Схоластика- өмір тәжірибесінен аулақтаған, көз алдындағыдан басқаны көрмейтін адам . Батыс Европада және орта ғасыр және Жаңа замандағы діни философиялық ілім.
Оның ойынша адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны – мектеп. Мектеп – “барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін” - адамгершіліктің шеберханасы. Мектеп – оқушылардың “адамгершілігін”, “ақылын” тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық. Ол адамның өсіп жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып бір – бірімен байланысты құрылған оқудың 4 – сатылы кезеңін, осыларға сәйкес 4 – түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.
Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – “Ана мектебі”.
6 – 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда – “Ана тілі” мектебі.
12 – 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі.
18 – 24 жатағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болуы керек деді.
Ян Амос Коменский XVII ғасырдың өзінде біртекті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.
Ян Амос Коменский оқудың мақсаты – ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді.
Ян Амос Коменский өзінің тамаша шығармасы “Ұлы дидактиканы” барлық халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.
“Ұлы дидактикада” төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді:
Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.
Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
Оқыту мен оқудың негіздері.
Тез оқудың ережесі мен тәсілдері.
“Ұлы дидактиканың” арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты дидактикалық талаптар:
Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.
Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.
Материалды біртіндеп күрделендіру.
Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.
Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.
Бала табиғатын ескеріп отыру: оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.
Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қатыстырып оқыту.
Ян Амос Коменский “Ұлы дидактикасында” педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын дидактикалық принциптерді анықтады. Оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы , оқудың негізді болуы.
Ол көрнекілік принципін психологиялық талаптармен байланыстырды.
1. Дүниетану әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе,ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керек.