Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”



бет104/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   143
Байланысты:
педагогика

30 - тақырып
ЯН АМОС КОМЕНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ


Қарастырылатын мәселелер:

  1. Ян Амос Коменскийдің өмірі мен педагогикалық көзқарасы.

  2. Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принципі, оқыту теориясы.




  1. Ян Амос Коменскийдің өмірі мен педагогикалық көзқарасы.

XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 – 1670) 1592 жылы 28 наурызда туылды.
Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт – азаттық гусит қозғалысының әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен шаруалар мен қолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдармен “Чехтық” немесе “ Богемалық туыстар” атты қауымдарын құрды.
Ян Амос Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі кейінірек сол қауымның көсемі болды.
Қауымның көмегімен ол латын мектебін, кейінірек университет бітіреді.
1620 жыл чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ең үлкен күйзеліске кезікті. Ян Амос Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылды және барлық отбасынан айрылды. Отанынан айрылған отбасы мүшелері Польшаға келіп паналады.
Ян Амос Коменский 1631 жылы “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” – деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады.
1632 жылы Ян Амос Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан “Ұлы дидактика” еңбегі жазылып бітті. Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Ян Амос Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту әдістемесін жасаумен айналысты.
1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей “Чех туыстық” қауымының басшысы болып сайланды. Осы жылдары оның “Әлемді суреттеп бейнелеу” – оқулығы, “Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары” және “Жастарға арналған мінез – құлық ережелері” – деген пеадгогикалық шығармалары аяқталды. “Әлемді суреттеп бейнелеу” - өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық кітап ХІХ ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.
1656 жылы Швед – поляк соғысы кезінде “Чех туыстығының” ең ақырғы панасы Лешно қаласы өртенді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның “Ұлы дидактикасы” 1657 жылы осында бастырылды.
Ян Амос Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде қайтыс болды.
Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік фоомацияларының аралығында өмір сүрген Ян Амос Коменский көзқарасы сол дәуірдің ерекшеліктері мен қайшгылықтарына байланысты қалыптасты.
Ян Амос Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикасына XVI – XVII ғасырдағы жаңа философияның, әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561- 1620) философиясының әсері болды.
Ян Амос Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар болды, дидактиканың принциптерін материалистік сенсуализм тұрғысынан түсіндірді.
Сенсуализм – сезімдік қабылдауды таным процесінің негізгі формасы деп санайтын таным философиялық бағыт. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды.
Ян Амос Коменский ақиқаттың бір саласы - логикалық, оның көзі - діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы – табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі байлықтың, бақыттың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Ян Амос Коменский адамға, оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, оның ақылы “Ақиқатында бүкіл дүниеде зор” – деген тұжырымға келді.
Ян Амос Коменский “Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы” – шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық құрылысты әшкереледі.


2. Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принципі, оқыту теориясы.
Ян Амос Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түріндегі идеяны қарсы қойды. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, бұл мақсатқа жетудің бірден бір жолы – деді. Ян Амос Коменский – жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. “Адам болуы үшін ол білімді алуы тиіс”. “Білімділер нағыз адам” – деді.
Бүкіл тәрбие ісі Ян Амос Коменскийше табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді. Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейінірек Ян Амос Коменский анықтаған бұл идея педагогикада Табиғатқа сәйкестік принципі” – деп аталды.
Ян Амос Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатысты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің, білімнің және оқытудың жалпы принципін іздестірді.
Табиғатқа сәйкестік принципі” оқудағы схоластикамен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарама – қарсы оқытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет