері ойларыңда қалуы үшін оларды практикалық іске қолданулары керек. Осыған байланысты балаларды оқытуда олардың практикалық ісін ұйымдастыруға көмектесетін, олардың жаңа білімдерді, іскерлік пен дагдыны игеруге жетелейтін әдістер қолданылады.

Практикалық әдістердің маңызды элементі — балалардың алдына нақты міндет қою. Ол дайын үлгі бойынша (не істеу керек) немесе нұсқаулар бойынша (қалай істеу керек) тапсырма орындау болуы мүмкін.

Оқытудың практикалық әдістері кернекілікпен тығыз байланысты: үлгі немесе қойылған шарттар әрқашанда көрнекі болу керек. Дайын үлгі негізінде практикалық іс-әрекет ұйымдастыру оны алдын ала қабылдауды және талдауды талап етеді.

Ойын әдістері. Мектепке дейінгі балаларды окытуда ойын әдістері мен тәсілдері үлкен орын алады, бұлар балалардың оқыту мазмұнына көңілін аударып, танымдық іс-әрекет пен сәбилерге тән ойын арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Оларға дидактикалық ойындар, драмалық ойындар, қимыл ойындары, эпизодтық ойын тәсілдері (жұмбақтар, еліктеу жаттығулары, басқа тапсырманы орындау аралығындағы ойын кимылдары) жатады.

Окыту әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу материалдың мазмұнына, балалардың жас шамасына, олардың даярлық дәрежесіне байланысты.

Егер тәрбиешінің алдына мектеп жасына дейінгі балаларды заттармен, жануарлармен, құстармен таныстыру міндеттері тұрса, оларды көру, бақылау немесе тиісті суреттерді пайдалану неғұрлым дұрыс әдістер болады; егер балалар жануарларды бұрыннан білетін болып, бірақ ол туралы түсінігін нақтылай түсу керек болса да суреттерді пайдалану дұрыс; егер жануарлардың қылықтары туралы түсінікті кеңейту керек болса, көркем әдебиетті пайдаланған жөн.

Тәрбиеші балалардың жасына, дайындық дәрежесіне қарай оқытудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады.

Арнайы ұйымдастырылған оку іс-әрекеті — бұл балалар бақшасында оқытуды ұйымдастыру формасы. Ол барлық мектепке дейінгі балалар үшін міндетті олар үшін сабақтың бағдарламалақ мазмұны белгіленген, күн тәртібінде оны өткізуге тұрақты уақыт бөлінген, белгілі бір ұзақтығы көрсетілген. Оқу тәрбиешінің басшылығымен өтеді, ол балаларға жаңа білім береді, білетіндерін дәлдеп, бір жүйеге салады, практикалык іс-әрекеттерді ұйымдастырады, оның барысында балалар алған жаңа білімді нығайтып алуан түрлі іскерлікке, дағдыға үйретіледі. Оқу материалдары бірте-бірте күрделене береді.

Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың касиеті мен сапасы туралы тусінігін калыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бүл түйсік пен қабылдаудыц дүрыс бағытта дамуы. «Сенсорлық» сөзі латынның «Зепзиз»—«сезім», «түйсік», «кабылдау», «туйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, кабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның коршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жакты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлык мәдениеті, оның түйсігі мен кабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.

Сенсорлық мәдениеттің эстетикалық тәрбие ушін де зор маңызы бар. Түсін, реңкін, формасын және форма мен түстің үйлесімін, биіктігі мен тембірін ажырата білу, бейнелеу және музыка өнері шығармаларын жақсы түсінуге, музыканы тыңдаудан, картиналар және т. б. көруден ләззат алуға мүмкіндік береді.

XX ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлык тәрбие жуйесі балалардың түстер мен реңктерді, формалар мен келемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды. Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мүның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді. Алайда бүл кезде сезім органдарының дамуы тіл дамуымен, өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.

Бұл қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға, көлем мен формадағы болмашы айырмашылықтарды сипап анықтау кабілетін калыптастыруға, түстің реңктеріндегі елеусіз айырмашылықтарды тап басуға негізделді.

Мектепке дейінгі шақтағы баланы түсті ажыратып, атауға үйретеді, олардың реңктері туралы, яғни бояуларды араластырғанда түс немесе жаңа реңк пайда болатыны туралы тусініктерді қалыптастырады, сондай-ақ заттарды түсіне қарай салыстыруға үйретеді, суретті қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын кәре білу кабілетін дамытады.

Мектепке дейінгі шақта балалар «алға-кейін», «жоғары-төмен», «алыс-жақын», «солдан-оңнан» тағы басқадай кеңістікке катысты тусініктерді игереді және оларды өмірдегі турлі жағдайларда басшылыққа алады, заттардың формаларын, мөлшерін ажыратады, заттарды өзара салыстырады.

Бірте-бірте олар уақытты бағдарлайды және уақыт ұғымдарын игереді, уакыттың реттілігі мен ұзақтығын аңғарады. Басында балаға «кеше», «бүгін», «ертең» деген үғымдардың салыстырмалылығын түсіну қиынға соғады. Бұған тәжірибе жинақтау мен мақсатты бағыттағы оқыту нәтижесінде қол жетеді.

Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағдайда дыбысты мұқият тыңдап, ажырата білу, тілдік есіту қабілетін және музыкалық есіту кабілетін дамыту енеді.

Сенсорлық тәрбие сондай-ақ— заттың сапасын сипап байқау арқылы ажырата білуді және оларды: тегіс, мамық, кедір-будыр, жумсақ, катты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т. б. деп дұрыс атай білуді да-мытуды қамтиды. Иіс пен дәм туйсігін дамыту да сенсорлык тәрбиенің бір қыры болып табылады.

Күнделікті өмір процесінде, ойындарда және оқу сабақтары кезінде тәрбиешінің басшылығымен мектепке дейінгі балаларды жан-жақты сенсорлық тәрбиелеу жүзеге асырылады.

Түйсік пен қабылдауды дамыту дұрыс бағыттағы мазмұнды қызмет барысында жүзеге асады. Өнімді іс-әрекст (сурет салу, мүсін жасау, құрау, құрастыру) түйсік пен қабылдауды тек дамытуға жағдай жасап кана қоймайды, сонымен бірге ол форманы, түсті, кеңістікті бағдарлауды меңгеруге қажетсінуді туғызады. Қандай да бір заттың суретін салу үшін оның формасың айқындап алу керек, оның белгілі бір геометриялық фигурамен ұқсастығын анықтау керек үлгі бойынша құрылыс турғызу үшін оны бөліктерге бөліп, детальдарының ішінен керектілерін теріп алуға тура келеді.

Сенсорлық тәрбиенің негізгі әдісі балалардың заттардың қасиеттерін анықтау мақсатымен оларды тексеруі болып табылады. Тексеру — бүл нәтижесін кейін қандай да бір мазмүнды қызметке пайдалану үшін арнайы үйымдастырылған қабылдау. Тексеру процесінде балалар көлем, форма, кеңістік қатынастарын, түсті, адам сөзіндегі дыбыстардың музыкалық дыбыстардың ерекшеліктерін бөліп карауға әрі оларды бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.

Сенсорлық тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі балалардың сенсорлық эталон туралы ұғымын қалыптастыру болып табылады. Сенсорлық зталон — бұл қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде туған үлгі. Негізгі түстер, геометриялық фигуралар (шар, куб, дөнгелек, квадрат т.б.), нотаға түсірілген музыкалық дыбыстардың түрлі биіктіктері осындай эталондар болып саналады. Егер бала эталондармен және олардың сөздік белгілерімен жақсы таныс болса, онда ол қоршаған дүниені оңай бағдар-лайды; ол өзіне кезіккен заттарды өзге эталондармен салыстыра қарайды, заттың түсін, формасын, көлемін, оның бөлшектерінің кеңістікте орналасуын атайды.

Тәрбиеші балаларды тексеру тәсілдеріне үйретеді. Әуелі олардың алдарына заттың суретін салу үшін оның қандай бөліктерден тұратындығын; құрылыс тұрғызу үшін оның үлгісін талдап карап алу қажеттігін мақсат етіп қояды. Сонан кейін барып балаларды тексерудің негізгі кезеңдерімен таныстырады.

Тексеруге үйрету балалардың жасын ескере отырып жүргізіледі: сәбилерге негізгі түске боялған, артық детальдары жоқ неғұрлым карапайым формадағы (доп, куб, кішкене мұнара) заттар беріледі; ересектер төңіректегі барлық заттарды анықтап, оларға талдау жасайды, сапаларын (түсін, формасын, салмағын, қаттылығын немесе жұмсақтығын, материалдың фактурасын т. б.) көбірек анықтай алады. Тексеру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілген балалар әрбір заттың белгілерін молырақ анықтайды. Осының өзі баланың аналитикалық ойлау қызметі болып табылады, мұның өзі оған затқа, құбылысқа тереңірек үңілуге, олардың нақты, нақты емес жақтарын ажырата білуге, оларды қажетті бағытта өзгерте алуына мүмкіндік береді.

Тәрбиеші сенсорлық тәрбиені іске асыру жолында түрлі мүмкіндіктерді пайдаланады. Мәселен, бейнелеу әрекетінде бала түс пен реңкті игереді, құрастыру әрекетінде форманы, келемді, кеңістік қатынастарды, сырт қасиетін (тегіс, кедір-бұдыр, мамық) ажырата білуі; музыка әуенімен қимылдағанда музыканың екпінін, ырғағын, сипатын ажыратуды үйренеді.

Балаларды төңірекпен, әсіресе табиғатпен таныстыру кезінде сенсорлық торбиеге мол мүмкіндік туады. Әр түрлі заттармен шұғылдана отырып, бала көптеген түсінік алады: ол түрліше түстер, иістер, дыбыстар арасында болады, тек оларға көз салып, тыңдай білу керек. Тәрбиеші серуен кезінде балаларды айналадан кандай дыбыстар естіліп тұрғанын тыңдау үшін тоқтатады.

Сезімдік тәжірибе жинақтағаннан кейін баланың сенсорлық ұғымы кеңейе түседі. Заттың ауыр немесс жеңіл екендігін айту үшін сондай көлемдегі басқа заттардың (ағаш, металл, пластмасса) мөлшерлі салмағы қандай екендігін білу керек. Ал бұл заттың катты немесе жұмсак екендігін анықтау үшін «қатты» немесе «жұмсак» ұғымының артында не тұрғанын білу керек.

Жинакталған тәжірибелерін балалар баска заттар мен кұбылыстарға аударып, оны күнделікті өмірде пайдаланады. Тәрбиеші маңындағы жағдайға карай балалардың түйсігі мен қабылдауын бірте-бірте дамытып отырады.


8- тақырып. Адамгершілік тәрбие беру теориясы мен әдістемесі.

“Адамгершілік даму”, “Адамгершілік тәрбие”, “имандылық тәрбие” ұғымдарына анықтама.

Адамгершілік тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны.

“Ұжым” және “Ұжымдық” сезімдері ұғымы.

Мектеп алды даярлық тобында балалардың ұжымы мен ұжымдық сезімдерінің ерекшеліктері.

Балалар ұжымының қалаптасу кезеңдері және қалыптасуы.



Мақсаты: Студентердің мектепке дейінгі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесі туралы теорялық түсініктерін тереңдету. Адамгершілік тәрбиесінің мақсат- міндеттерін, мазмұны мен құралдарын және әдіс тәсілдерін меңгерту оны тәжірибеде пайдалана білуге баулу.
Адамның моральдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шақта калыптасады. Балалардың адамгершілік жағынан онан әрі дамуы көп жағдайда осы процестің қаншалықты ойдағыдай жүзеге асуына байланысты. Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, кұрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады, қоғамның моральдық нормасын игереді. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және инициатива көрсету сияқты манызды сипаттарды қалыптастырады.

Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының калыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері — балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез-кұлықтың ізгі дағдылары мен әдеттердің адамгершілік ұғымдары мен мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру.

Баланы тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен карым-катынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат табады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін калыптастырудың негізіне айналады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері калыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді.

Мектепке дейінгі ересек жаста қалыптасатын адамгершілік сезімдері негізінде өзінің адамгершілігін, борышын сезіну әділеттіліктің, адамды құрметтеудің бастамасы, сондай-ақ өзіне тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілік тәрбиеленеді.

Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Сонымен қатар мінез-құлық еркіндігінің жеткілікті дамымауы, өз қимылын бақылай білмеуі, олардың адамгершілік мазмұнын түсіне алмауы ұнамсыз қылықтарға апарып соқтыруы мүмкін. Бұл жағдай тәжірибенің қорланып, жиналу процесінде адамгершілік әдетке айналатын мінез-құлықтың адамгершілік дағдылары қалыптасуын бірінші дәрежелі міндетке айналдырады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің керсеткен қызметіне рахмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті.

Өмірінің алғашкы жылдарынан бастап-ақ балалар қоғамның мораль нормалары туралы ұғымдарды түсіне бастайды. Оларды мінез-құлықтың адамгершілік дағдылары мен әдеттеріне баули отырып, педагог өзі балаларға істеткізетін белгілі бір іс-әрекеттердің мақсатқа сай келетіндігін, әділдігін, дұрыстығын саналы түрде ұғынуға бағытталған үлкен түсінік жұмыстарын жүргізеді. Педагогтың алдында балалардың адамгершілік, түсініктерін дамыту міндеті тұрады, міне, осынын негізінде мінез-құлық мотивтері қалыптасады.

Мектепке дейінгі шақта қалыптасатын адамгершіліктің мазмұнына мына түсініктер: коғамдық өмірдегі құбылыстар туралы, адамдарының еңбегі туралы, оның қоғамдык маңызы мен ұжымдық сипаты туралы, патриотизм және азаматтық туралы, құрбы-құрдастар ұжымындағы мінез-құлық нормалары туралы, үлкендерге құрметпен қарым-қатынас жасау жөніндегі ұғымдар жатады.

Қалыптасқан адамгершілік түсініктер мінез-құлық мотивтері дамуының негізі болады, ал бұл мотивтер балаларды белгілі бір іс-әрекеттер жасауға итермелейді. Нак қылық мотивтеріне талдау жасау педагогқа баланың мінез-кұлқының мәніне енуге, істелген қылықтардың себебін түсінуге және ықпал жасаудың неғұрлым қолайлы әдістерін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу, моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-кұлық мотивтерінің калыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесінің мазмұны балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламаларында көрсетілген. Оған мыналар: Отанға, адамдарына деген сүйіспеншілік және олардың еңбегін құрметтеу, ұжымдық және гуманизм бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның жағымды моральдық сапалары кіреді.

Адамгершілік тәрбие беру педагогтың балалармен жүргізетін барлық тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының барысында жүзеге асады. Педагог мектепке дейінгі балалардың дербес іс-әрекеттеріне басшылық ете отырып, еңбегін, ойынын, оқуын ұйымдастыра отырып, оларға тәрбиелік сипат береді. Мәселен, балалардың ойындарын бақылай отырып тәрбиеші сол ойындардың мазмұнын талдайды, оларға қатысушылардың өзара қарым-қатынастары сипатына көңіл бөледі; бейнелеу іс-әрекеті женінде сабақ өткізуді белгілей отырып, балалардың тапсырманы орындағанда суретте қоршаған болмысқа деген өз көзқарасын көрсете алатындай тақырыпты ойластырады; балалардың еңбегіне басшылық еткенде оның айналадағы адамдар үшін маңызын ескереді.

Тіпті күнделікті әдеттегі жайларда да педагог әркашан тәлім-тәрбие береді және оның ықпал жасауы көп жақты сипатта болады.

Адамгершілік тәрбиенің маңызды принциптері:



  1. Балаларды ұжымда тәрбиелеу принципі.

  2. Жеке басын құрметтеу принципі.

  3. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі.

  4. Балалар бақшасында және жанұяда балаларға қойылатын талаптардың бірізділік принципі.

  5. Балаларды құрбы-құрдас ұжымында тәрбиелеу жеке дара тәсіл принципі де жүзеге асырылады.

Адамгершілік тәрбиесінің маңызды принципі балаларды ұжымда тәрбиелеу принципі. Н. К. Крупская коллективте тәрбиелеудің маңызды екендігін атап көрсете отырып, былай деп жазды: «...Мектеп балаларды бірігуге, ортақ мақсат, ортақ міндеттер қоюға және ол міндеттерді жұмыла күш жұмсай отырып шешуге үйретуі тиіс». Бала-ны жолдастық сезімге, айналадағыны құрметтеуге, гуманизм және өзара көмек сезіміне, яғни адамдарының өзара карым-қатынастарының негізгі принциптеріне тәрбилеуде ұжым пәрменді құрал болып табы-лады.

Балаларға ықпал жасаудың құралдары мен әдістерін белгілей отырып, педагог балаға талап қоюды оның жеке басын кұрметтеумен ұштастыра отырып жасау принципін басшылыққа алады. Бұл адамды құрметтеуге және оның адамгершілігін бағалауға негізделген. Бұл принцип А. С. Макаренконың оқыту жүйесінде педагогикалық нақты көрініс тапты.

Бұл принципті практикада қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді.

Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі жеке адам дамуы процесінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік тәрбиесі құралдары мен әдістерін таң-дап алуда комплексті көзкарасты талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет мотивтерін қалыптастыра ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн.

Балалар бақшасында және отбасында балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип педагогтан барлық тәрбие жұмысын жүйелі түрде, тәрбие міндетін бүкіл топқа тұтас және әр балаға өз алдына біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыруды талап етеді. Сондай-ақ тәрбие міндетін неғұрлым толық шешуді камтамасыз ететін жағдай жасау қажет: қандай да болса адамгершілік қасиетті калыптастыру үшін баланың сол қасиеті бейнеленетін кылықтарын жүйелі жаттықтыру қажет, сондай-ақ оны тәрбиелеуші адамдардың талаптарының бірдей болуын камтамасыз ету керек. Әйтпесе балаларда өз мінез-құлқын саналы басқару емес, тек үлкен адамдардың бұйрығына бағына білу ғана қалыптасады.

Балаларды құрбы-құрдастар ұжымында тәрбиелеу жеке-дара тәсіл принципімен де жүзеге асырылады, мұнда жас ерекшеліктерін, адамгершілік түсінік дәрежесін жәңе баланың мінез-құлық тәжірибесін есепке алу керек. Бұл принципті жүзеге асыру педагогтан ол жастағы баланың психо-физиологиялык ерекшеліктерін және әрбір торбие-ленушінің дамуының жеке-дара ерекшеліктерін терең білуді талап етеді.

9-тақырып. Балалардың еңбек тәрбиесі.

Мектеп алды даярлық топ балаларының еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.

Мектеп алды даярлық тобында еңбек тәрбиесінің міндеттері.

Балалар еңбегін ұйымдастыру дың негізгі формалары.

Балалар еңбегін ұйымдастыру формалары.

Ұжымдық еңбекті өткізу әдістемесі.



Мақсаты: студенттердің мектепке дейінгі жастагы еңбек тәрбиесі туралы тусініктерін тереңдету. Еңбек тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерімен және ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру.
Н.К.Крупская өз еңбектерінде балаларды ерте жастан шамасы келетін еңбектің ең карапайым түрлеріне үйретудің қажет екенін талай рет атап көрсетті, осы арқылы олар материалдардың қасиеттерімен танысатынын, әр түрлі аспаптармен жұмыс істеуге дағдылана бастайтынын ескертті. Еңбек үстінде балалар белсенділік, тапқырлық, қайсарлык, нәтижеге жетуге ынталылық көрсетеді, олардың бойында шама-шарқына қарай ересектерге қолқабыс тигізу ниеті қалыптасады.

А.С.Макаренко еңбек тәрбиесі туралы дәрістерінде балалардың тұрмыстық еңбегінің қарапайым түрлерінің маңызды ролін ашып берді, сол еңбекте олардың мінез-құлқында дербестік, жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру, мақсат қоюшылық қалыптасатынын атап көрсетті. Еңбек ете білетін балалар еңбек бейнетінің қадірін біледі, басқа адамдардың да еңбегін кұрметтейді, көмекке зәру кісіні тез байқайды.

Н.К.Крупская сияқты, А.С.Макаренко да балалардың ұжымдық еңбегіне айрықша мән берді, мұндай еңбек үстінде оған катысушылардың өзара жауапкершілігі пайда болады. «Бірлескен енбек, ұжымдағы жұмыс, адамдардың еңбектегі көмегі және олардың еңбектегі ұдайы өзара тәуелділігі ғана адамның бір-біріне дұрыс көзқарасын қалыптастыра алмақ,-деп жазды ол.

Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты.

Бұл өзара байланыс әр түрлі формада көрінеді: ойын ересектердің еңбегін бейнелейді; ойында еңбек іс-әрекеттерінің элементтері көрінеді; еңбек қызметі болашақ ойын үшін істеледі; ойын әрекеттері еңбек процесіне енгізіледі.

Балалардың еңбек қызметіне жеткілікті басшылық болмаған жерде ол көпке дейін балаға жай ғана қызық әрекеттердің дәрежесінде қалып кояды. Тәрбиешінің ықпалымен балаларда бірте-бірте алдына мақсат қою, өз қызметін алдын ала жоспарлау және ұйымдастыру, істі нәтиже алғанға дейін жеткізу қабілеттері дами бастайды.

Мектепке дейінгі ересек балалардың еңбек іс-әрекетінен қоғамға пайдалы нышандар айқын көріне бастайды. Егер басқалар үшін маңызды екенін түсінсе, олар сырттай тартымсыз еңбектің өзіне де ықыласпен қатысатын болады.

Еңбек үстінде балалар күнделікті өмірде: өзіне-өзі қызмет көрсетуде, шаруашылық-түрмыс кызметінде және т б қажет болатын алуан түрлі дағды мен іскерлікке үйренеді. Баланың ересектер көмегін керек етпеуі іскерлік пен дағдының жетілуі емес. Оның дербестігі қиыншылықтарды жене білушілігі, жігерлі әрекет жасау қабілеті дамиды. Бұл оны қуапышқа бөлеп, жаңа іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге құлшындырады.

Еңбек процесінде балалар маңайындағы заттардың қасиеттерін практика жүзінде біледі, өсімдіктердің өсуі мен өзгеруін бақылайды, жануарларды көреді, олардың тіршілік жағдайымен танысады және т.т. Олар көрген нәрселерін теңестіреді, салыстырады, «неге» деген шексіз сүрауларға өз бетімен жауап табуға тырысады. Олардың әуесқойлығы, тануға құштарлығы дамиды. Еңбек балалардың ақыл-ойы дамуының маңызды кұралына айналады.

Еңбек кызметінде эстетикалық тәрбие де жүзеге асырылады. Балалардың қандай істі болсын ұқыпты орындап, өзінің қолға алғанын әдемі жасау іскерлігі қалыптасады.

Еңбек балаларды дене кұрылысы жағышан да шынықтырады, өйткені оның көптеген түрлері таза ауада атқарылады. Балалар күш салуға, киыншылықтарды женуге кабілеттенеді. Адамгершілік қаснеттерін калыптастыру үшін ецбек іс-әрекетінің ерекше м.аңызы бар.

Мектепке дейінгі педагогика балаларды енбекке тәрбиелеудің мынадай негізгі міндеттерін бөліп көрсстеді: ересектердің еңбекпен таныстыру және оған кұрметпен қарауга тәрбиелеу; қарапайым еңбек іскерлігі мен дағдыларына үйрету; еңбекке ыкыластылыкка, еңбек суйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу; еңбекті қоғамдық-бағыттау мотивтеріне, ұжымда және ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.

Балаларға еңбек іскерліктерін үйретудің мазмұны мен бірізділігін белгілей отырып, тәрбиеші олардың жас ерекшелігін, ұсынылып отырған еңбектің мазмұнына шамасы келетін-келмейтінін, оның тәрбиелік құндылығын, сондай-ақ оны ұйымдастыруға койылатын саиитарлық-гигиеналық талаптарды ескеруге тиіс.

Еңбек дағдысына үйрету барысында тәрбиеші балалардың бойында шамасы келетін нәрсенің бәрін өз бетінше дербес орындау ынтасын қалыптастырады, қажет болғанда дереу барып көмектесіп отырады. Мектепке дейінгі балалардың ұсынылған істі дербес орындауда сәтсіз әрекет жасап, содан қапаланып қалуына жол беруге болмайды, өйткені мұндай жағдайда бала өз күшіне сенбеушілік және еңбектснуге кұлықсыздық пайда болады. Мынаны есте ұстау керек: еңбек кол жеткен нәтижесімен, басқаларға келтірген пайдасымен балаларға қуаныш әкелетін болуға тиіс.

Балалар бақшасындағы балалар еңбегі алуан түрлі. Бұл олардың қызметке ыитасын сақтауға, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Балалар еңбегіпің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және кол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі ез мүмкіндіктері бар.

Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, тө-сегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т. с. с.) бағытталған. Еңбек кызметінің бұл түріпің тэрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қа-жеттігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі кызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.

Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет керсету белгілі киыншылықтарға байланысты (саусак бұлшық еттерінің жеткілікті дамығандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің киындығы, оларды жоспарлай білмеушілік, көңілінің онай бәлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесіні тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші осы балалардың өзінде-ак өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуыыа күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттенеді.

Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді.

Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту дағдылары игеріледі. Бұларға байланысты процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттерді: балалардың бойында мұнтаздық пеп тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бала басқалардың қасында тұрып өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттері мен қиыншылыктарын түсінуі тиіс.

Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек кызметінін басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде кажет. Бұл енбек үйдің ішінде және учаскеде тазалық пен тәртіп сактауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге бағытталған. Балалар-топтық бөлмеде немесе учаскеде кандай да болсын тәртіптің бұзылуын байқауға және оны өз инициативасымен түзетуге үйренеді. Шаруашылық-тұрмыстык еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондыктан онда балаларды өз қатарына камқорлықпен карауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.



Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қатысуын, табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер әсіруін көздейді. Ецбектің бұл түрінің байкағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар. Ол педагогтың балаларды дене жағынан дамыту, қозғалыстарын жетілдіру, төзімділігін арттыру, дене күшін жұмсау қабілетін дамыту міндеттерін шешуіне көмектеседі.

Қол еңбегі — алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан (ағаш бүрінен, емен жаңғағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, жүгері собығынан, шабдалы сүйегінен), қалдық материалдан, мех, кауырысын, мата қиқымдарын және т.б пайдалана отырып заттар жасау — балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, ойын атрибуттарын: қайықтар, машиналар, кәрзеңкелер, үйлер, мебельдер, жануарлар жасайды. Мұндай норселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, соларды риза ету үшін еңбектсндіреді.

Мектепке дейінгі балалардың балалар бақшасында еңбегі негізгі үш формада: тапсырма беру, кезекші ұжымдық еңбек іс-әрекеті формаларында ұйымдастырылады.



Тапсырма беру — балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін, тәжірибесін, сондай-ақ тәрбиелік міндеттерді ескере отырып, тәрбиеші оқтын- оқтын бір немесе бірнеше балаға беретін тапсырма. Тапсырма қысқа немесе ұзақ мерзімді, жеке-дара немесе жалпы, карапайым (күрделі емес бір нақты әрекеттен тұратын) немесе жүйелі әрекеттердің тұтас тізбегін қамтитын неғұрлым күрделі болуы мүмкін.

Еңбек тапсырмаларын орындау балалардың еңбекке ықыласын, тапсырылғап іске жауапкершілік сезімін калыптастыруға көмектеседі. Бала істі ақырына дейін жеткізіп, тапсырманың орындалғаны туралы тәрбиешіге хабарлау үшін алаңдамай, мұқият істеуге, ерік күшін көрсетуге тиіс болады.



Кезекшілік — балалар еңбегін ұйымдастырудың формасы, ол баланың ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған жұмысты міндетті түрде орындауын көздейді. Балалар рет-ретімен кезекшіліктің алуан.түріне тартылады, бұл олардың еңбекке үнемі қатысуын қамтамасыз етеді. Кезекшілерді тағайындау және алмастыру күн сайын жүргізіледі. Кезекшіліктің тәрбиелік зор маңызы бар. Ол баланың ұжым үшін керекті белгілі бір істерді міндетті түрде орындауына жағдай туғызады. Бұл балаларды ұжым алдында жауапкершілікке, қамқоршыл болуға, сондай-ақ оның жұмысының барлығы үшін қажетті екенін түсінуге тәрбиелейді. Кезекшілік бірте-бірте енгізіледі.

Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог балаларға олардың орындап жатқан ісінің ұжым үшін маңызды екенін үғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға камқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретінде қарайды, міндеттерін уақтылы орындағаны үшін алғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйретеді. Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.

Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тапсырма береді. Ұжымдық еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұмыстың қай түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес екенін, оларды қалай бөлісу керек екенін ескереді.

Ұжымдық еңбек процесінде тәрбиеші балалар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынастың сипатына мықтап көңіл бөледі, камкорлықтың, достықтың пайда болуына көмектеседі, қалыптаса бастаған жағдайды ескере отырып, қалай істеу керек екені жайлы акыл айтады. Жұмыс аяқталған соң педагог ұжымдық еңбектің артықшылығын атап керсетеді, бар ықыласымен еңбектенгендерді мақтайды.

Балалардың қоғамдық еңбекке үнемі қатысуы олардың ұжымды тату еңбектеніп, өз инициативасымен жолдасына көмектесе білу қасиетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тәрбиешінің балалар еңбегіне басшылығы. Балалардың еңбек тапсырмаларын орындап, кезекші міндетін атқарып, ұжымдық еңбекке қатыса алатын болуы үшін олар қажетті шеберліктерді меңгеруге тиіс. Мектепке дейінгі балаларды еңбектің барлық түрлері үшін қажетті алуан түрлі еңбек іскерлігіне үйрету сәби топтардан-ақ басталады.

Тәрбиеші нені және калай істеу керек екенін көрсетіп береді, көрсету үстінде жұмыстың тәсілдерін және оны ұйымдастыру әдістерін түсіндіріп отырады. Әрбір жаңа іскерлікке үйрету тікелей көрсетуден басталады.

Балалардың жұмысын педагогтың бақылауы мен бағалауы олардың тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін, оны жаксы орындасам деген ынтасын арттырады.

Тәрбиеші ата-аналармен жұмыстың түрлі формаларын: балалар бақ-шасындағы балалар еңбегін бейнелейтін, еңбектің маңызын және оған басшылық ету әдісін ашатын қыскаша тексі бар фотокөрмелерді; балалардыц ұсақ-түйек кермелерін; «Еңбек тәрбиесін баланың алғашқы жасынан бастау керек», «Енбек — жан-жақты даму құралы», «Мектепке денінгі балаларды енбекке тәрбиелеуде балалар бақшасы мен отбасының бірлігі» деген такырыптардағы стендерді ,және т. б. пайдаланады. Ата-аналар үшін сондай-ақ қысқаша аннотациясы бар ғылыми-көпшілік әдебиеттер, отбасындағы еңбек тәрбиесінің ең үздік тәжірибесі туралы тәрбиешілердің мақалалары іріктеп алынады.

10- тақырып. Экономикалық және эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі.

Экономикалық тәрбие ұғымы.

Экономикалық тәрбие мақсаты мен міндеттері.

“Эстетикалық тәрбие”, “Эстетикалық даму”, “Көркемдік тәрбие” ұғымдарына анықтама.

Мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеттері мен әдістемесі.

Эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз – баланың ақыл – ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымы, көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.

Бала ес біле бастағаннан – ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды. Мәселен, жылтыраған ойыншақтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнер қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады.

Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлік ретінде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезімі мен тебіренумен тығыз байланысты. әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетеліп отыруы тиіс.

Мектеп дасына дейінгі балаларға тән ерекшелік бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтін заттың шындығына сенетіндінде. Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық нышандары байқай бастайды, ол ой құрау және оны жүзеге асыру қабілетінің дамуынан, өз білімін ұғымын құрастыра білуінен өзінің ойын , сезімін, тебіренсін шынайы жеткізуінен көрінеді. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл – кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл – кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, сурет, би, драмтизация арөылы бейімдеп жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды. Жағымды эмоция туғызады, дамытады. Балалардың қабілетін дамытуда, педагогтың жеке басы мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.

Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.

Эстетикалық талғам – кең ұғым. Ол өнердің терең мағынасын, тамаша шығармаларды түсінуді, одан ләззат алуы ғана емес, табиғаттың, еңбектің тұрмытың, тұрмыстың сұлулығын түсінуді қамтиды.

Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемділігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз.

« Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» , - деп данышпан атамыз Абай ақыл айтақандай, жақсы ән – күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерді дамытады. А.В.Сухомлинский «Музыкалық тәрбие – бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» - деп тегінайтпаған. Эпос, дастан, ертегі, мақал – мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде б.з.д. жеткен халық шығармалары күні бүгінге дейін сазды - эстетикалық білім берудің пәрмені болып табылады.

Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз ойы мен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Баланың музыканы тыңдау, қабылдау есте сақтау, тану, ажырату, әнді жеке айту, қосылып айту, - саз жетекшінің шеберлігіне, іскерлігіне, білімділігіне байланысты.

М. Жұмабаев « Педагогика» атты еңбегінде: « бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер...»

Көркем өнер жайлы кемеңгер жазушы ғалым М.Әуезов былай дейді: « заман толқыны тарих теңізінің жағалуында көркем өнердің баға жетпес меруерт – маржандарын қалдырады,. Көркем өнердің міндеті – табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу».

Өмір қозғалыстарын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашан да дара, әрі таңдамалы. Оның негізінде әсемдікке эмоция білдіруі жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі өнердегі, әсемдікке, адамның мейірбан сезіміне үн қосады.



  • эстетикалық қабылдаудың, бағалауын, талғамын, бастапқыда, көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі.

  • Қоршаған ортаны көркемдеуге және мінез – құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруына арналған іскерлік дағдыларға жаттықтыру әдісі.

  • әсемдікке ұмтылып, эмоциялық – жағымды ықылас тудыратын және қоршаған дүниеден келеңсіздікке қарсы сезімін ояту әдісі.

  • Талғамы.3 жаста «мені» басталғанан өзіндік талғамы жүріп отырады.

Эстетикалық тәрбиенің мәнісі тек баланың әсемдік атаулыны көре білуге үйретуде ғана емес, сонымен бірге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдік атаулыны жасауға белсенді түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейінін табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне аударып, олардың әсем де епті қимылдарын біріге отырып бақылауы шарт, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемілігін аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделікті еңбек әрекеті мұның бәрі бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды.

Балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзінің педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезімін қалыптастыруда үш нәрсені негізге алады:

1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.

2.Ұстаз- тәрбиешінің шеберлігі, ар тазалығы, шәкірт алдындағы адал жауапкершілігі.

3.Тәрбие үрдісінің алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ мұрат, іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык және әділетті бағалау қатар жүруі шарт делінген.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет