Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар. ХХ ғасырдың 80–шы жылдары Россияда жаңашыл–мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысыныњ баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болды. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс–әрекетті (сүйеніш схемалар, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материялдарды оқу және т.б. аса айрықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясын, бағытын авторитарлықтан демократиялыққа, гумандыққа ауыстырға деген ұмытушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын береді.
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А.Амонашвилиді–бастауыш класс оқушыларын эксперименталды оқытушы деп жаңашалап атау керек. Ш.А.Амоношвили өзінің эксперименталдық мектебіндегі ынтымақтастық педагогикасын, жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тішл мен математиканы, есепті оқытудың бір реттілік әдістемесін, педагогикалық іс–әрекетінің қорытындысын, өзінің тракты “О начальной ступени образования, построенного на принципах гуманноличностной педагогики” деген еңбегінде баяндаған.
Академик М.П.Иванов–коммунарлық тәрбие әдістемесінің, коллективтік істің әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А.С.Маренконың идеясын дамыта түседі. Жаңашыл–педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік коллективтік еңбек ісінің ерекшелігі–ол тұлғаның субъктивтік позициясы.
Санк–Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік–этикалық курс ретінде берудің жүргізудің біргейлі соны концепциясын жасады, ол әрбір оқушыға адам болып қалыптасуына көмектесті. Ұстаз мақсатты басшылыққа ала отырып, жас өспірімге өз күшін тексеруге, оның өзіндегі ең жақсы тұлғалық қасиеттерін айтуға, гуманизмнен адамзаттық биіктеріне әкелуге көмектеседі. Е.Н.Ильиннің әдебиет сабақтары–ол жай жұмыс емес, кестедегі сағат емес.
СССР Халық мұғалімі В.Ф.Шаталов дәстүрлі класс–сабақ тәсілімен оқытудың әліде болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытуды интенсифтендірудің технологиясын жасап практикаға кіргізеді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс–әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға , дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігін, сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл–педагог И.П.Волков творчестволықты дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырады, осыған сай тұлғаның творчестволық қабілеттері баланың оқудан тыс іс–әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады.
Қ.О.Бітібаева (Усть–Каменгорск ) практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ол үшін ынтымақтастық педагогикасы ол адамгершілік педагогикасы. Оның көптеген оқушылары өздерінің ұстазының ізін басып отыр. Олар әдебиетіз, Қ.О.Бітібаеваның ойлауынша, даналық сабағын аттап өте алмайды.
Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын, жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б Эльконин –В.В. Давыдов,Л.В.Занков, Г.С. Альтшуллер және т.б.) Дамытатын оқыту белсенді іс–әрекеттенген оқыту типі. Дамытатын оқыту дамудың заңдылықтарын ескеріп қолданады, индивид деңгейі мен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына дем береді, бағыттайды және тездетеді, баланы толық құнды іс–әрекеттің субьектісі ретінде бағалайды.
Жаңашыл педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болады, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негізделген.Н.А.Зайцевтің технологиясының мәні сонда, ол оқу процесін бала дамуының табиғаттың негізіне сүйене отырып, қатынас және іс–әрекет арқылы, болатын танымдық күшін жан –жақты үдетуге арқылы жасайды.
“Преемственность ” бағдарламасының авторы В.Н. Зайцев бастауыш мектептегі жалпы оқу біліктерін дамыту технологиясын негіздеді. Бұл технологияның негізінде –дигностика және өзін–өзі диагностикалау, сабақтастық, білім дамуында жеткен денгейді тұрақты қолдау жатыр.
Қазіргі замандағы білім беру технологиялары компьютерлік оқыту (жаңа информатиктік ) технологиясы жатады.
Компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар, информациялық технологиялар алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.
Дистанционалдық білім беру жүйесі университеттердің ғылыми және білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін толқ мүмкіндік береді.
Дистанционалдық білім беру (Д.Б.б) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болады, ол әртүрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.
Біздің республикамызда 1998 жылдан бастап иесі аталған мектептер кеңінен Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі бекіткен “Республикалық иесі аталған мектептердің ережелері ” негізінде ашылды. Олар СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев, Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнермектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьевнаның мектебі, бастауыш классатрының мұғалімі Мор Галина Яковлевнаның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі Республикалық иесі аталған мектептердің мақсаты тұлғаның өзін –өзі көрсетуге ең жақсы режим жасау, оқытудың бірегейлі және тиімді “технологиясын” іздеуге қолдану жасау болады.